400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3. Физикалық география

3.4 Биосфера

Мектеп: «С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернаты» КММ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есенбаева Айгүл


Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері


оқу мақсаты

9.3.4.2- ерекше қорғалатын аумақтардың (қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар) құрылу мақсатын түсіндіреді


Сабақ мақсаттары

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпараттарды жинақтау, ерекшеліктеріне тоқталу, пікірлесу арқылы ойларын жүйелеу. Қорытынды жасай білуге үйрету.


Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология: қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар

Оқытудың тілдік мақсаты: Ерекше қорғалатын аумақтар туралы мәтіндерді оқиды және зерттеу, сыныптастарымен бірлесе отырып қорытындыларын (оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдылары) түсіндіндіреді (презентация, буклет, диалог т.б.).

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Суретте … Ерекше қорғалатын аумақтар.............құрылған. Себебі ............сақтауымыз қажет.


Құндылықтарды

дарыту

- жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;

- топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;

- өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

- топтық жұмыстар, креативті шығармашылық ізденістер барысындағы еңбек және шығармашылық;

- білімін тереңдету, қажетті материалдарды табу, оған талдама жасау мақсатында өмір бойы оқу.


Пәнаралық байланыстар

Биология, экология, химия, экономика


АКТ қолдану дағдылары

АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану (ноутбук, интер белсенді тақта)

https://bilimland.kz



Бастапқы білім

8.3.4.5 - өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау қажеттілігін дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар


Сабақтың басы

0-5 мин


- Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Жағымды атмосфералық ахуал.

Мұғалім:

Оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге «Атаулар туралы үш сұрақ» арқылы белсенділендіреді.

(Сабақтың басында жаңа тақырып бойынша тақтаға үш ұғымдарды жазып, оқушыларға сұрақтар қойыңыз)

Скругленный прямоугольник 1

«Ерекше қорғалатын, республикалық маңызы бар, флора мен фауна»

Сұрақтар:

Қайда? Бұл сөздерді сіз бұрын қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

Қалай? Өз тәжірибеңізден осы сөздерді қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?













(С) Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.

(С) Оқушылар қорық, қорықша, ұлттық саябақ термин сөздерін еске түсіреді.

Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану (Оқу құралы). -Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014.



Презентация



Слайд 1-2



Сабақтың ортасы






5-15 мин



























15-25 мин



























25-38 мин





















Оқушылар мәтінді оқып, бейне материалды көріп, І тапсырманы орындайды.


(Д) І тапсырма. «Ерекше қорғалатын аумақтардың» құрылу мақсаты мен ерекшелігін анықтаңыз:

Ерекше қорғалатын аумақтар

Құрылу мақсаты

Ерекшеліктері

табиғи қорықтар

 

 

мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар

 

 

 

қорықшалар

 

 


Дескриптор

Білім алушы


  • Еліміздегі Ерекше қорғалатын аумақтардың құрылу мақсатын түсіндіреді;

  • Ерекше қорғалатын аумақтардың ерекшелігін анықтайды.


Оқушыларға ауызша және смайликтер арқылы кері байланыс беріледі.

(Ж) ІІ тапсырма. Карта бойынша ерекше қорғалатын аумақтардың қай облыстың территориясында орналасқандығын анықтаңыздар:


Дескриптор

Білім алушы


  • карта бойынша ерекше қорғалатын аумақтардың қай облыстың территориясында орналасқандығын анықтайды.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

(Т) ІІІ тапсырма. Таңдауыңыз бойынша қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтардың біріне сипаттама беріңіз:
Жоспары:

  • Атауы мен құрылған жылы;

  • Құрылу мақсаты;

  • Географиялық орналасуы;

  • Қызыл кітапқа енген жануарлары мен өсімдіктері.


Дескриптор

Білім алушы


  • ерекше қорғалатын аумақтардың бірін жоспар бойынша сипаттайды


Берілген уақыт аяқталғанда әр топтан баяндаушылар кезекпен сөз алады. Топ ұжымы бірігіп жұмыс жасайды, қорытындылайды.

Әр топ жасаған жұмыстарын қорғап болған соң марапатталады.


Тапсырма. Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Кинолента»

1 топ Қазақстан қорықтары

2 топ Қазақстан ұлттық саябақтары

3 топ Жергілікті аймақтың Қызыл кітапқа енген өсімдіктері

4 топ Жергілікті аймақтың Қызыл кітапқа енген өсімдіктері жануарлары

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау2 тапсырма

Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарларын қорғау туралы жоба жазу


Марапаттау. Мұғалім топтардың жұмысын бағалайды және мадақтайды. Номинациялар беріледі:

    • «Ең ұйымшыл топ»

    • «Ең креативті топ»

    • «Ең белсенді топ»

    • «Ең шебер топ»

    • «Ең тапқыр топ»

«Қол шапалақтау» әдісі арқылы сәтті шыққан топты бағалау

«Жапсырмалы смайликтер» арқылы бағалау

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау


Мәтін таратылады


https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/erekshe-qorhalatyn-aumaqtar/lesson/erekshe-qorhalatyn-aumaqtar


Слайд 3-5











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10.09.2023
470
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі