Материалдар / Ерекше күтімді қажет ететін үй жағдайындағы өсімдіктердің өсіп дамуына фитогармондардың әсері

Ерекше күтімді қажет ететін үй жағдайындағы өсімдіктердің өсіп дамуына фитогармондардың әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2023
210
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Жетісай ауданы



Орындаған: «№ 64 Мақталы жалпы орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің 10 сынып оқушысы

Абай Айдана








Тақырыбы: Қанттың бала денсаулығына

пайдасы мен зияны






Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан – 2050 стратегиясын іске

асырудың негізі





Жетекшісі: Зулфибекова А





Секциясы: Биология





2018-2019ж.



Оңтүстік Қазақстан облысы

Жетісай ауданы

«№64 Мақталы

жалпы орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің

10 сынып оқушысы

Абай Айдананың

Қанттың бала денсаулығына

пайдасы мен зияны- тақырыбында

жазған жұмысына



П І К І Р



«№64 Мақталы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 сынып оқушысы Абай Айдананың «Қанттың бала денсаулығына пайдасы мен зияны» - тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңдағы ең өзекті проблемалардың бірі.

Бұл ғылыми жобада қанттың адам ағзасына, денсаулыққа әсері егжей – тегжейлі зерттелген. Ғалымдардың жүргізген таң қаларлық сараптамаларының нәтижесін көрсете білген. Қант ауыр ауруларды қоздыратын, сондай-ақ жаралардың тез емделуіне кедергі келтіретін бактерияларды залалсыздандыра алатын қанттың керемет қасиетіне тоқталған. Қант қызылшасынан және қант қамысынан алынған қант түрлерін ашып көрсеткен.Қанттың пайда болу тарихын жазған.

Бұл 10 сынып оқушысы Абай Айдананың «Қанттың бала денсаулығына пайдасы мен зияны» - тақырыбында жазған ғылыми жобасы аудандық ғылыми жобалар байқауында ұсынуға болады.









Жетекшісі: Зулфибекова А









Аннотация


Бұл ғылыми жобада қанттың адам ағзасына, денсаулыққа әсері егжей – тегжейлі зерттелген. Организмнің толық дамуына қажетті бір тәуліктегі қанттың мөлшерін зерттеген.

Оқушы осы тақырыпта жұмыс жасап, қанттың адам ағзасына келтіретін пайдасы мен зиянын зерттеу барысында анықтағаны, көп мөлшерде қолданған қант адам ағзасында жүрек қан тамырлары ауруын туғызатынын дәлелдеген.

Оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген.




Аннотация


В этой исследовательской работе хорошо показаны все положительные стороны сахара на организм человека, влияние на его здоровье. Смог показать суточную дозу сахара развитие организма.

Ученик, работая над этой темой, пришел к такому выводу, что по данным многочисленных исследований, которые были направлены на узнавание вреда и пользы сахара на организм человека, стало известно, что сахар при избыточном его потреблении сильно влияет на рост количества заболеваний сердечнососудистой системы. 

Ученик в своей исследовательской работе смог раскрыть тему, используя свою одаренность.


Annotation


 In this research work all positive sides of sugar on a human body, influence on its health are well shown. I could show a daily dose of sugar organism development.

    The pupil, working over this subject, I came to such conclusion that according to numerous researches which were directed on recognition of harm and advantage of sugar on a human body, it became known that sugar at its excess consumption strongly influences growth of quantity of diseases of cardiovascular system. 

      The pupil in the research work could open a subject, using the endowments.








Жоспар


І. Кіріспе


Қант.



ІІ. Негізгі бөлім


1.Қанттың ерекше қолданысы

2.Қант қалай жасалады?

3.Қанттың пайда болу тарихы

4.Қамыс қанты пайдалы ма?

5.Науат - кристалдандырылған қант




ІІІ. Қорытынды














Кіріспе


Қант


Қант  қант қызылшасы мен қант қамысынан алынатын тағамдық өнім. Ақ, сары немесе қоңыр түсті, тәтті дәмді кристалл. Құмшекер және шақпақ қант (рафинад) түрінде шығарылады. 100 г қанттың энергетикалық құндылығы (калориялылығы) 1,68 МДж (400 ккал) шамасында

Тағам ретінде қолданылатын кант адам организмінің қалыпты тіршілік етуіне бірден бір қажет химиялық заттар — қанттар мен углеводтар тобына жатады. Углевод және май алмасуының бұзылуымен бірге жүретін кейбір ауруларда (диабет, семіру) қантты пайдалануды бірден шектеген жөн. Дене еңбегімен жеткілікті дәрежеде айналыспағанда, әсіресе қарт адамдарға қантты мөлшерден тыс пайдалану жүрек-қан тамыр ауруларын туғызады. Қант күрделі (крахмал, лактоза, сахароза) және қарапайым (глюкоза, фруктоза) болып екі топқа бөлінеді. Ең кең тараған күрделі қант — крахмал — нанның, картоптың, жармалық құрамында болады. Көкөністерде, жемістерде және басқа кейбір азық-түліктерде крахмалдан басқа, лактоза (сүт қапты), өзіндік ас қанты — сахароза (қызылша немесе қант құрағы) бар. Бұл өнімдерде жай қант та кездеседі, олардың ішінде ең жиі тарағаны глюкоза (виноград қапты) және (жеміс-жидек қанты). Глюкозаның көп мөлшері — жүзім шырынында, ал фруктозанікі — жеміс-жидектер мен балда болады. Қарапайым қант (әсіресе глюкоза) организмге жеңіл сіңеді және бәрінен де көп мөлшерде энергия береді, сондықтан оларды шұғыл түрде адамның әл-қуатын молайтатын заттар қажет болған кезде пайдаланған жөн.

Ас қантын — сахарозаны — қант қызылшасының тамырынан және қант құрағынан алады. Ас қорыту кезінде әлсіз қышқылдар мен ферменттердің әсерімен ас қанты глюкоза мен фруктозаға бөлініп организмге тез сіңеді. Ас қанты 200ᵒС-тан жоғары қыздырылғанда бояғыш заттар (яғни қанттың карамельденуі) пайда болысымен жіктеле бастайды; бұл процестер кондитер өнеркәсібінде кең қолданылады. Қоюланған (64%-тен астам)

қант ерітіндісін консервілеуге болады, қайнатпа, джем, сондай-ақ жеміс пен жидекті консервілеуде қанттың қолданылуы осыған негізделген. Қант орнына қолданылатын заттар бұларға сорбит пен ксилит жатады. Оларды қантты пайдалануға болмайтын жағдайда (қант диабетімен ауырғанда, семіргенде) қолданады.

Сорбит — ақ түсті, тәтті, иіссіз, суда жақсы еритін кристалды ұнтақ. Ол шетеннің жемісінде және көптеген жеміс-жидектердің құрамында болады. Сорбиттің тәттілігі қантқа қарағанда 2 есе аз.







  1. Қанттың ерекше қолданысы


Аппақ қардай, аузыңа салсаң, тіліңді үйіріп, таңдайыңды қақтыратын қанттан шықтым деген пендені естіген де, көрген де жоқпыз. Медициналық қалып бойынша әр адам жылына 35 келі қант пайдалануы керек екен. Өйтпеген күнде ағзаға қажетті глюкоза жетіспей, денсаулық нашарлайды (әрине, бұл жерде дені-қарны сау адамдар туралы айтылады). Сонда 16 миллионнан астам қазақстандық күніне қанша қант жейді дегенге келетін болсақ, мөлшері 1,5 миллион келі қант болып шыға келеді. Ал тосап қайнататын жаз айларында бұл көлем бірнеше есеге артатынын қоса есептейтін болсақ, қанттың дәурені қазіргі кезде нағыз бабында екенін сезесіз.

Ғалымдардың жүргізген сараптамаларының нәтижесі таң қалдырмай қоймайды. Қант ауыр ауруларды қоздыратын, сондай-ақ жаралардың тез емделуіне кедергі келтіретін бактерияларды залалсыздандыра алады екен. Бактерияларға дамып көбейуі үшін ылғал қажет, ал қант артық ылғалды өзіне жұтып алады.

Ащы тамақтан кейін ауызға салынған бір кесек қант ащы дәмді оңайлықпен баса алады.

Қант қосылған дене терісіне арналған скрабтар баяғыдан-ақ танымал. Ондай скрабты өзіңіз де жасап алсаңыз болады. Оны зәйтүн майы мен кез келген эфир майының бірнеше тамшысымен араластырып қолдана беріңіз. Теріңіз таза, нәзік бола қалады.

Міне қызық: егер далап жағылған ерінге құмшекер сеуіп, бірнеше секундтан кейін жалап жіберсеңіз, далап әлдеқайда ұзақ сақталады.

Қантты дақ кетіргіш ретінде де қолданады. Ол шөптің ізінен қалған, және т.б. дақтарды оңайлықпен кетіреді. Суланған даққа қантты сеуіп, бірнеше сағатқа қойып қойыңыз.

Кофе ұсатқыш, блендер, ет тартқыштағы қалған жағымсыз иістерді (сарымсақ, кофе, т.б.) қант кетіре алады. 

Қант тіліңіз ыстық шай не кофеге күйіп қалғанда көмекке келеді. Қант салынған қасықты тіліңізге қойсаңыз, ауырғаны сол сәтте қояды.

Ерініңізге далап дұрыс жағылмай ма? Ерініңізге зәйтүн майы мен қантты араластырып жағыңыз. 30 секундтан кейін оны сүртіп тастап, далапты жаға беріңіз.

Қант сыйланған гүлдердің ғұмырын ұзарта алады. Гүл тұрған суға 3 ас қасық қант, 2 қасық сірке суын қосыңыз. Қант гүлдің бұтағын сақтаса, сірке суы оны бактериялардан қорғайды. 

Қанттың орыс тіліндегі «сахар» сөзі арабтың «суккар» және санскриттегі «саркара» атауымен туыстас.
•Тарих мамандарының айтуынша, Үндістанмен қатар Қытай да қанттың отаны саналады.
•Саудаға түскен ең алғашқы қант сатып алған адамның байлығының қандай дәрежеде екеніндігін көрсететін болған.
•Қант қамысын алдымен парсылар, содан кейін барып арабтар оны Мысыр жеріне апарып өсірген.
•Мұнан 2000 жыл бұрын үндістандықтар қант кристалдарын жасай білген. Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) Үндістан жеріне жеткенде араларсыз «бал» алынып жатқандығын көріп таң қалыпты.
•Қантты Еуропа жеріне таныстырғандардың бірі де осы Ескендір Зұлқарнайын мен оның жауынгерлері.


«»



2. Қант қалай жасалады?


Алдымен теріліп әкелінген қызылша үлкен астауға салынады. Содан кейін бірінен соң бірі кезекте тұрған машиналар жоғары көтеріп, жуын, оны майда тіліктерге кеседі. Тіліктерден шырын бөлінеді. Бірақ түсі ақ қызылша қара сөл бөледі. Осы сөлдер үлкен ыдыста жиналып түтікшелер арқылы өңдеуден өткенде, оның түсі мөлдір болады. 
Қызылшадан алынған сөл қою болуы үшін үлкен мұнарада оның құрамындағы артық суларды буландырып шығарып тастайды. Шыққан затты тағы да тазартудан өткізіп, оған қант ұлпаларын себеді. Ұлпалар қоймалжың шәрбатқа араласып түйіршік болып «өсе» бастайды. Осылай қант кристалдары пайда болады. Кристалдарды арнайы қондырғыда жуып кептірген соң шекер пайда болады. Ал шекерден шақпақ қант жасалады. Міне, бір түйір қант жасалу үшін үлкен жұмыстар істеліп, көп тер төгіледі.

Қант өндірісі  қант қызылшасы мен қант құрағынан кристалды ақ ұнтақ қант және шақпақ-қант өндіру. Біздің елімізде қант құрамында 17,5% қант болатын қант қызылшасынан өндіріледі. Қант өндірісінің негізгі процестері: қызылшаны жуу, жапыр ақшалап турау, диффузиялық аппараттарда өңдеу, диффузиялық шырынды тазарту (дефекация, сатурация, сульфитация), тазартылған шырынды булау, қою шырынды құрғақ заттары 92,5% болғанша қайнату, центрифугалау, ұнтақ кептіру, салқындату; мұның нәтижесінде ұнтақ қант алынады кесек қант құмшекер қанттан жасалады.

Қанттың бірнеше түрі бары белгілі. Ол жан-жануарларда да, өсімдіктерде де кездеседі. Алайда, адамдардың қант туралы әңгімесі қант қызылшасы мен қант қамысының өнімі турасында ғана өрбиді және сол турасында түсініктері өрілген. Бүгінгі таңда әлемдік экспорттың 62 пайызы қанты қамысы болса, 37,5 пайызын қант қызылшасы құрап отыр. 

Тарихи деректерге сүйенсек, ең алғашқылардың бірі болып қант қызылшасын Мысып жерінде өсіре бастаған екен. Бірақ оны қант алу үшін емес, құлдарға тағам ретінде ғана қолданыпты.
Қант қызылшасының құрамында қанттың көптігін 1747 жылы Андреас Маргграф ашқан екен. Ол қант қамысының Еуропа жерінде өспейтініне көз жеткізген соң, оның орнын басатын өсімдіктікті іздей бастайды. Себебі, бұл уақытта қант Еуропа жеріне Куба, Мексика, Бразилия және АҚШ жерінен жеткізілетін еді. Сондықтан да оның бағасы тым қымбат болды.
Селекционерлер қолда бар өсімдіктердің құрамын тексерік шықты. Ең қолайлысы әрі құрамынан қант алуға болатын қант қызылшасы болып шықты. Маргграфтың ойлап тапқан жетістігін оның шәкірті Франц Карл Ахард қана іске асыра алды. Ол өмірінің барлығын қант қызылшасынан қант алуға жұмсап, 1801 жылы арнайы фабриканы жабдықтады.






3.Қанттың пайда болу тарихы


Кез келген үйдің дастархан басында наннан кейін қант тұратыны белгілі. Осы түсінікке біздің үйренгеніміз соншалықты, қантсыз дастархан бар дегенге сенгіміз келмейді. Шайға салғанды жақсы көреміз, ал тарихын білетініміз күмәнді.

Қант... Осы бір тәтті ең алғаш қай елде белгілі болды екен? Ол қалай пайда болды? Қант жасауды адамдар қалай үйренді? Ол қалай жасалады? 
Әрине, бұл сұрақтар сені де қызықтырмауы мүмкін емес. Сен бұл туралы білетін де боларсың... Бірақ өзіміз күнде жеп жүрген қанттың тарихын біреу білсе, біреу біле бермес. Сондықтан, білетінімізді ортаға салып көрелік.
Аралардың бал жасайтынын, оларды қолдан өсіруді ертеден-ақ білген көптеген елдер қантпен мүлде таныс емес еді. Бірақ ежелгі гректер «Үндістанда бал арасыз-ақ бал беретін қамыстың бар екендігін» айтып жүрді. Шынында да Үндістанда есте қалмаған өте ерте заманнан бергі қант қамысы деп аталатын өсімдіктен тәтті шәрбат жасауды білген. Кейіннен оны өңдеп қатты қант жасауды да алдымен білген үнділер болыпты. Үндістанның Бенгалия ауданын «қант елі» деп те атаған екен.
Дәл осы үнді жерінен қант қамысы парсы, араб сияқты өзге де жылы аймақтағы елдерге сапар шекті. Қант парсы және үнді көпестерінің арқасында Мысыр еліне жетіп, ол бірден емдік дәрі-дәрмек ретінде қолданыла бастады. Әйгілі саяхатшы Христофор Колумб өзінің саяхаты кезінде қант қамысын Куба аралына әкелді. Көптеген жерде тамырын жая қоймаған қамыс осы Куба аралының топырағында жақсы өсе бастады. Ол кезде қант Еуропа елдері үшін «жабайы тағам» деп аталыпты.
Аңыз
Үнділер алғашында қант жасаудың әдісін құпияда ұстапты. Ол үшін көптеген аңыздар да ойлап тапқан екен. Соның бірі былай дейді. Қант үнді жеріне разылық ретінде аспаннан қар сияқты ұлпа болып жауыпты. Сондай-ақ оны сиқыршылар ай жаңадан туған кезде оның жерге бағытталған мүйізінен алады екен.
Шақпақ қантты кім ойлап тапты?
Төртбұрышты үлгідегі шақпақ (рафинад) қантын ең бірінші болып чех оқымыстысы Рад Кристоф Яков ойлап тапқан. Ол өзінің ең бірінші Ол өзінің ең бірінші 350 түйірден тұратын бір қорап шақпақ қантын әйеліне тарту еткен. Бұл 1841 жылы болатын. Содан кейін бас көтермей жұмыс істеп тәжірибесін жалғастырды. Алғашқы шақпақ қанттар сатылымға 1843 жылы шыға бастады. Радтың саудаға шыққан алғашқы шақпақ қанттары бір қорапта 250 түйір болды және олар «Шай қанты» деп аталды.

Тәтті дәмі арқылы көпшілікті тартып тұратын өсімдік осыдан мың жылдай бұрын Жаңа Гвинеяда пайда болған. Сол уақытта осы өсімдік үшін қанша тайпалар өз-өздерімен соғысып, қорғап қалуға жандарын салысқан. Бірақ, ол туралы түсінік бізде қайдан болсын. Бар болғаны қант туралы әңгіме өрбісе болды, шайымызға қатқымыз келіп тұрады.

Содан бері қаншама ғасырдың ширегінде, қоғамның дамып, өркениеттің жаһандануына байланысты қант зауыттары көптеп ашыла бастады. Қантты өндірудің өнеркәсіпте нешеме түрлері шығып, дүниежүзілік экспортқа айналып кете барды. Ең бірінші сатушылар мен көпестер қантты Тынық мұхит бойына алып шықты. Кейінірек Азия мен Индонезия, Филиппин аралдарына жетіп, күндел

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ