400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған "Ақылдылар алаңы" атты сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақылдылар алаңы» интеллектуалдық ойыны

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушылар және әділ-қазы мүшелері. «Ақылдылар алаңы» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.

1-топ: «Зеректер» тобы.

Топ мүшелері:


2-топ: «Алғырлар» тобы

Топ мүшелері:

3-топ: «Жүйріктер» тобы

Топ мүшелері:



Бүгінгі сайыс 3 кезеңнен тұрады.


1-кезең: «Бәйге»

2-кезең: «Миға шабуыл»

3-кезең: «Суреттер сыры»

1-кезең «Бәйге» деп аталады, яғни бұл кезеңде 10-60 дейінгі сандар көрсетілген, сұрақтардың күрделілігі ұпай сандарымен сәйкес келеді. Әр топқа екі ұяшықтан беріледі. Демек, үлкен сан болса сұрақ та сәйкесінше күрделі болады. Ойын шарты түсінікті болса, 1-кезеңді бастайық.


10 – ұпай: Ең үлкен бір таңбалы санға 1-ді қосқанда неше болады? (10)

10 – ұпай: 1 килограмм мақта ауыр ма, 1 килограмм алма ауыр ма? (тең)

10 – ұпай: Мың санында неше нөл бар? (үш)


20 – ұпай: Қазақтың ұлттық ойындарын ата

20 – ұпай: Ы.Алтынсарин кім?

20 – ұпай: Туған жер туралы мақал-мәтел айт


30-ұпай: Адамда қанша бұлшық ет бар? (620)

30-ұпай: Өсімдіктің мүшелерін ата (жапырақ, тамыр, сабақ, гүл, тұқым)

30-ұпай: Жануарлардың тіршілігін зерттейтін ғалымды ата (зоолог)

(

1-кезең «Бәйге» кезеңін аяқтадық. Келесі кезең «Миға шабуыл» кезеңі. Бұл кезеңнің шарты әр топқа жедел сұрақтар қойылады, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Уақыт аяқталғанша неше сұраққа дұрыс жауап берілді, сонша ұпай есептелетін болады. Бұл жерде жылдамдық және дұрыс жауап қажет болады. Өкінішке қарай бұл кезеңде қарсылас командалар жауап бере алмайды. Дайын болсаңыздар бастайық, алдымен









1-топ «Зеректер» тобы бастайды.


  1. Қалтасы бар жануар? (кенгуру)

  2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді (3)

  3. Білім күнін ата (1 – қыркүйек)

  4. 1 жылда неше мезгіл бар (4 мезгіл)

  5. Әкеңнің анасы саған кім болады? (Апа)

  6. 25+15 мәні? (40)

  7. Диалог дегеніміз не? (Екі адамның сөйлесуі)

  8. Уақытты өлшейтін құрал (Сағат)

  9. Таразымен нені өлшейді? (заттарды)

10.әкеңнің анасы саған кім болады? (апа)



2-топ «Алғырлар» тобына кезек берсек.


  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)

  2. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)

  3. Аналар мейрамы қай күн? (8 наурыз)

  4. Шөлге төзімді жануар (түйе)

  5. Жаңбырдан кейін шығады? (кемпірқосақ)

  6. Қазақтардың бұрынғы заманғы үйі? (киіз үй)

  7. 15+45 мәні? (60)

  8. Күз айларын ата (қыркүйек, қазан, қараша)

  9. Сызғыш не үшін қажет (өлшеу үшін)

10. әкеңнің әкесі саған кім болады? (ата)


3-топ «Жүйріктер» тобына кезек берсек


  1. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)

  2. Бойы ұзын жануар (керік)

  3. Тәуелсіздік күні қашан атап өтіледі? (16-желтоқсан)

  4. 35+15 мәні? (50)

  5. Жұлдыздарды көруге арналған құрал (Телескоп)

  6. Қыс айларын ата (Желтоқсан, қаңтар, ақпан)

  7. Орман дәрігері (Тоқылдақ)

  8. Сөмкенің салмағы неше кг болу керек? (3кг)

  9. Литрмен нені өлшейді?

10) анаңның анасы саған кім болады? (нағашы апа)


Ендеше, сайысқа қатысушылар осымен «Миға шабуыл» кезеңін аяқтадық. Келесі 3-кезеңге кезек берсек. Бұл кезең «Ойлы болсаң озып көр» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты смайлик арқылы қандай сөз жасырынғанын табу керек. Дайын болсақ бастайық. Ескерту, бұл кезеңде қарсылас топ менің «Қарсыластар» деген сөзімді естіген кезде ғана жауап бере алады. Ойын шартын бұзбаймыз.


Келесі кезең «Суреттер сыры» кезеңі. Бұл кезеңнің шарты бойынша әр топқа экранға суреттің бір бөлігі шығады, оқушылар топпен ақылдасып, бейнеленген суретті табады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.



Бүгінгі «Ақылдылар алаңы» интеллектуалдық сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазы мүшелері қорытынды шығарып, нәтижесін дайындағанша әнге кезек берсек.











































































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12.12.2024
289
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі