Жоба тақырыбы:
«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балалармен
кәсіптік бағдарлау
жұмысы»
Жобаның
мақсаты:
-
Мамандық таңдауда
жауапкершілікті қалыптастыру.
-
Мамандық таңдауына
көмектесу,бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау
көрсету.
-
Мамандық әлемінен ақпараттар
алу.
-
Қазіргі заманның тапшы
мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай
бағыттау.
Жобаның
міндеті:
-
Өзін-өзі тәрбиеленуіне жол
ашу.
-
Танымдылық белсенділігін
арттыру.
-
Өзінің кәсіби дамуын жобалай
білетін қабілетін дамыту, ой-өрісін
кеңейту.
Күтілетін
нәтиже:
-
Өзінің қоғамға қажет екендігі
және өз бетімен өмір сүре алатындығына сенім
қалыптасады.
-
Өзінің қызығушылығын,
икемділігін, болашағын сезінеді.
-
Алға ілгерлеу, талпыну
қасиеттері дамиды.
Жобаның
жоспары:
І.
Кіріспе
Ерекеше білім беру
қажеттіліктері бар балалармен кәсіптік бағдарлау жұмысы туралы
түсінік беру.
ІІ.Негізгі
бөлім
ІІІ.Қорытынды
І.Кіріспе. Тақпақ
Әзір ас жоқ
дүниеде,
Сабақ өзі
оқылмайды.
Көйлек өзі
тоқылмайды,
Тұқым өзі
себілмейді.
Үйлер өзі
салынбайды,
Кендер өзі
табылмайды.
Кітап өзі
жазылмайды,
Барлық батыры
–біз,
Екі қол мен
ақылымыз!
Мамандық алғың келе
ме,
Мамандық өзі
немене?
Айналам толған
мамандық,
Айналам толған
өнеге!
ІІ.Негізгі
бөлім
Мамандық-адамның арнаулы
білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек
іс-әрекетінің түрі.
Ерекше білімді қажет ететін
балалармен кәсіптік бағдарлау жұмыс барысында мамандық алудың 5
баспалдағын жоспарлап алдық.
1.Арман
(тілек)
2.Көз жеткізу
(қажеттілік)
3.
Жоспарлау.
4.Әрекет.
5.
Игеру.
Әр адам қайталанбас тұлға
болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық
қарым-қатынасқа құқылы. Ерекше оқытуды қажет ететін баланы
әлеуметтік ортаға енгізу – әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне
және баланың өз жағдайына қарай білім алу және ортасына бейімделуін
қалыптастыру.
Слайдқа назар
аударайық
1.Арман(тілек)
1. Бала арманы заң қызметкері
болу соның ішінде полиция
Ал, туындайтын
сұрақ.
Бұл мамандық иесі болуға
зиятының бұзылысы бар балалар таңдау жасай алама? - Әрине, мүмкін
емес.
2.Қыз бала арманы дәрігер
болу. Бұл да мүмкін емес.
Өйткені, өкінішке орай бұл
біздің тәрбиеленушілеріміз үшін орындалмас бала
арман.
2.Көз жеткізу
(қажеттілік)
Слайд. Жұмбақ
1.Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер
емес бірақ ол
Дәм мәзірін қаласаң, Алға
ұсынып тұрады ол....(аспазшы)
2.Өскен шашты
жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын....
(шаштараз)
3.Ағашқа нағыш сап, әсемдеп
сәндейді.
Ағаштан оюлап, бұйымды
жасайды.
Оны біз кім дейміз?.... (ағаш
ұстасы)
4.
Өрнектеп, сәндеп,Тігістерін
бүгетін.
Солпысын
жөндеп, Кім көйлек
тігетін......? (Тігінші)
Жұмбақ жасыра отырып,
тәрбиеленушілерге бағыт бағдар беру, мамандық түрлерімен таныстыру
арқылы дұрыс шешім қабылдап, мамандық таңдауға жол
көрсету.
3.
Жоспарлау.
Мүмікдігі шектеулі балаларды
болашақта, қоғамда өз орынын табу үшін алаға мақсат қоя отырып
жоспарлау.
-
Білім
алу.
-
Талпыну.
-
Іздену.
-
Еңбек
ету.
Осы 4 қағиданы ұстана отырып
әрекет ету.
5.Әрекет. «Менің жарқын
болашағым»
Болашақ... бұл сөзді естігенде көз
алдымызға тәуелсіз елімнің, балаларымыздың бақытты келбеті
елестейді. Өзімді ерекше білімді қажет ететін балаларға кәсіптік
бағыт бағдар білім беру арқылы, қажетті мамандықты таңдауға,үлкен
азамат, азаматша болып, ата-ананың үкілі үмітін ақтағандай
сезінеміз. Әрине, бұл біздің қиялымыздан туған болашақ. Өйткені
өмірде сан қилы жағдайлар болады, соған қарамастан мектеп-интернат
тәрбиеленушілері өз өмірін дұрыс қалыптастыра білуі тиіс деп
ойлаймыз. Мектеп-интернат
тәрбиеленушілерінің жарқын болашағын ақ қағазға
бейнелеп шығарайық
5.
Игеру.
Біз, тәрбиеленушілерге бағыт
бағдар бердік, жоспарладық, қажетті мамандық түрлерімен
таныстырдық, әрекет жасауға жол көрсеттік, алдағы уақытта осылардың
бәрін игеру балалардың өз
құзіреттілігінде.
ІІІ.Қорытынды.
Міне біздің
бүгінгі «Ерекше білім беруге
қажеттілігі бар балалармен кәсіптік бағдарлау жұмысы» туралы
жобамызды қорыта келе, мын әдемі өлең жолдарымен
аяқтайын.
Талмасын қанат, сөнбесін
үміт,
Армандар алға
жалғансын.
Соқса да дауыл, өрт болып
өмір
Қанаттар балғын
талмасын.
Жандары қаламайтын
аласаны,
Өрендер алда талай бел
асады,
Әлемге туған халқын
танытатын,
Шәкірттер –еліміздің
болашағы!