жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ересек тобының «МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ» атты патриоттық апта жобасы .
«Әулиекөл ауданының әкімдігінің Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы» МКҚК
Ересек «Көгершін» тобының
«МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ»
атты патриоттық апта жобасы .
Тәрбиешілер: Дюмбаева А.В.; Капышева Ж.В.
2017-2018 оқу жылы
Ересек «Көгершін» тобының
«Менің туған өлкем» атты патриоттық апта жобасы .
« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».
Жоба түрі:
- жобаның қызметі бойынша: танымдық, коммуникациялық;
- мазмұны бойынша: патриоттық;
- өткізілу мерзімі бойынша: апталық;
Жобаға қатысушылар: тәрбиеші, балалар, ата-аналар
Жобаның мақсаты:
Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт - дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, балалардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.
Жобаның міндеттері:
1.Туған өлкеге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
2. Балалардың бойында отбасыға, ауылына, туған өлкесіне деген патриоттық сезімді қалыптастыру.
3.Өз елінің салт-дәстүріне деген қызығушылықты ояту, олармен балаларды таныстыру
4. Балалардың денсаулығын нығайту бойынша ата-аналармен бірлесе әрекет жасау.
5. Балаларды отансүйгіштікке, партиотизмге тәрбиелеу.
Жобаның өзектілігі:
Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде , рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.
Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек - бұл еңбегіміздің жанғаны,тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуі-нің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді.
Патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға мына төмендегідей қасиеттерге ие болуы тиіс:
-Жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгерген;
-Халықтар арасындағы достықты нығайтуға күш салатын;
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тарихына, тіліне, дәстүріне, дініне құрметпен қарайтын;
-Жас ұрпаққа өз ауданымыздың тарихымен тереңірек таныстыру;
-Өлкемізде әртүрлі замандарда өмір сүрген тарихи тұлғалармен қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеп білу;
-Туып өскен жерлеріндегі өлкетану мұражайларына саяхаттар ұйымдастыру;
-Балаларға елін, жерін сүйетін патриоттық сезімдерін аша түсіп, жетілдіру;
Балаларға отансүйгіштік, азаматтық тәрбие беруде, ертеңгіліктер, ұлттық ойындар, патриоттық әндер, және тағы басқа іс – шаралардың маңызы зор. Ендеше жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық тәрбие беру басты мақсатымыз екенін ұмытпайық..
Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады. Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды. «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте», – деп Қадыр ақын жырлағандай, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже береді. Халық байлығының асыл қазынасы – рухани тіл. Оны меңгеру бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада ары қарай жүзеге аспақ. Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.
Мектепке дейінгі жастан бастап біздің елдің болашақ азаматы,тұлғасының іргетасын қалау қажет.Балаларда Отаншылдық қасиеттерді тәрбиелеу-баланың өнегелік даму міндеттерінің бірі,ол өзіне жақын адамдарға,мектепке дейінгі білім беру ұйымына,туған еліне деген сүйіспеншілікті дарытуды қамтиды.Мектеп жасына дейінгілермен жұмыс жүргізгенде баланы патриоттық әңгімелерге араластырып отыру керек. Отан адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып,өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан да қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаты,ең қасиеттісі, ең аяулысы-анасына балайды.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді.
-ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау.
–Табиғатқа қамқорлықпен қарау.
–Еңбекте еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу.
–Қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау.
–Мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Патриоттық сезім, адамгершілік – жеке бастың, ұлттың, Отанның мақтанышы деп-, бекер айтпаған. «Достық» балабақшасының «Балдырған » тобында балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында еліміздің болашақ ұрпағын елін, жерін,ана тілін сүйетін қадірлейтін,үлкенге құрмет,кішіге ізет,көрсете білетін қасиеттерді бойына сіңіре отырып, балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында көптеген тәрбиелік іс-шаралар , «Менің қалам осындай» атты сурет көрмелері,туып өскен жеріміздегі өлкетану мұражайына саяхаттар ұйымдастырылып,отырады.
Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеудің педагогикалық негізгі –тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру; патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру; мінез-құлқына патриоттық сипат беру; балабақшадағы оқу-тәрбие ісінің өзегі.
Ендеше,егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің,ұстаздың мақсаты-
дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік ,мәдениетті , парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.
Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын, айналадағы құбылыстарды ,өзінің және өзгенің мәдениетін тану арқылы жетілетіні ақиқат. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі мекеменің басты міндеті- білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде ұлттық азаматтық игіліктерді ,мәдени мұраларды насихаттай отырып, балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
Жобаның әдістері:
1. Берілген тақырып бойынша әдебиеттерді зерттеу
2. Қазақ халқының салт-дәстүрімен танысу
3. Балалармен жеке жұмыс
4. Ұлттық ойындар ойнау
Дайындық кезең:
1.Жобаның тақырыбын жан-жақты зерттеу, талдау
2. Ата-аналарды жобаға қатыстырудың жолдарын іздестіру
Практикалық кезең:
1. Тәрбиешінің балалармен жоспар бойынша іс-шараларды өткізу
2. Өз туған өлкелері туралы,қазақ халқының салт-дәстүрмен танысу
3.Ауыз әдебиетінің жанрларымен танысуды жалғастыру
4. Ұлттық ойындар
5. Ата-аналардың берілген тапсырмасын орындауын қадағалау.
Ата-аналармен жұмыс:
1. Жобаның тақырыбы бойынша ата-аналарға арналған кеңес::
«Бала тәрбиесі - бесіктен»
2 «Менің туған өлкем» суреттер көрмесі
Жобаны іске асыру жоспары
Әрекеттің мазмұны |
Мақсаты |
Нәтижесі |
|
1 кезең. Ұйымдастырушылық. |
|||
«Менің туған көшем, ауылым»; «Менің кіші отаным-балабақшам» «Туған елдің төрінде»; «Мен елімнің патриотымын »;
2. Жобаны кезеңдеп орындауды және оны ұйымдастыруды қатысушылармен жоспарлау
3. Ақпарат көздерімен жұмыс Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысу
4. Дидактикалық ойындар.
«Ғажайып қалта»
«Бет
орамалға лайық жамауларды табу» «Менің мекенім, менің отбасым»
«Әдемі
кілемшелер» «Не жоқ?» дидактикалық ойыны
5. Тіл дамытуға арналған жаттығулар - мақал-мәтелдер - жұмбақтар-жаңылтпаштар - санамақтар |
Балалармен апта бойы әңгімелесе отырып, баланың бойында патриоттық сезімді, отансүйгіштікті ұялату, сөздік қорларын молайту.
Апта бойына жоспар құру
Ақпарат көздерін қолдану арқылы балалардың есте сақтау мен белсенділіктерін арттыру.
Дидактикалық ойындар арқылы балалардың патриоттық тақырыпта алған білімдері бекітіліп, ойлау, өз ойын жеткізу қабілеттерін дамыту.
Ауыз әдебиетінің жанрлары арқылы балалардың ауызекі сөйлеуін, тілін, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту
|
Балалар әңгімелесулер бойынша өз ойларымен бөлісіп, жаңа мағлұматтармен танысып, білімдерін толықтырды.
Балалар презентациялар арқылы қазақ халқының салт-дәстүрімен, ұлттық киімдерімен және ыдыстарымен танысты.
Балалар әр дидактикалық ойындар барысында шарттарын сақтап, қойылған міндеттерді орындауға тырысты. Өз әрекеттерін дәлелдеп, өз беттерінше шешім табуға тырысты.
Балалар ауыз әдебиетінің жанрларымен таныса отырып, қызығушылық танытты. |
|
2 кезең. Жобаны іске асыру. |
|||
Әрекеттің ұйымдастыру формалары Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Туған жердей жер болмас» тақырыбына әңгіме құрастыру.
Сурет салу Тақырыбы:Гүлдене бер,Қазақстан!
Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: Еліміздің рәміздері.
Өзін-өзі тану Өзін-өзі тану Тақырыбы: «Мен елімнің кішкентай азаматымын»
Орыс тілі Тақырыбы: Мое любимое село – Аманкарагай
3. Ата–аналармен қарым–қатынас Жоба тақырыбымен танысу; «Менің туған өлкем» атты сурет көрмесіне атсалысу; |
Ұйымдастырылған оқу әрекеттері арқылы балаларға туған ел, жер туралы, еліміздің рәміздері туралы, патриотизм туралы білім беріліп, өз туған ауылдары туралы білімберу. Балалардың бойында отансүйгіштік, патриоттық, адалдық сезімдерін тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ата-аналарды жобамен таныстыра отырып, қызығушылықтарын арттыру.
|
Әр ұйымдастырылған оқу әрекетінде балалар жаңа білім алып, өз ойларымен бөлісіп, берілген тапсырмаларды және ойын шарттарын орындауға тырысты. Әр сабақ сайын өз сөздік қорарын молайтып, қызығушылық танытты.
Ата-аналар жоба барысында өз үлестерін қосты. балалармен бірге көрмеге қатысып, өз қызығушылықтарын танытты. |
|
3 кезең. Жобаның презентациясы. |
|||
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген