“Ересек өмірге қадам”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Ересек өмірге қадам”

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар Педагогтің Т.А.Ә. Қадырбек Гүлшат Қадырбекқызы Күні: 29.01.2026ж Сынып: 11 Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сынып сағатының тақырыбы «Ересек өмірге қадам» Мақсаттары Оқушыларды ересек өмірге дайындау, өз өмірі үшін жауапкершілік алуға, саналы шешім қабылдауға және дұрыс мамандық таңдау мен қаржылық сауаттылықты түсінуге үйрету. Сонымен қатар, олардың өзін-өзі танып, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыру. Апта дәйексөзі Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды. Жұмыстың барысы Сабақтың кезеңі/ уақыт Педагогтың іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар Сабақтың басы Ұйымдастыру (Кіріспе) «Менің сүйікті жейдем» жаттығуы. Жұптық жұмыс: сіздің жеке басыңыздағы, мінезіңіздегі басты нәрсені бейнелейтін ұранмен немесе символымен А4 парағына жейденің суретін салыңыз. Суреттермен алмасыңыз. Сіздің серіктесіңіз дұрыс түсіндіме, олар сурет/жазу сіздің тұлғаңызды көрсететініне келісе ме? Сәйкессіздік пайда болған жұптар сөйле
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Педагогтің Т.А.Ә.

Қадырбек Гүлшат Қадырбекқызы

Күні:

29.01.2026ж

Сынып: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Ересек өмірге қадам»

Мақсаттары

Оқушыларды ересек өмірге дайындау, өз өмірі үшін жауапкершілік алуға, саналы шешім қабылдауға және дұрыс мамандық таңдау мен қаржылық сауаттылықты түсінуге үйрету. Сонымен қатар, олардың өзін-өзі танып, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыру.

Апта дәйексөзі

Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды.

Жұмыстың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру (Кіріспе)

«Менің сүйікті жейдем» жаттығуы.

Жұптық жұмыс: сіздің жеке басыңыздағы, мінезіңіздегі басты нәрсені бейнелейтін ұранмен немесе символымен А4 парағына жейденің суретін салыңыз. Суреттермен алмасыңыз. Сіздің серіктесіңіз дұрыс түсіндіме, олар сурет/жазу сіздің тұлғаңызды көрсететініне келісе ме?

Сәйкессіздік пайда болған жұптар сөйлейді


2. Дәйексөз жайында әңгімелесу.


3.Ересек өмір деген не?

Ересек өмір — бұл адамның өз өмірі үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын, өз бетінше шешім қабылдайтын, және қоғамда өз орнын табуға ұмтылатын кезеңі

Оқушылар жұпқа бөлініп, А4 парағына өз мінезі мен құндылығын білдіретін жейде суретін салады. Суреттерімен алмасып, серіктесінің ойды дұрыс жеткізгенін талқылайды. Сәйкессіздік болса, пікір алмасады.

Ұсынылған дәйексөзді талқылап, өз пікірін білдіреді.

«Ересек өмір» ұғымына қатысты ой бөлісіп, жауапкершілік пен дербестік туралы қорытынды жасайды.

Слайд, А4, фломастор.

Сабақтың ортасы

Ассоциацияны таңдау» жаттығуы.

Оқушыларға «жауапкершілік» ұғымына ассоциация сөздерін таңдап, тақтаға екі бағанға жазу ұсынылады.

борыш, сүйіспеншілік, қамқорлық, тәуелсіздік, дербестік, сенімділік, өзін-өзі жүзеге асыру … 

батыл емес, алаңдаушылық, пассивтілік, өзімшілдік, қорқақтық, қиындықтарда қорқу …

Ұсыным: бұл екі сөз тобын бірден «оң» және «теріс» ассоциациялар ретінде анықтауға болмайды. Белгілі бір сөздерді қайда жазу керектігін айту керек.

Талқылауға арналған сұрақ: Неліктен «жауапкершілік» ұғымы оң және

теріс ассоциациялар тудырады?


Топтық жұмыс

1.топ. Ересек адамның жауапкершілігі

2.топ. Ересек өмірдегі құндылықтар

3.топ. Өзін-өзі жетілдіру


Білім-табыстың кілті

Білім — адамның болашағын қалыптастыратын ең басты құрал. Білімді адам өз қабілетін дамытып, дұрыс мамандық таңдай алады және қоғамда өз орнын табады.


Неліктен білім алу —табысты өмірге бастайтын сенімді жол?

1. Жақсы жұмыс табуғамүмкіндік артады

2. Өзіне сенімділікпайда болады

3. Ойлау қабілетідамиды

4. Жаңа мүмкіндіктерашылады

5. Мансап құру жеңілдейді

.

МАМАНДЫҚ

Адамның белгілі бір салада арнайы білім алып, дағды меңгеріп, сол арқылы еңбек етіп, табыс табатын ісі.


Қазіргі сұраныстағы мамандықтар:IT маманы, дәрігер, медбике, мұғалім, психолог, инженер, архитектор, экономист, кәсіпкер,эколог, агроном.


Мамандықтықалай таңдаймыз?

  • Қызығушылығың

  • Қабілетің

  • Қоғамдағы сұраныс

  • Жалақы мен даму мүмкіндігі

  • Өз арманың


Ситуациялық сұрақтар (оқушылар өз ойын айтады).

1.«Отбасым бір мамандықты ұсынады, бірақ мен өзіме басқа бағыт қызық. Осындай жағдайда шешімді қалай дұрыс қабылдауға болады?»

2.«Егер ата-анам таңдаған мамандық болашақта сұранысқа ие болмаса, мен не істер едім?»

3.«Мен мамандықты жүрек қалауымен таңдаған дұрыс па, әлде нарықтағы сұранысқа қарап па?»

4.«Жұмыс пен оқуды қатар алып жүру керек болса, уақытты қалай дұрыс бөлемін?»

5.«Егер қателесіп, таңдаған мамандығым ұнамаса, оны ауыстырудан қорқу дұрыс па?»

6.«Айлық табысым аз, бірақ мақсатым көп болса, қаржымды қалай дұрыс басқаруым керек?»

7.«Егер күтпеген шығын шығып қалса, қаржылық қауіпсіздікті қалай сақтаймын?»

8.«Тұрақты табыс жоқ кезде, жинақ жасаудың жолдары қандай?»

9.«Несие алу — шешім бе, әлде тәуекел ме?»

10.«Егер бір мамандық маған қазір ұнаса, бірақ 10 жылдан кейін қажет болмай қалса, мен қалай әрекет етемін?»

11.«Егер оқуды бітірген соң жұмыс таба алмасам, бірінші қадамым қандай болады?»

12.«Егер 18–20 жасымда өзімді толық қамтамасыз ету керек болса, қандай қадамдардан бастаймын?»

«Ассоциацияны таңдау» жаттығуы

Оқушылар «жауапкершілік» ұғымына қатысты сөздерді мұқият оқиды.

Берілген сөздерді мағынасына қарай екі бағанға бөліп жазады:

  • Жауапкершілікке тән қасиеттер

  • Жауапкершілікке қарсы қасиеттер

Өз таңдауларын сынып алдында түсіндіреді, пікір алмасады.


Топ ішінде талқылап, ортақ шешімге келеді.
1-топ:
«Ересек адамның жауапкершілігі»

1.Ересек адамның отбасына, жұмысына, қоғамға қатысты жауапкершілігін талдайды.

2.Мысалдар келтіреді (оқу, еңбек, шешім қабылдау).

3.Қорытынды ойды постер немесе ауызша түрде ұсынады.

2-топ: «Ересек өмірдегі құндылықтар»

1.Өмірдегі негізгі құндылықтарды анықтайды (адалдық, еңбек, білім, денсаулық).

2.Құндылықтардың болашақ өмірге әсерін түсіндіреді.

3.Өз көзқарастарын ортаға салады.

3-топ: «Өзін-өзі жетілдіру»

1.Өзін дамыту жолдарын атайды (білім алу, дағды қалыптастыру, мақсат қою).

2.«Білім – табыстың кілті» тақырыбын талқылайды.

3.Өзін-өзі жетілдірудің маңызын дәлелдейді.


Ситуациялық сұрақтар (оқушылар өз ойын айтады).

Оқушылар әр сұрақты тыңдап, өз ойларын ашық білдіреді, пікірін дәлелдейді және шешім қабылдаудағы жолдарын талқылайды. Олар басқа оқушылардың пікірлерін тыңдап, ортақ ой қалыптастыруға қатысады, қиындықтар мен қаржылық, мамандықтық, уақытты басқару мәселелерін өз тәжірибесімен байланыстырады. Сабақ соңында әр оқушы өз шешімін немесе іс-әрекет жоспарын қорытындылай алады.


А3 қағаздар, маркерлер, стикерлер.

Сабақтың соңы

Рефлексия

1.Бүгінгі сабақта мен үйренгенім: Өзімнің тұлғам мен мінезімді символ арқылы көрсетуге тырыстым, серіктесімнің пікірін тыңдадым, ересек өмірдің жауапкершілік пен дербестікке негізделетінін түсіндім.

2.Маған ең қызықтысы: Жұптық жұмыста серіктесімнің мені қалай түсінгенін көру.
3.Болашаққа қолданатын ойым: Өзімді дұрыс таныстыру, пікірімді жеткізу және жауапкершілікпен шешім қабылдау маңызды екенін есте сақтаймын.
4.Мен үшін сабақтың негізгі қорытындысы: Ересек өмірге қадам жасау — өзіме сенімді болу мен жауапкершілік алуды үйрену.


Мұғалімнің қорытынды сөзі

«Құрметті оқушылар, бүгінгі сабақта біз өзіміздің тұлғамызды танып, жұптық жұмыс арқылы серіктестеріміздің бізді қалай қабылдайтынын көрдік. Дәйексөздер мен талқылаулар арқылы ересек өмірдің жауапкершілік пен дербестікке негізделетінін ұғындық. Ересек өмірге қадам жасау — саналы шешім қабылдауды, өз-өзімізді жетілдіруді және өз өмірімізге жауапкершілік алуды білдіреді. Бүгінгі сабақта алған тәжірибе мен түсініктеріңіз болашақта сіздерге маңызды бағыт болады.»

Жұптық жұмыс арқылы өз тұлғасын бейнелейтін жейде суретін салады. Серіктесінің суретін қарап, оның ойымен келісу немесе айырмашылықты талқылайды. Дәйексөзді оқып, мағынасын түсінеді және өз пікірін білдіреді. «Ересек өмір» ұғымын талқылап, жауапкершілік пен дербестікке қатысты ойларын ортаға салады.

Стикерлер, түрлі түсті флмостор


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі