Тақырыбы: Ерекше білімді қажет ететін оқушылар мен ата-аналарына арналған психологиялық ойын.
Сабақтың мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, тексеру; Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Ата-ана мен мектеп, пән арасындағы қарым-қатынасты дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жанұялық танымдық ойын.
Әдіс –тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үнтаспа.
Жүргізілу барысы: I. Кіріспе сөз.
Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздер «Жылы жүрек-жақсы қасиет» атты жанұялық ойынға жиналып отырсыздар. Бұл ойынды өткізу мақсатымыз оқушылардың осы уақытқа дейінгі меңгерген білімдерін пысықтау, қорытындылау. Сонымен бірге ата-ана мен мектеп, оқушы мен пән арасындағы қатынасты қалыптастыру болмақ.
Шаттық шеңбері. Ойнымызды бастамас бұрын осы шаттық шеңберінде өз есімізді айтып және бүгінгі сабағымыз сәтті әрі көңілді өтуі үшін бір-бірімізге жақсы тілегімізді білдірейік. Сіздерге сәттілік тілеймін.
Ойын шартымен таныстыру. Ойынымыз 6 бөлімнен тұрады: «Кім жылдам?», «Аяқталмаған мақал-мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтау», «Жұмбақ шешу», «Құрастыру», «Саяхатқа бірге шығайық» тренинг, « Логикалық ойлауды дамытуға байланысты сұрақтар».
-
II. Негізгі бөлім.
Кім жылдам? Сұраққа тез, толық жауап берген топқа ұпай қосылады:
Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
Төрт түлік малға нелер жатады? (қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы)
Қазақтың батыр қыздары (Әлия мен Мәншүк)
2011 жылы Қазақстанда қандай ойындар өтті? (Азиада ойындар)
Қазақ әліпбиінде неше дауыссыз дыбыс бар? (25)
16желтоқсан қандай мереке (Тәуелсіздік күні)
Отанды сүю неден басталады? (Отбасынан)
Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
Аяқталмаған мақал-мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтау:
Сабырлы жетер мұратқа, ... (Асыққан қалар ұятқа);
Жақсының ашуы-шайы орамал кепкенше, .... (жаманның ашуы- басы жерге жеткенше);
Әке көрген оқ жонар- ....(шеше көрген тон пішер);
Туған үйдің ... (түтіні жылы);
Мақтаншақ бар ақылын..... (мақтанумен тауысады);
Баланың білегі ауырса, ....(ананың жүрегі ауырады);
Үлкенді сыйласаң- ... (қадірлі боласың);
Кішіні сыйласаң- ... (құрметті боларсың)
Жұмбақ шешу
Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш)
Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың
Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп)
Тақылдатып таңдайын
Уақыттан бір қалмайды (Сағат)
Бір таудың екі күзетшісі
Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар. ( Көз, құлақ, тіл)
«Саяхатқа бірге шығайық» тренингі
Мақсаты: Топтағы балалардың бір –бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату.
Жүргізілуі:Көңілді әуен ойнап тұрады.Әуен қосылған кезде барлығымыз ортада билейміз, әуен тоқтаған кезде барғымыз кемеге отырамыз. Солай ойын жалғасады.
Логикалық ойлауды дамытуға байланысты сұрақтар:
Бір адамның орташа туған күні болады? (1)
Сиыр неге жатады, содан соң тұрады, біраздан қайта жатады? (Өйткені отыра алмайды)
Төрт бұрышты үстелдің бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады? (5)
Кім барлық тілде сөйлейді? (Жаңғырық)
Терезе мен жақтаудың арасында не тұр? (Мен жалғауы)
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алады. Олардың қаншасы қалды?(Түйеқұс ұшпайды)
Қандай сағат бір күнде 2мезгілді де дәл көрсетеді. (Сынған сағат)
Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? (Мысық)
Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? (Аспан суреті судан көрінген кезде)
Сізді аю қуып келеді және жетуге аз-ақ қалды. Алдыңнан бір бөшке қара май мен бір бөшке бал кездесті. Қайсысына тығыласыз? (Ешқайсысына, өйткені аю сізді не қылады, бал толы бөшке тұрғанда)
Кейбір айда 31күн, кейбірінде 30, ал қанша айда 28 күн бар? (1 айда, ақпан)
Қорытынды: жеңілпаздарды марапаттау
- Осы күлімдеген күннің шуағындай жүздеріңіз жайдары, жүректеріңіз тек мейірімділікке, махаббатқа, адалдыққа, сүйіспеншілікке толы болсын,-деп өз тілегімді білдіргім келеді.
Жүректен-жүрекке. Біздің дәстүрлі әдісіміз «жүректен-жүрекке» деп аталады. Қазір бүгінгі сабағымызға ризашылықтарыңызды білдіріп, қолдарыңыздағы әдемі гүлдерді сабағымызға қатыстырып отырған мұғалімдерге сыйлаңыздар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ерекше білімді қажет ететін оқушылар мен ата-аналарына арналған психологиялық ойын.

шағым қалдыра аласыз