Материалдар / Ересек топ балаларына арналған ойындар және тренингтер

Ересек топ балаларына арналған ойындар және тренингтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топ балаларының танымдық қабілеттерін дамытушы ойындар
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

1.Тақырыбы: «Суретті құрастыр» дидактикалық ойыны.

Мақсаты-міндеттері:

Балаға бірнеше бөліктерден тұратын тұтас суретті құрастыруды үйрету, төзімділікке, бастаған істі аяқтауға тәрбиелеу.

Ойын шарты:

Сурет бөліктерін қателеспей таңдап, өзіндегі суретті жылдам құрастырып, атауын дұрыс атаса, сол бала жеңімпаз атанады.

Ойын іс-әрекеті

Тұтас суретті құрастыру үшін тиісті бөлшектерін іздестіру.

Қажетті құралдар

Бірнеше бөлікке бөлінген түрлі заттардың суреттері. (көлемдері 7×8 см карточкалар).

(танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, қарым-қатынас іс-әрекеті)Топтағы балалардың бір - бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым – қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.

2.Тақырыбы: «Бұл қай кезде болады?» ойыны


Мақсаты:

Балалардың жыл мезгілдері және қоршаған орта туралы, табиғат құбылыстары жайлы қабылдауын кеңейту.


Ойын барысы:


Тәрбиеші сақинаны балаға беріп, сұрақ қояды.

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

Тәрбиешінің қойған сұрағына балалар ойланып, дұрыс жауап береді. Мысалы: Көктем деймін деп, сақинаны Әселге беремін.Әсел тез ойланып, көктемде не болатынын айтады. Осылыйша ойын жалғаса береді. Құстар қайтадан көктемде жылы жақтан ұшып келеді.

  • Бұл құстарды қалай атауға болады?

  • Олардың қандай пайдасы бар?

(Қара торғай – орман дәрігері, бау-бақшаны тазалайды, ағаштағы құрттарды жеп қояды, қарлығаш адамның досы.т.б. )

Құстарды қорғау керек.

  • Сендер оларға қандай көмек жасадыңдар? (Тамақтандыру.)



3. Тақырыбы: « Гүл » ойыны

Мақсаты:

Ересек топ балаларының қиялын дамыту, денедегі қысымды түсіру.


Ойын барысы


Балалар жүрелеп, тізелерін құшақтап отырады. Олар дәндер жақында әдемі гүлге айналады.

Жетекші ойыншыларға қарап ; «Күннің жылуы шуағы жерге түсіп дәндері жылытты. Дәндер тамырланды. Олар өсті бой көтерді бұратылып күнге мойнын созды. Күн гүлдің әрбір күлтешесін қыздыра бастады»

Балалар жетекшіні тыңдап, нақты қимылдармен көрсетеді; жүрелей отырады; бастарын, қолдарын көтереді; Бойларын тік ұстап; қолдарын жан- жаққа созады- гүл ашылды; Басын сәл артқа шалқайтып, күнге қарайды. Көздерін жартылай жұмып, көктемгі гүлге қарап күлімсірейді.


4. Тақырыбы: «Суреттің екінші бөлігін сал»

Мақсаты:

Балалардың логикасын дамыту

Ойын барысы:

Балаларға үлестірмелі қағаздар беріледі. Әр қағазда суреттің бір жартысы салынған, балалар суретке қарап не бейнеленгенін табады да екінші жартысын салады.



5. Тақырыбы:«Суреттерді есте сақта» ойын


Мақсаты: көру есін және зейінің дамыту.


Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай.


Ойынның өтілуі барысы:


Психолог әр балаға ойынға араналған карточкаларды таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. 10 сек. соң карточканы аударып «суретте не орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады. Осылай жеңімпаз анықталады


6. Тақырыбы: «Бәріміз бірге» тренинг


Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.


Тренинг барысы: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.


7. Тақырыбы: «Бұзылған телефон» тренинг


Мақсаты: вербальде деңгейде бірін-бірі түсінуді үйрену үшін.

Тренинг барысы:

Қатысушылар бір-бірден тізбекке тұрады. Жүргізуші тізбектің соңына тұрады. Осылайша барлық қатысушылар бір-біріне арқаларымен тұрады. Иыққа қағыспен қатысушы алдында тұрған қатысушыға қарауды ұсынады. Содан кейін ол ым-ишара арқылы бір затты көрсетеді ( сіріңке қорабы, пситолет, волейболды доп және т.б.). Бірінші қатысушы екінші қатысушыға қарайды және жәнегі иық қағысымен оның қарауын сұрайды, сосын затты көрсетеді және сол сияқты ары қарай ақырғы қатысушыға дейін. Ең ақырғы қатысушы сол затты атайды. шарттары: барлығы да дыбыссыз орынадалады, тек қана ым-ишара арқылы, тек қана қайталауды сұрауға болдады және қатысушылар кезегі жетпей бұрылмауы керек.

Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:

  • Қатысушылар бір-біріне әдепті болды ма?

Кімге өз досын түсінуге ұиын болды?


8. Тақырыбы: «Не өзгерді?» ойын

Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

Ойынның шарты: Үстелдің үстіне бірнеше зат я болмаса кішкентай ойыншық қойылады. Балаларға үстелде тұрған ойыншықтарды есінде сақтау ұсынылады, содан кеиін «козіңді жұм» - деп нұсқау беріледі, осы кезде жүргізуші ойыншықтардың біреуін алып тастайды да қай ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады.

Осы ойынның басқа нұсқасы ретінде; келесі тапсырма заттардың орналасуының озгергенін табу болып табылады. Ойыншыларға үстелдегі заттардың қандай тәртіппен орналасқанын өзінде сақтау ұсынылады, ал кейін ойынды жүргізуші бірнеше заттың орнын ауыстырады да не өзгергенін табу ұсынылады.


9. Тақырыбы: «Нені көрсетсем,соны тап» ойын

Мақсаты:балардың тіл байлығын жетілдіру, елестету қабілетін дамыту.
Ойын мазмұны: Бір баланың көзін байлап, алдыға шығарады, отырған балаларға көкөністі көрсетеді. Мысалы: сарымсақ, отырған балалар оған сөзбен сипаттама береді. Алдыға шыққан бала сипатталған затты атайды.

10. Тақырыбы: «Пішінді құрастыр, түсті ата» ойын


Ойын мақсаты: Түстер мен пішіндер арқылы құрастырып үйрету. Есте сақтау, көру, ажырату қабілеттерін дамыту.


Ойын шарты: Балалардың алдына әр түрлі пішіндер беріледі. Ол пішіндерден суреттегі көрсетілген заттарды құрастырады. Түсі мен пішінін дұрыс ажыратулары керек.

11. Тақырыбы: «Сөйлемді аяқта» ойыны.

Мақсаты: Балада ойлауды дамыту.


Нұсқау: Балалар шаңбер бойына отырады. Жүргізуші балалардың біреуіне допты лақтырып, сөйлемнің басын айтады. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты жүргізушіге қарай кері лақтырады. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтай алмаса, ойыннан шығады.


Сөздердің нұсқауы:

Лимон ащы, ал қант...

Шөп жасыл, ал аспан...

Адамда екі аяқ, ал итте...

Сен көзбен оқисың, ал жазасың...

Сен ауызбен тамақтанасың.

Ит үреді, ал мысық...

Сен көзбен көресің, ал демаласың...

Құстар ұяда тұрады, ал адамдар...

Құс ұшады, ал жылан...

Кеме жүзеді, ал машина..

12. Тақырыбы: «Не қандай түсті болады?» дамытушы жаттығу.

Мақсаты-міндеттері:


Балаларға түстерді ажыратуды және дұрыс айтуды үйрету. 
Шарты.
Панноға жеті түсті бірыңғай бояуға боялған жеті карточкалар жапсырылады. Іші ойылған белгілі заттардың кескіндері кезегімен көрсетіліп тұрады.
Балалар кескінді көріп, оның қай түсте болуы мүмкін екені туралы болжам жасайды.
Құралдар: боялған және боялмаған заттардың суреттері.
Педагог:
- Балалар, мен көрсеткен заттың түсін айтайық. Жауаптың дұрыстығын карточканың үстіне салып тексереміз.
Лимон, балапан, күн - сары; құлпынай, алма, жүрек - қызыл; бақа, шырша - жасыл; сәбіз, апельсин - қызғылт сары; баклажан, алхоры - күлгін; аспан - көгілдір; кит - көк.
Балаларға «күннің түсі сары» сияқты толық фразаларды айтқызу маңызды. Толық жауап берген балалардың үлгілерін қайталатуға

13. Тақырыбы: «Не қайда мекендейді?» дамытушы жаттығу.

Мақсаты-міндеттері:

Балалардың ұғымындағы жабайы аңдар, құстар, үй жануарларының қайда мекендейтіні туралы білімдерін тиянақтау; сөздік қорын байыту; еске сақтау, ойлау, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту; дүниетанымын кеңейту.

Құралдар: жабайы аңдар, құстар, үй жануарлары және олар мекендейтін орындар салынған суреттер. Ойынның бірнеше нұсқасы бар.1-нұсқа.Бір суретке ғана қарап, жануарды және оның мекен ету ортасын табу. Жануарды және оның мекен ету ортасын білдіретін жұптарды құрастыру.

2-нұсқа.Өздік ойын түрінде өткізу. Жануардың мекен ету ортасының атауын естіп, жануардың қалай аталатынын айту. Жануардың дауысын естіп, мекендейтін орнын атау. Балаларды өз ойларын түсіндіруге талпындыру қажет.(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)

14. Тақырыбы: «Пазлды жина» үстел үсті ойыны

Мақсат-міндеттер: балалардың қабылдау, зейін, ойлау, қолдың ұсақ моторикасын, бөлшектерден тұтас затты құрастыру қабілетін дамыту; жабайы аңдар туралы түсініктерін бекіту.
Құрал-жабдықтар: балаларға таныс бейнелер мен заттарды, олардың бөшектерін (жануарлардың дене мүшелерін) бейнелейтін суреттер.
Педагог: 
– Балалар, суретте не бейнеленген?
– Жабайы жануарлар. Жарайсыңдар!
– Қандай жануарлар бейнеленген? Оларды атаңдар.
– Түлкі, қоян, аю, қасқыр, кірпі.
– Тамаша! Балалар, суретке мұқият қарап алыңдар, енді осы суреттің бөлшектерін тауып құрастырыңдар.
Ескерту: балалар үлгіге қарап, сол суретті бөлшектерден құрастырады, жинағаннан кейін үлгімен салыстыру керек.

15. Тақырыбы: «Көлеңкесін тап» дамытушы ойыны

Мақсаты-міндеттері:

балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа баулу.

Ойын барысы: Балалар суреттердің көлеңкесін тауып, фломастермен сызып сәйкестендіреді.)Балалардың ұғымындағы жабайы аңдар, құстар, үй жануарларының қайда мекендейтіні туралы білімдерін тиянақтау; сөздік қорын байыту; еске сақтау, ойлау, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту; дүниетанымын кеңейту








22 Қаңтар 2025
190
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі