жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ересек тобы. Тәрбие сағаты. Тақырыбы: "Жеңіс туы желбіреп"
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке , Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналыда парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар! Бүгінгі 7-мамыр Отан қорғау-шылар күні және де алда келе жатқан 9-мамыр Жеңіс күнімен баршаңызды құт-тықтаймын. 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүние жүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіре-се бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен , Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Ендеше осы мерекеге арналған балаларымыздың өнерлерін тамашалыңыздар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ән-ұраны.
Жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуанышпен меркенің бұлағы
Жеңіс туы желбіреген кездерде
Қуаныштың жасы үйрілген көздерге
Отан үшін отқа түскен аянбай
Батырлықтың рухы мұра біздерге
Ұлы Жеңіс тарихтада жырланған
Тебіренер еске алса әр халық
Ұлы жеңіс пен ұйқы келді ұрланған
Қуанамыз келсе тағы таң атып
Хор: «Жеңіс туы желбіреп»
Жүргізуші: Жарайсыздар балалар! Балалар Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова ж.т.б жерлестеріміз де аз емес. Ешкімде ұмытылған жоқ, ешнәрседе ұмыт қалған жоқ. Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі. Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иесміз.
Аселия: Мереке:
Әлия Мәншүк апамыз Қосамыз біз өлеңге
Бауыржандай атамыз Айтамыз біз ән қылып
Фашистерден Отанды Мәншүк әпке ерлігі
Қорғап батыр атанды. Ұмытылмас мәңгілік
Інжу: Асылбек:
Әлияны бұл күнде Асыл текті туған
Барлық бала біледі Алаш кегін қуған
Әлия аты көңілде Ерлері ел үшін
Әпкеміз деп жүреді Белін бекем буған.
Баян:
Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз
Осындай бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс!
Жүргізуші: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін!
Би: «Катюша»
Жүргізуші: Қырандайн түлеп ұшқан арманымыз
Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз
Ант алып ар алдында сапқа тұрып
Қорғаймыз туған жердің ар-намысын!
Інжу: Нұрлыайым:
Алға бас қарышта жас ұлан Жауынгер біздің саңлақтар
Қанаты талмайтын жас қыран Жауды жеңген солдаттар
Жастықтың жігері бойында Ардақты Отан-ел үшін
Өзендей күші бар тасыған Бақытты туған жер үшін
Айшат: Асылжан:
Жас ұландар, жас қырандар Барша халық жеңіс күнін тойлайды
Еркін елдің түлегіміз Жас сәбилер думандатып ойнайды
Көркейе бер гүл еліміз Ардагерлер көздеріне жас алып
Сен деп соққан Ұрпақтардың амандығын ойлайды
Жалындап тұр жүрегіміз.
Жүргізуші: Жарайсыздар балалар! Біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Әнші қыз ән салады бұлбұлдай
Айтты маған жәй дыбыспен сыбырлай
Ән айтамын, ән айтамын жалықпай
Әндері оның неткен сұлу әсем-ай.
Ендеше қарсы алыңыздар Аружан қызымыз Туған жерге арнап ән салмақшы.
Ән: «Туған ел» Орындайтын: Сарсенбай Аружан
Жүргізуші:
Қазақстан-атамекен, құт қонған жер
Кең дала суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай белестері мақпал кілем
Қырлары, қызғалдағы құлпырған жер
Тақпақтарымызды жалғастырамыз. Балаларымыз Отанға деген ыстық лебізін өлең жолдарымен жеткізеді.
Сырғалым: Қоныс:
Бақытты боп жүргенім Отан сенің ата-анаң
Сенің арқаң ұлы Отан Отан-досың бауырың
Елім менің тірегім Отан-өлкең Астанаң
Құшағыңда гүл ашам! Отан-аудан ауылың
Нұрасыл: Дәурен:
Ақ білек күшімен Мен сенің бастау бұлағың
Ақ найза ұшымен Өзіңе шашу бұл әнім
Қорғаған бабамның Сап түзеп шықты нық басып
Үлгі алам ісінен. Қырандай берік ұланың
Жүргізуші:
Қара жер қаны сіңген бабалардың
Қороғауға шақырады балаларың
Сапқа тұр сарбаздары туған елдің
Қиынға қайыспайтынқара нарым.
Би: «Сарбаздар»
Жүргізуші:
Туғанда дүние есігін ашқан ашады өлең
Өлеңменен жер қойнына кірер денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен
Ойлансаңшы бос қақпай елең-елең!
Өлең: «Мен жастарға сенемін!» Орындайтын: Альжанова Аселия
Көк байрақ арайланған нұр таңымыз
Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз
Дұшпанға қатал болған, досқа берік
Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген