Материалдар / Ересек топқа арналған ертеңгілік «ЖАҢА ЖЫЛДЫ ӘУЕЖАЙДА ҚАРСЫ АЛУ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ересек топқа арналған ертеңгілік «ЖАҢА ЖЫЛДЫ ӘУЕЖАЙДА ҚАРСЫ АЛУ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкальный репертуар: 1.Песня «Жасыл шырша жанында» 2.Гламурды мысықтар биі 3. песня «Шырша жыры» 4.ОРКЕСТР :» Пингвиний джаз»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
464
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ересек топқа арналған ертеңгілік

«ЖАҢА ЖЫЛДЫ ӘУЕЖАЙДА ҚАРСЫ АЛУ»

Персонаждар:

Үлкендер: стюардесса 1, стюардесса 2, продюсер-Мысық, Мыстан кемпір, Аяз ата, Чудо-аппарат.

Дети:қыздар-гламурды мысықтар, қыздар-жұлдыздар, ұлдар-пингвиндар, ұлдар-ақ аюлар, ұл-жұлдызсанаушы, пингвин-дирижер.


Музыкальный репертуар:

1.Песня «Жасыл шырша жанында»

2.Гламурды мысықтар биі

3. песня «Шырша жыры»

4.ОРКЕСТР :» Пингвиний джаз»

5. «мыстанның құйрығы» ойыны

6. «Шыршаны безендір» ойыны

7. Жұлдыздар биі

9. ағылшынша ән

10.Ойын «босатпаймыз»

11.Ақ аюлар биі

12.жалпы би

13.Финалды ән «Жаңа жыл»



Ертеңгілік барысы:

(Әуен жүреді, ұшақтың дыбысына стюардессалар шығады)


1 СТЮАРД.-Қайырлы кеш, құрметті жолаушылар мен біздің «Морозко» әуежайымыздың қонақтары! Сіздерді жаңа жылыңызбен құттықтай отырып, ұмытылмас мереке сыйлаймыз! Ал енді, құрметті жолаушылар, сіздерді БОИНГ-2018 ұшағына отыруыңызды сұраймыз, отырғызу басталды.

2 стюардесса мен балалардың кіруі

Тақпақтар: 10 бала


Песня «Жасыл шырша жанында»

( отырады)

Ұшақ дыбысының фонында дауыс :

«Назар аударамыз! № 2018 рейсіне билеттер алған жолаушылар…! Ауа райы нашар болғандықтан рейс өз уақытын кешіктіреді. Сіздерді күту залына өтуге сұраймыз. Авиакомпаниямыз сіздерден кешірім сұрап, Жаңа жылды әуежайда қарсы алуға ұсынады..

( «адамдардың» дауыстары естіледі»: уууууууууууу……….)

1СТЮАРД- Енді не істейсің! Енді мерекені әуежайда қарсы алуға тура келеді

2СТЮАРД- Біз қайғырмаймыз, мерекені тойлауға қазір, дәл осы әуежайда бастаймыз.

Әуен жүреді, продюсер-Мысық шығады.

Продюсер Мысық: Әуежайда? О не дегеніңіз!? Менде Голливудтағы «Гламурды мысықтар»атты жаңа жылдық шоудың түсірілімі болады!

1 Стюардесса: Сабырлық, тек қана сабырлық. Ал сіз кім боласыз?


продюсер: Кім, кім? Мен атақты продюсермін. Менің жаңа бағдарламалық тобым жаңа жылда Голливудта өздерінің өнерлерін көрсету керек. Мен міндетті түрде менің мысықайларыммен бірге ұшып кетуім қажет.

1Стюардесса: Ауа райы болмаса, енді біз не істейміз. Отыра тұрыңыз.

Пингвиндар әуені жүреді

(қолында дирижерлық таяқшасы бар дирижер - пингвин кіреді)

ПИНГВИН: Ал біз не істейміз? Мен «Көңілді музыканттар» атты әйгілі оркестрдің дирижерымын. Бізді Елбасымыз өзінің жаңа жылдық мерекесіне шақырды. Міндетті түрде ұшып кетуімізге қажет.

2 СТЮАРД. Өкінішке орай ауа райы бузылғандықтан бүкіл рейсіміз тоқтатылады.

1СТЮАРД.Құрметті жолаушылар, менде бір ой туды. Біз қызықты концерттік бағдарламаны дәл осы жерде, әуежайда ұйымдастырсақ қайтеді?

Қаншама халыққа Жаңа жылды күту залында қарсы алуға тура келетіңдерін қараңдаршы! Оларға көмектесейік-Жаңа жылды мұнда қарсы алайық, көңілді және қызықты! Одан көре, бізде, осында, әртістер көп қой. Келісесіңдер ме? Онда, бастайық!

2 СТЮАРД. Назар аударамыз! Құрметті жолаушылар!

Біз сіздерден осындай ыңғайсыздық пайда болғаны үшін тағы да кешірім сұрай отыра, сіздерді мерекелік бағдарламамызды қарауға шақырамыз.

Құрметті продюсер, Гламур-мысық, мүмкін сіздің мысықтарыңыз бізге өз таланттарын көрсетеді?

Мысық: Әрине!

Модельді мысықтарды мен шақырамын,

Би билеңдер, би билеңдер деп айтамын!

(3 рет шапалақтайды) Мысықтарым, шығыңдар,

Өнерлеріңді көрсетуге асығыңдар!

(Мысықтар шығады)

1 Мысық Мягкой поступью кошачьей

К нам приходит Новый Год,

Счастья, радости, удачи

Сытой жизни, без хлопот.

Чтобы денежка в кармане,

А в делах – сплошной ажур.

Хвост -в тепле, усы – в сметане,

А на сердце- МУР, МУР, МУР!


2 Мысық Наш продюсер - высший класс ,

Комплименты нам припас.

Нас жалеет и голубит,

Потому что очень любит.


3 Мысық Про кошечек известно людям,

Что они гуляют всюду.

Добрые пушистые ,

Нежные игристые.

4 Мысық Любим мы на шоу выступать,

Себя людям показать.

Песни любим распевать,

Но больше любим танцевать!


-011 Гламурды мысықтар биі


1 СТЮАРД Рахмет сендерге, мысықтар! Өте керемет! Сендер, нағыз шеберлер екенсіңдер!


2СТЮАРД. Сендерге билерін үшін көп-көп рахмет! Күту залына өтулеріңді сұраймыз.


-014 Боранның әуені естіледі.

2 СТЮАРД: Ауа райымыз дұрысталмай жатыр. Қараңдаршы, боран басталды. Бірақ, мұңаюдың қажеті жоқ. Біз балаларды бізге қыс, қар, шырша, жаңа жыл туралы әнді айтуға сұрайық.

-015 Ән : «Шырша жыры»

2СТЮАРД. Ал біз концертті жалғастыра отырып, біздің келесі әртістерімізді – көңілді-пингвиндер –музыканттарын шақырамыз!

(пингвиндар шығады)


1 ПИНГВИН - дирижёр:

Біз – музыканттармыз,

Өзгеше таланттармыз

Оркестр болып шығамыз,

Аспаптарда біз ойнаймыз!

2-ПИНГВИН:

Важный, словно господин,

В Антарктиде есть пингвин.

Одевает черный фрак -

Он носить его мастак!

Белоснежная манишка

Не считается излишком!

1 -ПИНГВИН Жаңа жылмен құттықтаймыз,

Ойнымызды біз бастаймыз,

Достарымызды шақырып,

Оркестрді құраймыз

ОРКЕСТР :» Пингвиндар джазы»

1СТЮАРД: Көп көп рахмет сіздерге. Сіздер нағыз таланттарсыздар! Сіздерді күту залына өтулеріңізді сұраймыз.

( мотордың үні естіледі, қолында путевкасы мен стильды сөмкесі бар, көзінде очки мен басында шляпа киілген Мыстан кемпір ұшып келеді)

Мыстан кемпір: -Сәлеметсіздер ме! Есікті кең қылып ашпайсыңдар ма? Мені қарсалмайсыңдар ма? Мен кешіккен жоқпын ба? Өзіме демалуға баратын киім таңдадым ғой! Менің ұшағым ұшып кетті ма? Мен Канарыға баруға путевка алғам ғой! Жаңа жылды сонда қарсы аламын - онда ыстық, күннің көзі, пляж бар!

1 СТЮАРДЕССА : Сәлеметсіз бе, Мыстан кемпір, ал ұшақ сізге не үшін қажет? Сізде сыпырғыш бар ғой.

Мыстан: Менің сыпырғышым ескі болып қалды, ол тек қана жақын арақашықтықтарға барады... Сол себептен мен «Морозко» авиакомпаниясына келдім.

1 Стюардесса: Өкінішке орай, әуежай бүгін жабық, рейстар болмайды.

БАБА ЯГА: Қалай? Қалай болмайды? Қалай жабық? Жаңа жылды Канарада қарсы алмаймын ба сонда?

2 СТЮАРДЕССА: Мыстан кемпір! Ұайымдамаңыз! Бізде осында да жаңа жыл көңілді өтіп жатыр. Жақсы демалып, көңіл көтеруге болады.

Мыстан кемпір: Расын айтсам, мұнда қалай көңіл көтеруге болатынын мен білмеймін.

1 СТЮАРДЕССА: Ал сіз балалармен бір ойын ойнаңыз.

Мыстан . Ал ойнайық. Менімен бірге көңіл көтересіңдер ме?

Ойын: «Мыстан кемпірдің құйрығы»


Мыстан кемпір. Мына жақтағы жолаушылардың неге көңіл күйі жоқ? Сендердің де ойын ойнағыларың келе ме? Көңіл күйлерің жоқ қой! Қшақты тосып отырсыңдар ма? Ештеңе етпейді, жуырда барлығымыз ұшып барамыз. Бізге 2 ана, 2 әке қажет. Сіздер шыршалар боласыңдар, ал балалар сіздерді безендіреді. (безендіретін нәрсеге толы коробка беріледі, мишура және қыстырғыштар. Балалар ата-аналарды безендіреді)

« Шыршаны безендір» ойыны

Мыстан: Сендерде сондай көңілді! Канараға барудан айнып қалдым. Мен түсіндім, Жаңа жылды үйде қарсы алу қажет (сағатқа қарайды). Ой!. Маған орманға жету үшін бір сағат қалыпты. Тездетуім керек. Сау болыңдар!

Мотордың дыбысы естіледі. (Мыстан сыпырғышқа отырып, ұшып кетеді)


2 СТЮАРД: Әуежайдағы мерекеміз керемет өтіп жатыр, сірә! ( терезеге қарайды) Боран тиышталып, ауа райы жақсарып жатқан сияқты, әлде маған елестеніп тұр ма?


1СТЮАРД: Біздің даналы жұлдыз санаушыны шақырайық. Аспанға өзінің әйнегімен қарасын. Мүмкін онда жұлдыздарды көріп қалатын шығар?

-021 Жұлдыз санаушы шығады


Жұлдызсанаушы ( трубаға қарайды)

Звезды все пересчитаю,

Все кометы перечту –

Так я прошлое узнаю

И грядущее прочту.

В небе множество загадок –

Знаю их наперечет.

Наведет всегда порядок

В звездных картах звездочет.

Раз, два, три, четыре, пять…

Будем звёзды зажигать!


Жұлдыздар шыршаның қасына тұрады.

1 жұлдыз.

Біз әдемі жұлдыздармыз,

Аспанда біз жарқыраймыз,

Және барша адамдарды

Жаңа жылмен құттықтаймыз.


Жұлдыздардың биі (шамдармен).


1 СТЮАРД – Рахмет, сендерге жұлдыздар, залымыз енді жарық болды, боран да басылды. Енді ұшақтарға да ұшуға рұқсат беретін шығар.

2 стюардесса: Құрметті жұлдыз санаушы, қарашы, мүмкін аспанда, жұлдыздар арасында, Аяз атамыз мерекені әуежайда тойлап жатқанымызды көріп, ұшып келе жатқан болар?Жұлдыз санаушы аспанға қарайды.

Жұлдыз санаушы: Иә, келе жатыр. Міне жақындады.


(микрофондағы дауыс) Құрметті қарсы алушылар! Жаңа ғана Аяз атаның ұшағы әуежайға келді!

2 СТЮАРД: Қандай тамаша!

Аяз атаның әуені естіледі.

Аяз ата. -Сәлеметсіңдер ме, құрметті достар! Мені көп тостыңдар ма? Сендерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бір жыл бұрын сендерде болғанмын, бірақта сендерді тағы да көруге өте қуаныштымын.

1 СТЮАР: Сәлеметсіз бе Аяз ата. Ауа райы дұрысталып, сіздің біздің қатарымызға аман-есен жеткеніңізге біз өте қуаныштымыз. Осы жылы бізде ерекше Жаңа жыл - біз оны әуежайда қарсы алып отырмыз, себебі ауа райының қолайсыздығынан жолаушыларымыз үйлеріне ұшып кете алмады.

А. Ата: Білемін. Білемін.…Маған Мыстан қоңырау шалуға үлгерді. Мен өзімнің сиқырлы таяғыммен боранды тыныштандырттым...Өзіммен бірге әртістерді ала келдім.

Шыршаға қарайды. Біздің шыршамыз неге жарқырамай тұр? Бұл дұрыс емес. Кәне, барлығымыз бірге шыршаның шамдарын жағайық.

Бәрі: 1, 2, 3

Шырша, шырша, жарқыра

Шырша, шырша, жадыра! (жанбайды)


А.А. тағы бір рет қайталаймыз.

Шыршаның шамдары жағылады.

2 СТЮАРД:

-Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық бәріміз!

Балалар жүгіріп шығады

Ағылшынша ән

1 СТЮАРД : Ал, аяз ата, енді бізбен бірге ойын ойна.

Ойын: « Жібермейміз»


А. Ата: Жарайсыңдар, балалар! Аталарыңды қуандырттыңдар. Ал енді мен сендерді қуантайын.

Ортаға жай әртістер емес, цирк әртістерін шақырамын.


Фанфар әуені қосылады. Тақпақтар айтатын балалар шығады.


1 б. Келіңіздер, келіңіздер. Тамашаны көріңіздер!

Цирк басталады.

Қызықтан бос қалмаңыздар.

Қол шапалақтап қарсалыңыздар!

. Вот она наша сцена-

Называется арена!

На арене цирка!

Только один раз!

Мы сегодня выступим для вас

. Цирковое представленье

Мы покажем здесь сейчас,


5б. Музыкант –играй вступленье,

Мы работаем для вас.


-032 «Цырк» әуені . Балалар отырады.


А. Ата: Сендер, аюлардың қалай билейтіндерін көрдіңдер ме? Ортаға бір емес, барлық аюларымды шақырамын. Ду қол шапалақтап қарсы алыңдар!

Ақ аюлар биі


1 СТЮАРД. Ой, жарайсыңдар, аюлар! Биді жақсы биледіңдер! Дем алып орындарына отыра қойындар!

А.Ата: Би билейік бәріміз,

Жарасып тұр әніміз

- Кәнеки балалар,би билеуге шығыңдар!

Жалпы би: «БАРБАРИКИ»

А.А. Міне, цирк қойылымы да аяқталды. Барлығымызға үйге ұшатын уақыт та келді. Менің де басқа жақтарға ұшатын уақытым келіп қалды.

1 СТЮАРД: Аяз ата, сіз ең басты нәрсені ұмытып барасыз! Балаларға сыйлықтарыңыз қайда?


А.А. Ой, кәрі басым-ай!Сыйлық тарататын уақыт та келіп қалды . Әрине, достар! Мен бос келмеймін. «Морозко» авиакомпаниясының жолаушыларына дайындаған тосын сыйым бар. (қапқа қарайды). Мынау менің қабым сыйлықтары бар қапқа ұқсамайтын секілді. Қап! Мен оларды бір жерде ұмытып қалған сияқтымын.

1 Стюард. О не дегеніңіз, Аяз ата?!!!

Аяз ата: Қазір, қазір..маған қоңырау шалу керек.. (телефонды қапта іздейді) Ұялы телефоным осында болу керек..Міне өзі де.. вондайды) Алё!


-Але!

-Бұл кім өзі?

-Кімді іздедің?

-Таныдың ба?

-Жұлдыз бе едің?

-Ту қойшы, мен ғой, Аяз ата!Сыйлықтар қайда?

(есік артынан дауыс) Келе жатырмын, келе жатырмын...

(Сыйлықтар аппараты шығады)


Аяз ата Сен қалай тез келіп қалдың?


ЧУДО-Аппарат: Сен сыйлықтарды қапқа салуға ұмытып қалдың!

Сондықтан өзім келдім. Сен ұмытшақ болдың ғой.


Аяз ата: Енді мен кәртайдым ғой. Жарайды, сөзді доғарып, сыйлықтарды таратайық.

Қаптың ішінен кішкентай пиманы алып шығады.

Аяз ата: Бұл не? Бұл сізге шығар!(стюардессаға береді)

1Стюард. Жоқ. Бұл менің өлшемім емес.

Аяз ата:(өзінің аяғына қарайды) Менің де емес.

Чудо –аппарат- Ой! ХИ-ХИ-ХИ-ХИ..

Аяз ата: Сен менімен ойнама!

Чудо-аппарат: Аяз ата, мен сендерге жеткенше дейін тонып қалдым! Әлде қуатым отырып қалған шығар?!. Сен мені жылыт. Зарядта.

Аяз ата: Жарайды, жарайды.. ренжіме. Қазір жылытамын.…(кнопкасына басады) Қосамыз….зарядтаймызсыйлық аламыз.

Аппарат бір сыйлық тәрбиешіге береді.


Аяз ата.  Ал енді кететін уақытымыз келіп қалды, сау болыңдар, достарым! Келесі жылда кездескенше!

Барлығы: Сау болыңыз, Аяз ата!

Стюардесса: Ал енді құрметті жолаушылар соңғы әнімізді бірге айтайықшы!

Финалды ән «Жаңа жыл»


Балалар залдан шығады.

Жаңа жылғы әуен

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!