Жүргізуші: Армысыздар, ардақты ата-аналар! Жер ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тасы еріген қасиетті наурыз айы туғанда амандықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын! Наурыз елімізге құт-береке әкелсін!
Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік
Ән «Нұрлы көктем»
Жүргізуші: Күлімде, наурыз күлімде
Күн мен түн теңеледі бұл күнде
Күн мен түнді оратаға шақырайық
Қуанышын сыйласын бүкіл елге
(күн мен түн ортаға шығады)
Күн: Сәулесі көп күнмін
Түн: Жұлдызы көп түнмін
Екеуі бірге: Бірдей болып біздер
Теңелеміз бүгін
Түн: Ал, ертен күн ұзақ
Күн: Түн қысқарар бірақ
Екеуі бірге: Ұйқы қанбай қалып
Жүрмеңдер тек жылап
Күн мен түн теңеледі
Жер шуаққа кенеледі
Соны тойлар ел енді
Жүргізуші: Рақмет күн мен түн біздің бүлдіршіндеріміздің сіздерге арналған
Биін тамашалаңыздар!
( Шабандоз ) би
Күн мен түн: Рақмет балалар Күндіз шуағымызды шашып түнде жұлдызымызды жарқыратып тұрамыз Сіздердің өнерлеріңізді үнемі қарап тұратын боламыз сау болыңыздар!
Жүргізуші: Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар.
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.
Бүгінгі күні Амангүл әже өзінің немересі Аружанның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.
Амантай әже:
Алғашқы немерем Аружан жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті әже, Айша құрбыма немеремнің тұсауын кестіремін. Немеремнің тұсауын кестірмес бұрын Осы немереме арнап «Айым болып тудың ба» деген әнді орындап берсе деймін
Ән «Айым болып тудың ба»
Ал, келін балам, кішкентай Аружанды ортаға әкеліп, Айша әжесіне табыс ет.
(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)
Айша әже:
Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа.
Маған тұсау кестіріп жатқандары сол жұрттар мені жүйрік деп шапшаң меннен асқан жүйрік бол балам
(Айша әже әже қолына ала жіпті алып жатып)
Ала жіппен тұсайын
Аружанның аяғын
Тұсау жібін кесейін
Жасап баба ырымын.
Сағат сайын есейіп,
Шапқыласын құлыным
Аяқтары талмасын
Айналайын, алтыным.
(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)
Қаз-қаз бала, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер.
(баланы жетектеп жүргізеді.)
Айша әже:
Ал, келіншектер, тәй-тәй-лап
Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар
Із қалдырсын соңына,
Алдын кең ғып ашындар!
( Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)
Тәрбиеші: Айша әжемнің немересінің «Тұсау кесер» тойының құрметіне би-шашу арнайын.
Би:
Айша әже:
Әкеліңдер ана сандықты ортаға «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған-тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін. Осы сый-сыяпатыма риза болыңдар, қадамдарыңа гүл бітсін.
(әже қонақтарына сый-сыяпатын көрсетеді.)
Тәрбиеші:
Тойдың одан әрі сәнін келтіру үшін тойға жиналған ұл мен қыздарымыз бар екен «Қыз қуу» ойынын ойнап жіберейік
Жүргізуші:
Құлыным үлкен жігіт болсын!
Ата-анасына қызық болсын
Жақсылармен қатар болсын,
Жамандармен қатал болсын,
Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,
Берік бұтақ болсын.
Наурыздарың құтты болсын!
Ұлыс береке әкелсін
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Осы тойды қызықтаған
Баршаңызда той болсын!
Жүргізуші: Ой жарайсыңдар, бәрекелді! Ауылымыздың биші қыздарының бүгінгі наурыз мейрамына дайындаған биін тамашалайық
Би ( )
Жүргізуші:
Наурыз құтты болсын
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаңда жол болсын
Осы тойды қызықтаған баршаңызға той болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ересек топ салт-дәстүр сахналау

шағым қалдыра аласыз