Ерекше
білім беруге қажеттілігі бар балаларды
тәрбиелеуде ата-ананың алатын орны
Қазіргі
қоғамда адам баласының толық бақытты
болуына негізгі бес нәрсе тікелей
қатысты.
Бұл:
ата-анасының жақсы адамдар болуы; жақсы
ұстазға кездесуі; мамандықты дұрыс
таңдауы; лайықты жармен одақтасуы; өз
балаларының болуы.
Шындығында,
бұл факторлар тек өз отбасында ғана
емес,өмірде адамның өзін шын бақытты
сезінуіне, қабілеті мен мүнкіндіктерін
іске асыруына, өмірде өз қолтаңбасын
қалдыруына қозғаушы күш іспетті.Әрбір
адамның отбасы маңызды рөлге ие. Ең
алдымен тұлға ретінде дамып келе жаткан
бала үшін обасының маңыздылығы зор.Ол
үшін отбасы- оның әлеуметтік дәрежесіне,
денсаулығының жағдайына және тағы басқа
да ерекшеліктеріне қарамастан оны жақсы
көретін ең жақын адамдар.Отбасы
түсініспеушілікпен аяушылық білдіре
алатын, көмек қолын созатын, кез келген
мәселені бірлесе шеше алатын ошақ.
Баланы
жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге күш
салатын қазіргі заманда үш тірек бірлесе
отырып, тығыз байланыста жұмыс жүргізу
қажет.
Олар:
ата-ана, тәрбиеші,бала. Осы үштік өзара
бірлескен жағдайда ғана жеке тұлғаны
жан-жақты дамытып,балаға нәтижелі тәрбие
беріледі.
Отбасы
– адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.
Себебі, адам баласы шыр етіп дүниеге
келген күннен бастап, сол ортаның
ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына
көніп, осында ер жетеді.
Жалпы
тәрбиенің негізгі ұстанымы қандай
болмақ?
Тәрбие
дегеніміз адамды қайда жүрседе өз орнын
таба алатын,ықпал ету, көмек
көрсету,жанаршырлық таныту сияқты т.б.
адами мүнкіндіктерге ғана қол жеткізу
ғана емес,сондай-ақ, өзі өмір сүрер
ортада тұлға ретінде танылып, бақытты
отбасын құра білетін адам дайындау.
Әке
– шаңырақ иесі.Анасы – отбасының
ұйытқысы.
Ата
– беделі жағынан әкеден жоғары,отбасының
тірегі..Әже -жанұядағы қарым – қатынасты
реттейтін, отбасының алтын қазынасы
Осы мүшелер бірігіп толық отбасы
құрайды.Толыққанды отбасында тәрбиеленген
баланың инабатты да, иманды болып өсуіне
ешкім де күмән келтірмек емес.
Адам
өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның
келешегіне сенімділігі – баланың
ата-анасын ардақ тұтып,өзінің перзенттік
қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.
Ал,
нәрестенің өмірінің нәрі – ана сүті.
Халқымыздың байырғы ұғымында баланың
анасы алдындағы парызын өтеуі «ана
сүтін ақтау» деп атлады.
Отбасы
баланы әлеуметтендірудің алғашқы
институты ретінде баланы жеке тұлға
ретінде қалыптастыруның физикалық,
психикалық, адамгершілік саулығының
негіздерін қалайды және баланың
жетістіктерге қажеттілігін қалыптастыра
отырып,өзіне-өзі қызмет етуге және
жақындарына көмектесуге бағытталған
қолданбалы дағдылар мен іскерлікке
үйретеді.Бала тәрбиесіндегі отбасының
негізгі міндеті осылыр болмақ.
Ел
басымыз Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі таңда
мемілекетіміздің басым бағыты ретінде
анықтап берген стратегиялық бағдары
бойынша, әр мемілекет басшысының жаңа
әлеуметтік саясатты қалыптастыруға
негізделген «Болашақтың іргесін бірге
қалаймыз!» атты Жолдауына сәйкес
қоғамдағы әлеуметтік қолдауы бір сәтке
болсын толастатпай, балаларды білімін
арттыру үшін тынбай еңбек ету парызымыз.
Ал, ерекше білім беруге қажеттілігі бар
бүлдіршіндеріміз осы қоғамның мүшесі,
әрі ертеңі. Сондықтан да олар еш уақытта
ұстаздар назарынан тыс
қалмайды.Осылайша,ұстаздардың қолдауына
мұхтаж балаларды үнемі қолдап отыр
тұрғысында жүргізіліп жатқан жүйелі
жұмыстар тізбегі тоқтамақ емес.Әсіресе
отбасының қамқоры мен тәрбиесінің
маңызы зор. Бұл тәрбиеде педагогпен
тығыз байланыста жүргізіледі және
педагог бағыт-бағдар беріп отрады.
Бала
алғаш ата-анасының тәрбиесінде болады.Сол
себепті ерекше тәрбиені қажет ететін
баласы бар ата-аналарға арналмақ.
Ерекше
білім беруге қажеттілігі бар балаларды
тәрбиелеп отрған отбасы үшін
түзету-баулу,өтемдік және сауықтыру
функцияларын орындау өте маңызды.Бұл
функциялардың басты мақсаты- баланың
психофизикалық және әлеуметтік дәрежесін
қалыптастыру, материялдық тәуелсіздікпен
әлеуметтік бейімдеуге қол жеткізуге
қамтамазыз ету.Дегенмен, отбасындағы
мұндай функциялар кең көлемде факторлардың
әсерінен бұзылуы мүмкін: отбасы
мүшелерінің жеке бас ерекшеліктері мен
олармен қарым – қатынасын, отбасы
өміріндегі кейбір жағдайлар, отбасы
құрылымының бұзылуы және т.б.
Отбасының
фунциясымен құрлымы өмірлік іс-әрекеттердің
этаптарымен өзгеріп отруы мүмкін.
Ерекше
білім беруге қажеттілігі бар балаларды
тәрбиелеп отырған отбасылардың өмірлік
кезеңінің негізі баспалдақтарын
карастырып өтейік:
-Баланың
дүниеге келуі:
патологиясы туралы мәлімет алу,берілген
мәселені эмоционалды қабылдау және
төзе білу, отбасының өзге мүшелері мен
жақын адамдарды хабардар ету.
-
Баланың
мектепке дейінгі кезеңі:
мамандармен өзара әрекеттестік, оқыту
формасы туралы шешім қабылдау,емделуі,
сауықтыруы, баланы оқыту және тәрбиелеу.
-Баланың
мектептік шағы: мамандармен
өзара әрекеттестік,оқыту формасы туралы
шешім қабылдау, оқытудың ұйымдастыруды,баламен
қарым- қатынастығын шешу.
-Жеткіншектік
жас:
мамандармен өзара әрекеттестік, баланың
табиғи созылмалы ауруына дағдылануы,
құрбы-құрдастарының бөлектеу мәселелерін
шешу, баланың болашағын жоспарлау.
Бала
тәрбиесі негізгі отбасында қалыптасады.Демек
баланың келешекке қандай адам болуы,
ең алдымен өзі туып өскен отбасында
алған тәрбиеге ондағы қалыптасқан
қарым- қатынасқа байланысты.
Әр
бір бала үшін өз ата-анасынан артық
ешкім жоқ, олар ең ақылды, күшті,әдемі.Әсіресе
сәби шақтағы ата-ананың бала алдындағы
беделі ерекше. Ата-ананың айтқан сөзі,
істеген ісінің дұрыстығына сенгендіктен
балалардың «мамам айтты», «папам осылай»
деді деген сөздерінен байқауға болады.
Бала
әр ісіне, қылығына түсінікпен қарап,
балаңыз бауыр етіңіз, елжіреп тұрасыз,
жаным менің қуанышым, ботам келді т.б.
деген сөздер балаңыздың жанын жадырата
түседі.
Ерекше
білім беруге қажеттілігі бар балаларды
тәрбиелеп отырған отбасында ерекше
жағдай мен ахуал қлыптасады. Алдымен
ата-анаға байланысты жүзеге асады.
Балаға деген туыстарының қарым-қатынасы
негізінде баланың болашағындағы
қасиеттер дамиды (махаббат пен сүйспеншілік
немесе керсінше жеккөррушілік) қорыта
келе баланың өмірге деген көз қарасы
отбасынан басталады. Баланың тәрбиесі
алғашқы ірге тастың қалануымен әрі
қарай дамымақ. Сондықтан ерекше тәрбиені
қажет ететін балаларды тәрбиелеу ерекше
мән беріп тәрбиелеу қажет. «Бала тәрбиесі
бесіктен басталады» деп атам қазақ
бекер айтпаса керек.