400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ересек топ балаларына арналған жылдық жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топ балаларына арналған жылдық жұмыс жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Жумабаева Камшат Қасымқызы

Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке деінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспар

Ересек топ балаларына арналған

Өтпелі тақырыбы: «Балабақша»

Мақсаты: Балаларда әлеуметтік дағдыларды, мектепке дейінгі ұйымға,топқа, балалар мен ересектерге сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға бірлескен әрекетке қызығушылықты дамытуға бағытталған.


Білім беру салалары

Денсаулық

Коммуникация

Таным

Шығармашылық

Әлеумет

Оқу қызметтерінің сағат саны

Дене шынықтыру(3)


Сөйлеуді дамыту(1)

Көркем әдебиет(0,5)

Драма (0,5)

ҚМҰҚ (1)

Құрастыру (0,5)

Жаратылыстану (1)

Сурет салу (1)

Мүсіндеу (0,5)

Аппликация (0,5)

Қоршаған ортамен танысу(0,25)

Экология негіздері (0,25)

Мақсаты

Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, қызығушылығын арттыру.

Инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, қоғамдық ортада ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Математикалық, конструтивтік ойлау дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын, экологиялық білім негіздерін қалыптастыру болып табылады.

Инновациялық әдістер мен технологияларды шығармашылық дағдыларды , эстетикалық талғам дағдыларын дамыту және қалыптастыру.

Жалпы адамзаттық құндылықтар мен ережелер негізінде жеке тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру.

І- апта

Баланың денсаулығын сақтау және нығайту,қызығушылығын арттыру

Сөйлеуді дамыту.

-Құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсе алады, олардың өтініштерін орындайды.

Көкем әдебиет

-Әдеби кейіпкелердің қылықтарын бағалай алады.

Драма

-Барлық дыбыстарды анық және әртүрлі қарқында дыбыстайды.

ҚМҰҚ

-5 көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды.

Құрастыру

-құрылыс бөлшектерін атайды, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып, пайдаланады.

Жаратылыстану

-Үй жануарларын және олардың төлдерін, үй құстарын атайды.

Сурет салу

-сурет салу техникасын игерген

Мүсіндеу

-түрлі пішіндегі және көлемдегі таныс заттарды түрлі тәсілдерді қолданып, мүсіндей алады.

Аппликация

-қайшыны дұрыс ұстайды және пайдаланады.


Қошаған ортамен танысу

-өзі туған елді мекенін, туған елін атайды.

Экология негіздері

-өлі табиғат объктілерін ажыратады және атайды.

ІІ-апта

Дене шынықтыру

Дене жаттыңуларын орындауға қызығушылық танытады

Сөйлеуді дамыту

-Сөйлемдердің түрлерін (жай және күрделі), сын есімдерді,етістіктерді, үстеулерді қосымшаларды қолданады; адамдардың мамандықтарын, олардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді біледі, тұрмыстық заттар және қоршаған табиғат заттарының мәнін түсінеді.

Драма

-Дауыс күшін өзгертіп, түрлі интонацияда дыбыстайды.

ҚМҰҚ

-Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарға ие, шамасы әртүрлі 2-3 затты (ұзындығы,биіктігі, ені, жуандығы бойынша) өсу және кему ретімен орналастыра алады.

Құрастыру.

-құрылысты безендіру үшін түрлі түсті бөлшектерді қолданады.

Жаратылыстану.

-кейбір жабайы аңдардың түрлерін біледі.

Сурет салу

-үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, сурет салады.

Мүсіндеу

-адамның пішінін (дене бөліктерін: бас, кеуде, қолдары, аяқтары) мүсіндейді.

Аппликация

-қысқа және ұзын жолақтарды, дөңгелек пішіндерді қияды.

Қоршаған ортамен танысу

-қазақ киіз үйі оның құрылысы ішіндегі заттарды, ұлттық киімдер мен әшекейлерді атайды және ажыратады

Экология негіздері

-кейбір табиғат құбылыстарын, табиғаттағы және ауа райындағы маусымдық өзгерістерді ажыратады және атайды.


ІІІ-апта

Түрлі тапсырмалар орындап,бір-бірден сапта жүреді

Сөйлеуді дамыту

-Себеп-салдарлық байланыстарды орната біледі.

Көркем әдебиет

-Өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атайды.

Драма

-сезім ырғағы мен қозғалыс үйлесімін серіктесімен сәйкестендіре отырып сақтайды.

ҚМҰҚ

-геометриялық пішіндерді және геометриялық денелерді ажыратады жәнеатайды, кеңістікті және уақытты бағдарлай алады.

Құрастыру.

-биіктігі, ұзындығы, ені бойынша құрылыстырды өзгертеді.

Жаратылыстану

-бөлме өсімдіктерін, балабақшаның ауласындағы өсімдіктерді атайды.

Сурет салу

-көкөністер-жемістердің, ыдыстардың, ойыншықтардың, жануарлардың суреттерін салады.

Мүсіндеу

-халық шығармашылығының желісі бойынша тұрмыстық заттар мен ойыншықтардың бейнелерін мүсіндеуге қызығушылық танытады.

Аппликация

-жеке бөліктерді жапсырады.

Қоршаған ортамен танысу

-еңбек адамдарына және олардың еңбектерінің нәтижелеріне құрмет көрсетеді.

Экология негіздері

-4-5 ағаштардың түрлерін, бұталарды, шөптесін өсімдіктерді, гүлдерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, көкөністер мен жемістерді; үй және жабайы жануарларды атайды және ажыратады.

IV-апта

Екеуден,үшеуден қатарға қайта тұрады

Сөйлеуді дамыту

-отбасы, отбасындағы тұрмыс, халықтық дәстүрлер,қаласы (ауылы) туралы айтып бере алады.

Драма

-сахнаны, алаңды бағдарлайды; театрландырылған қойылымды дайындау барысында ересектермен және құрдастарымен өзара әрекет ете алады.

ҚМҰҚ

-5 көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды.

Құрастыру

-бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді

Жаратылыстану

-табиғаттағы маусымдық өзгерістерде қарапайым байланыстар орната алады.

Сурет салу

-Қазақ оюының бөліктері туралы ұғымдарға ие.

Мүсіндеу

-кескішпен түрлі безендірулер жасайды.

Аппликация

-желімді, сүлгіні қолдана алады.

Қоршаған ортамен танысу

-әскердің міндеті туралы түсініктерге ие.

Экология негіздері

Дағдылар тізбегі

Өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалысты өздігінен орындай алады.

Ересектермен, балалармен қарым-қатынасқа түседі және олардың өтініштерін орындай алады.

Заттарға тән ерекшеліктерді және белгілерді иісі, дәмі, дыбысы негізінде қабылдайды, атай біледі.

Бейнелеу өнерінің түрлері туралы ұғымдары бар (кескіндеме, мүсіндеу, халық өнері)

Қажетті жағдайда көмек сұрай алады, басқа адамдардың тілектерін құрметтейді.




ЦИКЛОГРАММА

ІІ апта ( 09-13 қыркүйек 2019ж)

Ортаңғы «Балдәурен» тобы

Өтпелі тақырып «Балабақша»

Тақырыпша «Менің достарым»

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау



07.30-

09.15


Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы. Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.


Ата – аналармен әңгімелесу

Қабылдау ережелері, демелыс күндерін өткізу дәстүрлері т.б. бойынша ата-аналармен пікірлесу;

Баланың өміріндегі екінші әлеуметтік орта - балабақша туралы, ондағы тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу; Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу;

Балаларды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу мәселелері, озық іс-тәжірибелер бойынша әңгімелесу;

Өзін – өзі күтуге және жақындарына көмек беруге үйрету тақырыптары бойынша сөйлесу, пікірлесу

Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. )

Педагогтің жетекшілігімен

4К сыни ойлау

Тақырыбы: Не өзгерді?

Мақсаты: Балалар көру арқылы өзгерген заттарды таба алады.

Құрылымдалған ойын: Бала үні

Бас қатырғыш:

Максаты: балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.


Құрылымдылған ойын

Тақырыбы:«Ойна да үйрен»

Мақсаты:

Балалар геометриялық пішінді біледі түсі бойынша ажырата алады.


Құрылымдалған ойын

Саусақ ойыны:

Тақырыбы:«Моншақ» Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сақсаусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларлы тізбектеп қатарға тізе бастайды. Қыимылмен моншақ пішінін жасайды. Екі қолмен қатар жасай отырып, саусақтарды тізбектейді.

Қызыл-сары көк моншақ,

Мен жасаймын көп моншақ.

Педагогтің жетекшілігімен ойын:

Тақырыбы: «Жүргізушілер.

Мақсаты: Балалар транспортшылардың, автоинспектор қызметкерлерінінің еңбектерін түсінеді, жүргізе алады.

Еркін ойын

4К сыни ойлау

Таңертеңгі гимнастика (5 мин)

Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимн айту.

Таңғы ас

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау

Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық


Педагогтің жетекшілігмен ойын

Тақырыбы: Автобус

Мақсаты: балалар автобус жүргізушілерінің қызметін біледі.
Шарты:Балалар қатарға бір - бірден тұрады. Тәрбиеші автобус жүргізушісі. Қалғандары жолаушылар. Тәрбиеші дыбыс берген кезде автобус жылжи бастайды. Ең әуелі баяу кейін жылдам, жылдамырақ жүреді. Балалар жүрісті баяулатады. Жүргізуші автобусты тоқтатады. Ойын тағы жалғасады.

Құрылымдалған ойын

Тақырыбы:«Жол полициясы» сюжетті рөлді ойын

Мақсаты: Жол полициясының еңбегі туралы біледі.


Педагогтің жетекшілігмен ойын

Тақырыбы: «Адал дос»

Мақсаты: Өз досы жайлы айта алады.

Бала үні

Құрылымдалған ойын:

Тақырыбы:«Паравоз»

Мақсаты: Балалар паравоз ойынын біледі, достарымен ойнайды.

Құрылымдалған еркін ойын

Балалар конструктормен еркін ойнауға дағдыланады.

Ұйымдастырылған оқу қызметтері

09.15-

10.30

1.Жаратылыстану Тақырыбы: «Бөлме гүлі Қазтамақ»

Мақсаты: Бөлме өсімдіктері туралы біледі, аттарын атай алады.

Педагогтің жетекшілігімен ойын ойын:«Гүл отырғызамыз»

Мақсаты: Бөлме гүлдерін отырғыза алады.

Шарты: Балалар екі топқа бөлініп отырады бір топ гүл отырғызса бір топ табиғат бұрышындағы гүлдерге қамқорлық жасайды саралап оқытудың топтарға, рөлдерге бөлу стратегиясы.

2. Көркем әдебиет

Құрылымдалған ойын:

Ф.Оңғарсынованың «Үй жақсы ма, бақша жақсы ма?» өлеңі.

SMART

мақсат:

Үй және балабақшаның суреттерін құрастыра алады.

Шарты: балалар екі топқа бөліп отырғызу бір топ балабақшаның суретіне қарап сөйлем құраса, екінші топ үйдің макетін құрады.

Саралап оқытудың заттық-кеңістіктік стратегиясы

1. Музыка

2. Мүсіндеу

Педагогтің жетекшілігімен ойын «Қоян-менің сүйікті ойыншығым»

Мақсаты: Ермексаздан қоянның мүсінін жасай алады.

Шарты: балалар екі топқа бөлініп отырады.

Бір топ қоянның бейнесін мүсіндесе, екінші топ мысықтың бейнесін мүсіндейді.

саралап оқытудың заттық-кеңістіктік стратегиясы


3.Дене шынықтыру


1.Дене шынықтыру 2.ҚМҰҚ

Педагогтің жетекшілігімен ойын «Достарымның ойыншықтары»

Мақсаты: Заттарды салыстырады, жұптарын салыстыру арқылы оларды санамай-ақ жұптарын салыстыра алады.

«Таныс пішіндер доминосы»

Сыни ойлау


3.Сөйлеуді дамыту Құрылымдалған ойын: «Үйшік» ертегісі

SMART мақсаты: Ертегі желісінің мазмұнын айта алады, ұжымда адал дос бола алады.

саралап оқытудың заттық-кеңістік стратегиясы



1.Экология негіздері

Құрылымдалған ойын: «Топ бөлмедегі достарыма арналған ойыншықтар»

Мақсаты: Топ бөлмелеріндегі ойыншықтардың атын атай алады.

«Ойыншықтарды орналастыр және ата»

саралап оқытудың заттық-кеңістік стратегиясы

1. Сурет

Құрылымдалған ойын: «Балабақшадағы түрлі түсті шарлар» (заттық сурет салу)

Мақсаты: дөңгелек пішінді заттарды сала алады

саралап оқытудың топтарға рөлдерге бөлу стратегиясы

2.Дене шынықтыру

3.Құрастыру

Педагогтің жетекшілігімен ойын: «Досымның үйі»

SMART мақсаты: Орналастыру тәсілдерін қолдана алады үйді пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлдененінен орналастырып құрастыруға дағдыланған

саралап оқытудың ресурстарды саралау стратегисы

Серуенге дайындық

11.30-12.00

Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау.

Серуендеу

Бақылау: Күзгі ауа-райындағы өзгерістерді бақылау.
Мақсаты:Балаларға күз мезгілі біледі, Күзгі ауа-райын жазғы ауа-райымен салыстырады,күздегі өзгерістерді еркін айта алады.
Еңбек: Құм салғыштың айналасындағы құмдарды күрекшемен жинату.
Құрылымдалған еркін ойын

«Ұшты — ұшты»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері


Бақылау: Күзгі ағаштардың жапырақтарының түстерін бақылау
Мақсаты: Күзгі жапырақтарды біледі, түстерін ажырата алады.
Еңбек: Учаскедегі күзгі жапырақтарды бір жерге жинау.
Құрылымдалған еркін ойын: «Жапырақ жинау»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері


Бақылау: «Күзгі саябаққа серуен»
Мақсаты: Саябақ туралы біледі.
Еңбек: саябақтағы әр түрлі ағаштардың жапырақтарын жинау. Әр ағаштың жапырағын ажыратып үйрету.
Құрылымдалған, еркін ойын.

«Құстар мен мысық», «Аққу-қаздар»
Мақсаты:Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері


Бақылау: «Тұманды бақылау»
Мақсаты: Табиғат құбылыстарын айта алады.Соның ішінде бүгінгі ауа-райының өзгерісі тұманды бақылай алады. Ашық және тұманды күннің ерекшеліктерін біледі
Еңбек: Жапырақтардан әртүрлі бейнелер құрастырту.
құрылымдалған еркін ойын «Кетіп қалған кім?», «Қояндар мен қасқырлар»
Мақсаты: Рөлдерде ойнай біледі. Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері


Бақылау: «Қайтқан құстарды бақылау»
Мақсаты:Балалар өздерімен бірге қайтқан құстар жайлы біледі, атын атай алады.

Еңбек: Құстарға жем салатын тақтай жасау.

Құрылымдалған еркін ойын «Қайтқан құстар» «Құстар мен мысық»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері


Серуеннен оралу

Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа

тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау

Түскі ас

12.00-12.40

Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру. Тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң ауыздарын шаюды қадағалау.

Түскі ұйқы

12.40-15.10

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары

15 10-

15.50

Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру.

«Қайық» - Төсекте ішпен жатып , қолды иекке таяп қою, жартылай тұрып оңға- солға тербелу.

«Кемпірқосақ» - Төсекте арқамен жатып аяғымен ауада шеңбер жасау.

«Созылу» - Төсекте аяқтары бірге, қолды денесінің қалпымен жоғарыға созып, арқасымен жатып керілу.

«Тышқандар» - Массажды кілемшеде аяқ ұшымен және өкшемен айналу

Бесін ас

15.50-

16-20

Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң аузын шаюды қадағалау.

Ойындар, дербес әрекет



16.20-

17.20

«Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана» Педагогтың жетекшілігімен ойын Мақсаты:  Медицина қызметкерлерінің еңбегін түсінеді.


«Балабақша» Педагогтың жетекшілігімен ойын

Мақсаты: тәрбиешінің рөлін ойнауға дағдыланады.


Дүкенші педагогтың жетекшілігімен ойын

Мақсаты: дүкеншінің қызметі туралы біледі. Және еркін ойнай алады.

Сыни ойлау. Креативтілік

Педагогтың жетекшілігімен ойын

Шашатараз

Мақсаты: шаштаразшының қызметі жайлы біледі. Шаш сәндей алады.


Педагогтың жетекшілігімен ойын

«Аспазшы»

Мақсаты: Балалар аспазшының жұмысын біледі. Ас әзірлеуге дағдыланады.

Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс:

Мақсаты: Аружанмен сурет оқу қызметі бойынша түрлі түсті шардың суретін үлгі бойынша салдыру, қарандашты дұрыс ұстауға үйрету.

Жеке баламен жұмыс: Мақсаты: Ерасылмен сөйлеуді дамытудан «Ойыншықтар» өлеңінде «ш,с» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.

Жеке баламен жұмыс: Мақсаты: Арумен сөйлеуді дамытудан «Үйшік» ертегісіндегі «р» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.

Жеке баламен жұмыс: Мақсаты: Інжуге пішіндер туралы,оны атауды үйрету.

Жеке баламен жұмыс:

Ерәлімен тақырып бойынша қайталау.



Серуенге дайындық

Балаларды киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.

Серуен

Балабақша ауласына серуен.

Балалармен әңгімелесу.

Балалардың үйге қайтуы

17.20-18.00

Ата-анамен баланың жетістігі жайында әңгімелесу


Ата –анаға кеңес балаңыздың қызығушылығына мән бересізбе?


Ата – аналарға күннің салқындауына байланысты қалың киіндіруін өтіну


Ата –анаға сауалнама

Балаңыздың сұрақтарына жауап бересізбе?


Балалардың үлгерімі жайында әңгімелесу






Перспективалық жоспар мен апталық циклограмманы өзгерту кезінде түсініктеме

Перспективалық жоспар құру кезінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына» және «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сүйене отырып құрдым. Үлгілік оқу бағдарламасы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5және 14 баптарына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Бағдарламаның мазмұны: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік дағдыларын рухани – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Бағдарламаның мідеті

-Баланың өмірін қорғауды

-Денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру

-Эстетикалық дамуына бағытталған

Перспективалық жоспарға мектепке дейінігі оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын бағдарламаның жаңарту аясында қолданатын әдістерді кіріктіріп жаздым. Жас ерекшеліктеріне сәйкес дәстүрлі тәсілден инновациялық тәсілдеме күтілетін нәтижесін, дағдылар тізбегін жаздым.

Бір апталық циклограммаға бағдарламаның түйінді идеялары: 4К моделін, Бала үнін, Ойын, бақылау енгіздім. Ұйымдастырылған оқу қызметін SMART мақсатқа айналдыра отырып 4К моделін, бала үнін, ойын арқылы өткіземін.

SMART мақсатты қолданған себебім,

SMART мақсат балаға бағытталған уақытпен шектеулі, қолжетімді екенін түсіндім және енгіздім.

Ойынның үш тәсілінің тиімділігі: топқа, жұпқа, бөлу арқылы баланың дербестігін, қызығушылығын қажеттіліктерін ескере отырып апталық циклограммаға енгіздім. Ойындар арқылы 4К моделіне ондағы бала үні, креативтілігі, сыни ойлуына, коммуникативтілігіне қол жеткіземін

Топқа бөлгенде командамен жұмыста креативтілік, коммуникативтік, сыни ойлауды енгізе отырып жұмыс жасауға болады.

Саралап оқытудың кезінде балалардың қажеттілігін ескеріп балалардың қызығушылықтарын, ерекшеліктерін ойын, тапсырма, жаттығуларды жүргізу тиімді деп есептеймін.

Соның ішінде топтарға, рөлдерге заттық-кеңістіктік ортаны ұйымдастыруға диалог/сұрақтар қою арқылы өткізуді тиімді деп санаймын. Ойын мен ұйымдастырылған оқу қызметін тақырыпқа сай енгіздім. Себебі бұл жерде баланың үні ескеріледі. Болашақта осы жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс жасаймын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1895
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі