Материалдар / Ересек топ. Теориялық сабақ. Тақырыбы: «Абайла, жол!»

Ересек топ. Теориялық сабақ. Тақырыбы: «Абайла, жол!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2021
490
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы : Мурзабекова Алтыншаш Қаирхановна

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» М М

36 «Балақай» мектепке дейінгі ұйымы

Педагог психолог


Ересек топ. Теориялық сабақ.

Тақырыбы: «Абайла, жол!»
Мақсаты
: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.
Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші,
Көрнекіліктері: Бағдаршам макеті, жол белгілері.

Тәрбиеші:
Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады.

Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.
«
Достық шеңбері» сәлемдесу.
Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Біздер - қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы.
Тәрбиеші: - Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?
Балалар: көшелер, көліктер,бағдаршам.
Тәрбиеші: Жолдар қандай болады?
Балалар: Тегіс жолдар, кең жолдар, тар жолдар, ұзын жолдар, қысқа жолдар.

Тәрбиеші: Ал сендер балалар бағдаршам туралы не білесіңдер?

Алма кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта сақтан жол ашық                                          
Жүрме жолға таласып.

-Ал мына жолда ақ- қарамен сызылған жолақтар жатыр,бұл не белгі?

Бұл жермен кімдер жүреді?
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасындар бұл белгі жаяу жүргізушілерге арналған. «Өтіңдер» деген белгі. Бұл кезде көліктер тоқтап адамдар ғана жүреді.

Тәрбиеші: - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Төбесінде шырағы,
Жолаушының пырағы.
Барасың деп қай жаққа,
Алдын күтіп тұрды.
Шахматтың тақтасы,
Секілді онда таңба бар.
Бұл қай көлік
? (такси)

Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар.Көлік туралы кім тақпақ біледі? Алмаз: Көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен,
Күнде тынбай жүреміз.
Тәрбиеші: - Бәрекелді! Біздің қалада көліктердің түрлері көп екен.
Бүгін жолда жүру ережелерін есімізге түсіріп, жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің таңбаларымен танысамыз.Олай болса , жол тәртібін реттейтін реттеушіге береміз.

 Реттеушінің сөзі: 1.Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.

2.Егер жолдан өтуге үлгермесең , орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсінің жануын күт..

3.Жолдан өтерде солға қара , ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара .

4.Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.

5.Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса , жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.

6.Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.

-Балалар, Кім айтады жол белгісі неше түрден тұрады?

Өздеріне қойылатын бұл алғашқы сұрағым. (Ортаға жол белгілерін ұстаған балалар шығады).

Сақтандыру ,ескерту белгісі:

                                  Қып-қызыл үшбұрыш ,

Ескерту белгісі мен болам.

Қауіптен сақ бол деп ,

Сәт сапар жолдаған

Тыйым салу белгісі: Қызылменен боялған шеңберлі , аумақты

Тыйымшыл белгімін , қаталмын, салмақты

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге

Қауып бар, бағдарла, көз салып жан-жаққа.

 Міндеттеу белгісі: Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты

Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда ,

Абай бол , шартымды міндетті орында!

Нұсқау белгісі:          Баратын.жеріңнің бағытын , тұратын ,

Үн-түнсіз жөн айтып , жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де , түнде де от болып жанады ,

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.


Бағдаршам:

Нұрислам:

Қызыл көзін ашқанда,
Бір қадам да баспа алға.

Айсұлтан:

Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.

Аманат:

Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба.


Айшолпан: Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта!»
«Сақтан!»
«Жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.



Реттеуші:-Балалар , бағдаршам және оның үш көзін біледі екенсіңдер .Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

1.Көліктің қаншасын жолынан өткізген ,

   Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

2.Ала таяқ ұстаған ,

  Жол тәртібін нұсқаған.

  Өміріңді ізетпен ,

  Ысқырығы күзеткен. ( Милиционер)

3.Жоқ өзінде бас та , ауыз да , құлақ та ,

  Бақырайған үш көзі бар бірақ та . ( Бағдаршам)

Реттеуші:-Рахмет,балалар.Мен сендермен «Бағдаршам» ойынын ойнағым келіп тұр!
Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде - балалар бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды.
(ойын 3 рет қайталанады)
Қортындылау.

Барлық балалар бірге қосылып:-

Жол жүрудің тәртібін Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ