Ересек тобы Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ересек тобы Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика негіздері ашық ұйымдастырылған оқу қызметі ересек топқа. Тақырыбы: Біз еңбекқор баламыз Реттік санауды, уақытты (таң, күн, кеш, түн), кеңістікті бағдарлай алу (оң жақта, сол жақта, ортасында), геометриялық пішіндерді білу, 5-ке дейінгі сандарды ретімен санауға, үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің» Құсмұрын «Қарлығаш» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ересек топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспекті

Өткізу күні: 21.01. 2022 ж

Тәрбиеші: Асанова К.Р.

Білім беру саласы: «Таным» «Математика негіздері» Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Мақсаты:

Тәрбиелік: математика негіздері ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықты, шыдамдылықты тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың кеңістікті, уақыты бағдарлауын , 5-ке дейін санауын, геометриялық пішіндер туралы білімдерін дамыту.

Оқыту: Реттік санауды, уақытты (таң, күн, кеш, түн), кеңістікті бағдарлай алу (оң жақта, сол жақта, ортасында), геометриялық пішіндерді білу, 5-ке дейінгі сандарды ретімен санауға, үйрету.

Ресурстармен қамтамасыз ету: сандар, пішіндер, жіптер, бейнебаян.

Билингвалдық компонент: пішіндер-фигуры, оң-правый, сол-левый.

Сөздік жұмыс: таң, күн, кеш, түн, оң жақта, сол жақта, ортасында.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді білмейміз

Қуанамын менде

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Сәлеметсіздерме апайлар!

- Балалар, бүгін мен таңертең жұмысқа келе жатқанда, пошташы маған хат әкелді , бірақ хаттың кімнен келгенін білу үшін мына бейнебаянды көру керек деп айтты. (диск көрсету).

Күлшеқыз туралы бейнебаян қосу.

Балалар сендер таныдыңдарма? Бұл бейнебаян кім туралы екен?

-Әрине Күлше қыз туралы екен.

Балалар неге оны Күлшеқыз деп атаған, кім біледі?

Иа, ол өте еңбекқор, ақылды қыз болыпты.

Ал ендеше мен сендерге Күлше қыздан келген хатты оқып берейін.

«Қымбатты балалар! Мен сендердің ақылды, еңбекқор бала екендеріңді білемін. Сондықтан сендерден көмек сұрағым келіп тұр. Мен бүгін кешкі балға барайын деп едім, бірақ мен математика патшалығында болғанда хрусталь кебісімді жоғалтып алдым. Оны табу үшін көптеген тапсырмалар орындау керек екен. Ал менің тапсырмаларды орындауға мүлдем уақытым жоқ. Өйткені өгей анам маған көп жұмыс берді».

Көмектесесіңдерме маған балалар?

Балалар, көмектесемізбе Күлшеқызға?

-Иә, әрине көмектесеміз.

Балалар математика патшалығына қандай көлікпен баруға болады?

Балалар өз жауаптарын ұсынады.

Балалар мен таптым, математика патшалығына тез жету үшін бізде мынандай сиқырлы кілем бар. Сонымен барайық.

Бірақ ол кілем ескіріп, тесіліп қалыпты, оны жамау керек екен.

Геометриялық пішіндермен кілемді жамайық.

Жарайсыңдар, кілемді жамадық, енді кілемге бір –бірден тұрайық.

«Өз орныңды тап» ойыны

Мақсаты: Балалардың кеңістікті бағдарлай білуін дамыту.

Ерасыл кілемнің ортасына тұр.

Алдияр Ерасылдың сол жағына тұр.

Алина Ерасылдың оң жағына тұр.

Даурен Ерасылдың алдына тұр.

Раяна Ерасылдың артына тұр.

Балалар кеңістікті бағдарлап кілемге тұрады.

Музыка ойналады.

Міне балалар, біз математика патшалығына да келіп жеттік.

Ал енде тапсырмаларды орындауға көшейік.

Ал біз бірінші тапсырманың қайда екенін қайдан білеміз? Қане бір санын тауып алайық.

1-тапсырма:

"Шатасу" дидактикалық ойыны:

Мақсаты: Тәулік бөліктерін атай алуын дамыту.

"Балалар, патша бәрін шатастырды, оның не айтқанын тыңдаңдар:

Таңертең балалар ұйықтайды.

Түнде балалар серуендеуге барады.

Кешке балалар балабақшаға келеді.

Күндіз таңғы ас ішеді.

Балалар дұрыс жауаптарын айтады.

Жарайсыңдар балалар дұрыс жауап бердіңдер.

Енді екі санын тауып алайық.

2-тапсырма:

«Шатасқан сандар» ойыны.

Мақсаты: 5-ке дейін санай алуын дамыту.

5-ке дейін сандарды тура және кері санау.

Санамақ айту.

Ал, санайық санамақ,

Саусақтарға қарап ап.

Кәне,кәне санайық,

Санын біліп алайық.

1,2,3,4,5-еу,

Қолымда сонда саусағым нешеу?

Бесеу.

Жарайсыңдар балалар, енді үш санын тауып алайық.

3-ші тапсырма:

Геометриялық пішіндерді жіппен салу.

Жарайсыңдар балалар, енді төрт санын тауып алайық.

4-ші тапсырма:

Монтессори ойыны «Пішінді моншақтар»

Балалар қане Күлше қызға түрлі-түсті моншақтарды тізіп өзімізбен бірге алып кетіп, оған сыйлық жасайық.

Ой балалар қараңдаршы, Күлшеқыздың хрусталь кебісі де табылып қалды.

Хрусталь кебісті таптық, енді сиқырлы кілемшемен тобымызға оралайық.

Топқа оралу.

Күлшеқыздың хрусталь кебісі мен моншақтарын мен беріп жіберейін.

Қорытынды:

Балалар біз қайда бардық?

Немен бардық?

Математика патшалығында біз не орындадық?

Нешеге дейін санадық?

Моншақты неден жасадық?

Тапсырмалар қиын болды ма?

Біз кімге көмектестік?

Жарайсыңдар балалар. Біз бүгін көп еңбектендік, сол үшін Күлшеқыз сендердің еңбекқор, ақылды екендеріңді біліп, сендерге рахметін айтып жатыр, және сендерге сыйлық беріп жіберіпті.Ол сендерге сыйлыққа жаңғақтар беріп жіберіпті.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2022
2283
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі