Материалдар / "Ерекше білімді қажет ететін балаларға түзете-дамыту сабақтарының мазмұны"

"Ерекше білімді қажет ететін балаларға түзете-дамыту сабақтарының мазмұны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше баламен жұмыс жасау жолдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2024
213
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ерекше білімді қажет ететін балаларға түзете-дамыту сабақтарының мазмұны»

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев.


Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңестігіне кіру үшін мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр. Моның бірі- Инклюзивті білім беру.

Инклюзивті білім берудің мақсаты:

Ерекше білімді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен бірге оқыту. Дінге, шығу тегіне, әлеуметтік жағдайы мен физиологиялық жағдайына қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім бері жүйесі болып табылады.

Инклюзивті білім беру жүйесінің мақсаты:

  • Балаларды психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық қолдау;

  • Қоғамның көзқарасын өзгерту;

  • Өз қатарластарымен тіл табыса білуге үйрету;

  • Өз-өзіне сенімін арттыру:

Біздің № 11 бөбекжаймызда қәзіргі таңда 2 бала ерекше білімді қажет етеді. Бұл балалардың психологиялық дамуы тежелген, жалпы сөйлеуі бұзылған. Бұл балалармен әр маман өз бағыттары бойынша жұмыс жасайды. Бұл біріккен қызметтің басты мақсаты- ерекше қажеттілігі бар балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

Менің тақырыбым түзете-дамыту сабақтарыныың мазмұны болғандықтан, түзете-дамыту бағыттарына тоқтала өтсем:

Түзете-дамыту жұмыстары мынадай бағыттарда жүзеге асады:

  • Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар;

  • Сенсорлы қабылдауды дамыту (уақыт кеңістігін, пішін мен көлем, түстерді қабылдауы);

  • Салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы операцияларын қалыптастыру;

  • Зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануын дамыту;

  • Көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;

  • Психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Түзете-дамыту сабақтарымды мен жеке баламен баланың зейін тұрақтылығына және төзіміне байланысты 20 минут көлесінде өтіземін. Менің жеке баламен жұмыс жасаған шағын видео роликке көз жүгіртсек, яғни бұл видеода көріп отқандарыңыздай барлық құрал-жабдықтар үй жағдайында бар заттар. Бұл жұмысты ата-ана үй жағдайында жасай алады:

Неліктен үйде жасай алатын жұмыс?

  • Өйткені бұл жаттығуларды жасау үшін баланың эмоционалдық жағдайы қалыпты,көңіл-күйі орнықты болуы тиіс.

Үйдегі жұмыстың тиімді жағы:

  • Бала психолог маманына қарағанда, анасымен өзін еркін және сенімді ұстайды және анасының көрсеткенін бала тез қағып алады.

  • Маман баламен жаттығу жасайды да, бірақ арнайы шектелген уақыттан соң сабақ аяқталады. Ал анасы кез-келген уақытта баласына түзете-дамыту жаттығуларын жасата алады. Соның арқасында балаға уақыт бөлу арқылы- қызықты ойын, сапалы уақыт өтеді. Бұл арқылы балада зейіннің бір жерге шоғырлануы мен танымдық қаблеттері жақсы дамиды.

Былтырғы жылы яғни 2023 жылы ата-анамен осындай тығыз жұмыс жасау нәтижесінде біздің бөбекжайымыздың 1 баласы өте жақсы нәтижеге жетіп, бала өзін құрдастарының арасында еркін ұстап, балалармен бірге сабаққа белсене қатысып, қәзіргі таңда жалпы білім беретін мектепте оқуда.

Қорытындылай келе педагог-психолог маман ретінде ерекше қаблеті бар тәрбиеленушінің оқу процесіне бейімделуіне, әлеуметтік ортаға сіңісуіне қолдау көрсету. Ал, психологиялық түзете-дамыту сабақтары тәрбиеленушінің танымдық қаблеттерін дамытуға, оның сөздік қорын молайтуға, ересектермен қарым-қатынасқа түсу қаблетін дамытуға септігін тигізеді.

Құрметті әріптестер, әрбір адамның өмірде өз орны бар. Бәрі біздің қолымызда , тек біз балалар өмірінде еш қиындықсыз ата-анасының мейіріміне бөленіп, өз орнын табуға, өмірге тез бейімделуге көмектесуіне осындай жұмыстар жүргізу арқылы ықпал етіп отырумыз керек деген ой түйемін.

Қәзіргі таңда елемізде бастау алған инклюзивті білім беру стратегиясын жүзеге асыру мақсатында ашылып отырған ресурстық кабинеттердің маңызы өте зор. Осындай ресурстық орталықтар еліміздің барлық аймақтарынан ашылса екен...

Ойымды түіндей келе балаға жас кезінде берілген тәрбие, жас қайыңды игендей-дейді. Олай болса «теңізге тамшыдай тамып, жәрдеміміз тиіп жатса біз ешнәрседен аянбай қиында, қызыққа толы ұстаздық жолда ерінбей еңбек етіп, еңбегіміздің жемісін көре білейік!!!»

11 бөбекжайы

Педагог-песихолог Турганова Диана Маратқызы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ