жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ересек тобының «Сиқырлы ертегілер әлемі» жобасы
Ересек «Көгершін» тобының
«Сиқырлы ертегілер әлемі» жобасы
Жобаның түрі: танымдық-зерттеулік, ойындық, шығармашылық.
Өткізілетін уақыт: 1 апта.
Жобаға қатысушылар: тәрбиешілер, балалар.
Жобаның мақсаты: Кіші фольклорды қолдана отырып балалардың сөйлеу белсенділігі мен сөз байлықтарын дамыту.
Жобаның міндеттері:
Білімділік:
Баланың тілін дамыту, оларды бауырсақ ертегісі арқылы кіші фольклормен таныстыру; балаларды тәрбиешінің сөйлеу мәнерін тыңдауға үйрету.
Балаларды тәрбиешінің сөздері мен сөз тіркестерін қайталауға ынталандыру;
Жабайы аңдармен таныстыру;
Музыка ырғағымен қимылдар жасау, шығармадағы музыканы зейін салып тыңдауға дағдыландыру ;
Көркем шығармашылыққа балалардың қызығушылықтарын қалыптастыру.
Дамытушылық:
Балалардың танымдық қабілеттерін, қабылдауларын дамыту;
Қозғалмалы ойындар арқылы қозғалыс тәжірибелерін жалпылау;
Жақсы көретін шығармашылықтарды эмоционалды қабылдауды, қол моторикасын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
- ертегілерге деген сүйіспеншілікке, жануарларға деген сақтық сезімдерге тәрбиелеу.
Жобаның өзектілігі:
Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман тілегін, қиялын,даналығын,ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз.Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын қалыптастырады. Ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айырықша көңіл бөлгеніміз жөн. Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» мемуарлық кітабында «Ертегісіз өскен бала-рухани мүгедек адам.Біздің қазіргі балаларымызға ертегіні ата-аналары айтып бермейді.Ал бесікте жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын»-деген екен.Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол.
Бала тұлғасының интелектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру кеңестігінің басты міндеттері болып табылады.Қиял-біздің өміріміздің бір қыры.Көз алдымызға елестетіп көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса,ғажайып өнер туындылары, түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді.
Балалардың даму үшін ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек.Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншық пен сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды.
Ертегілер құрамы жағынан әр алуан, қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт ертегілері болып бөлінеді.Ертегі түрлерін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып балаға жеткізе білу керек.Ертегіні баяндай отырып, мұңаюға, шаттануға үйрету, балаларды қызықтырып ой-қиялын дамыту оны баяндауға жетелеу, сөздік жұмыстар арқылы сөздік қорын байыту, ертегі кейіпкерлерін талдау барысында жағымды мен жағымсыздықты ажыратып, кішіпейілділікке, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелейміз. Жануарлар туралы ертегілерді балаларға үйрету үшін мен алдыма мынандай міндет, мақсат қойдым: қоршаған әлемді таныстыру,заттармен құбылыстарды ажырату.
Ертегілер қоршаған әлемді дүниенің тұтас күшін танумен бірге сан алуан күйде ондағы заттар мен кұбылыстардан хабардар етеді. Мұндай шығармалар ересектермен балалардың бірлескен әрекеттерінің мазмұнын байыта түседі яғни мен балаларға ертегі оқығанда таңғажайып әлемге, көшбасшы ретінде жетелеумен қатар,кітаптағы мазмұнды баяндай отырамын сонда ертегі балаларды жалықтырмайды, керісінше қызықтырып, ойын, қиялын ,тілін дамытады.
Мектепке дейінгі бала оқи білмесе де, үлкендердің оқып бергенін түсінетін тыңдаушы ретінде есептелінеді. Бірақ ол тыңдағысы келгенін ғана таңдайды, оны қабылдап,қызықты болғанын қалайды. Ертегі баланың ақыл ойын жетілдіреді, тілін дамытады. Балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру үшін біз «Ертегіде қонақта» атты жоба ойластырдым. Осы жоба негізінде білім саласының бөлімінің міндеттері қарастырылды. Балалар ертегісі оны қоршаған ортаны танып білудегі бірінші және маңызды сатысы болып есептелінеді. Халық ертегілеріндегі көркем сөз кейіпкерлері мен тілі кішкентай балаға түсінікті де қарапайым. Ертегі баланың қиялын дамытады. Баланың қиялындағы жағдайларда өзін ойша іс әрекет жасауға дағдыландырады, ал мұндай сәт оның болашақ шығармашылығына жол береді.
Бала өзін жақсы кейіпкермін деп есептейді, өйткені ол ертегіде батырдың мадаққа ие болатынын , ал жауыздың сазайы берілетінін жақсы түсінеді. Ертегідегі жақсылық ереже түрінде емес, әділ сиқыршы мен күшті батырлар кейіпкерлері арқылы беріледі. Ертегі баланың көңіл күйі мен адамгершілік қасиеттерін дамытуға әсер етеді. Ертегіден бала пайдалы нәрселерді алуы қажет. Балалардың ең алғашқы ертегілері әдемі де түрлі түсті суреттерімен болғаны дұрыс бұл баланың ертегіні жақсы қабылдауына әсер етеді, ертегіге деген қызығушылығын арттырады.
Қазіргі уақытта ата-аналардың балаларға ертегілер оқып беруге уақыттары жоқ. Осыған орай бала көп уақытты теледидар алдында немесе мультфильдер көрумен өткізеді. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда ертегінің алатын орны маңызды екенін біз білеміз. Сондықтан осы жобада балаларға ертегілермен таныстыра отырып, олардың мазмұнына көп көңіл бөлуге тырыстық. Осы арқылы балаларға, ата-аналарға ертегі баланың жеке тұлғасын қалыптастыру мен оның тәрбиесіне көп әсер ететінін, баланың дамуына керектігін жеткізу болды.
Күтілетін нәтиже:
Балалардың сөйлеу белсенділіктерін жоғарлату;
Балаларды «Бауырсақ» ертігісімен таныстыру, кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге, жабайы аңдарды таныстыра отырып, олардың ертегідегі рөлдері туралы түсінік қалыптастыру;
Жобаны іске асыру жоспары
Әрекеттің мазмұны |
Мақсаты |
Нәтижесі |
|
1 кезең. Ұйымдастырушылық. |
|||
2. Жобаны кезеңдеп орындауды және оны ұйымдастыруды қатысушылармен жоспарлау
3. Ақпарат көздерімен жұмыс Қазақ халқының ертегілерін АКТ арқылы балаларға көрсету.
4. Дидактикалық ойындар. «Бауырсақты салу». «Қимылын көрсет» «Ғажайып қалта» «Не жетіспейді?» «Бауырсақ» ертегісін театрландыру.
|
Балалармен ертегілер жайында әңгімелесе отырып, оның мазмұнының тәрбиелік мағынасын түсінуге дағдыландыру, негізгі ойды таба білуге үйрету.
Апта бойына жоспар құру
Ақпарат көздерін қолдану арқылы балалардың есте сақтау мен белсенділіктерін арттыру.
Ойындар арқылы балаларға ертегінің мазмұның түсіндіре отырап, оның кейіпкерлері мен олардың мінез-құлықтары мен бірі-бірінен ерекшеліктерін ажыратуды дамыту. |
Балалар жобаның тақырыбына қызығушылықпен қарады.
Балалар мульфильмдер арқылы ертегідегі кейіпкерлермен таныса отырып, олардың әрекеттерін бақылады.
Балалар әр дидактикалық ойындар барысында ертегі кейіпкерлерімен таныса отырып, олардың ерекшеліктерімен танысты. өзара салыстырып,өз бетімен Ойындарға белсене қатысып, әр ойынның шартын нақты орындауға тырысты |
|
2 кезең. Жобаны іске асыру. |
|||
Әрекеттің ұйымдастыру формалары Коммуникация «Алаңқайда үйшік тұр («Үйшік» ертегісін сахналау)» Сурет салу «Түлкінің достары» Дене шынықтыру «Аюда қонақта» «Таным» «Сиқырлы дорба» Сурет салу: «Бауырсақ қалай домалайды»
3. Ата–аналармен қарым–қатынас Жоба тақырыбымен танысу; «Ертегі кейіпкерлері» көрме; Ертегілерді телебағдарламалар қарау.
|
Ұйымдастырылған оқу әрекеттері арқылы балаларды ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып, олардың білімдерін толықтыру. Кейіпкерлерімен олардың ерекшеліктері туралы білім беру. Ойлау, зейін, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Ата-аналарды жобамен таныстыра отырып, қызығушылықтарын арттыру.
|
Балалар әр сабақта ертегінің мазмұнын ғана емес, оның мәнін түсініп, қабалдауды үйренді. Әр берілген мәліметтерге қызығушылық танытып, өз білгендерімен бөлісті.
Ата-аналар жоба барысында өз үлестерін қосты. Балаларға үйлерінде ертегілер туралы мәліметтерді толықтыра беруге тырысты. |
|
3 кезең. Жобаның презентациясы. |
|||
Бірлескен әрекет «Күлкі терапиясы» көрініске бару
|
|||
4 кезең.Әрекеттің талдануы. |
|||
Жобаны іске асыру барысында балалар белсенділік көрсетіп, әр берілген ақпаратты қызыға тыңдап, берілген тапсырмаларды орындауға тырысты. Алған білімдерімен бір-бірімен бөлісіп, ертегілер әлемімен танысты.Осы тақырып төңірегінде өз шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген