400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін сабақта жайлылық жасау стратегиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін сабақта жайлылық жасау стратегиялары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін сабақта жайлылық жасау стратегиялары

Қазіргі заманда білім беру жүйесі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚБ) білім алушыларға бағытталған түрлі стратегияларды қолдануға мүмкіндік береді. Бұл балалардың оқу процесте әдеттегі әдістермен салыстырғанда ерекше тәсілді талап етеді, олардың физикалық, психологиялық, немесе позитивтық дамуы стандартты деңгейден өзгеше болуы мүмкін. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға жайлы оқу ортасын қамтамасыз ету – мұғалімдердің басты міндеттерінің бірі. Бұл эсседе сабақта ЕБҚБ білім алушылар үшін жайлылық жасауға бақытталған.

Оқу орнындағы жайлылық балалардың барлығына қажет, бірақ ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін бұл өте маңызды. Сабақ өтетін бөлме жайлы, тыныш және оқуға бейімделген болуы тиіс. Егер физикалық тұрғыдан қиындықтар сезсе, онда сыныптағылардың орнын өзгерту немесе ыңғайлы креслолар, үстелдер ұсыну маңызды. Сонымен қатар, түрлі оқу материалы құралдарын қолдану, мысалы, суреттер, дыбыстар немесе тактильді элементтер, ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға өте қажет.

Біріншіден, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен қарым-қатынас жасау әдістері мұғалімнің біліктілігіне және педагогикалық шеберлігіне байланысты. Мұғалімдердің сөздері, дауыс ырғағы – бұл барлық элементтер балаға ерекше әсер етуі мүмкін. Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді әр баланың қабылдау деңгейіне сәйкес бейімдеу керек. Мысалы, спектр аутизма бұзылған балаларға визуалды сигналдар мен қысқа нұсқаулар арқылы сабақ түсіндіруге болады. Сонымен қатар, мұғалімнің сабырлы және түсінікті сөйлегені де оқушылардың сабақты жақсы қабылдауына әсер етеді.

Екіншіден, ЕБҚБ білім алушыларды оқытқанда, әртүрлі әдістерді қолдану маңызды. Оқушыларға көрнекілік қанық, түрлі-түсті болу міндетті. Өйткені ерекше білімді қажет ететін оқушылардың қызығушылықтарын оятып, олардың оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Бұндай көрнекіліктер ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қажетті мотивация мен өзіндік сенімділік береді. Құралдар мен әдістердің көптүрлілігі оқушының назарын ұстап тұруға және оның жеке қажеттіліктеріне сай білім беру процесін тиімді етуге мүмкіндік болады.

Үшіншіден, ЕБҚБ алушылардың оқу процесінде тұрақты түрде кері байланыс алу маңызды. Бұл балалар өздерінің жетістіктері мен кемшіліктерін түсініп, дұрыс бағытта дамуға мүмкіндік алады. Мұғалімдер әрбір оқушының жетістіктерін бағалап, оған қолдау көрсетіп, өзіне деген сенімділікті арттыруы тиіс. Оқушыларға өз жетістіктері мен мүмкіндіктері туралы нақты және түсінікті кері байланыс беру оларды мотивациялайды және оқуға деген қызығушылығын оятады.

Қорытындылай келе, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін сабақта жайлылық жасау – бұл тек физикалық емес, психологиялық және әлеуметтік жағдайларды да қамтитын процесс. Мұғалімдер әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды қолдап, білім беру процесін барынша қолайлы және тиімді ету керек. Бұл стратегиялар оқушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді және оларды қоғамда белсенді болуға тәрбиелейді.





Балхибекова Жадыра Елубаевна

Б. Садықов атындағы жалпы білім беретін мектебінің

логопед-дефектолог маманы









Дата и время: 28.02.2025 07:32:15

Уникальность: 97,57

Заимствования: 8,43

97 %

https://killer-antiplagiat.ru/order/getcheckunique?uid=67c13c39d3ca7




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
06.10.2025
41
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі