Материалдар / Эргономика ұғымы

Эргономика ұғымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Эргономика ұғымымен толық танысу.Жалпы эргономика ұғымының не туралы айтылғанын білу.Өз сыныбың үшін компьютер кабинетінде: 1.Техника қауіпсіздік ережелерін құрастырыңдар (төменгі сы-ныптағы білімдеріңді пайдаланыңдар);
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
334
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-бөлім: Компьютерлік жүйелер және желілер

Тақырып: 1.1 Эргономика дегеніміз не?


Мектеп:



Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

6.4.1.1 эргономика міндеттерін (барынша жайлылық пен тиімділік үшін) тұжырымдау және шешу;

6.4.2.1 интернетке тәуелділіктің проблемаларын талқылау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Эргономика ұғымы мен компьютерлік эргономиканың қызметтерін анықтайды.

Көптеген оқушылар:

Эргономика ғылымының қызметтерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

Эргономика ғылымың қызметтерінің маңыздылығын тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Жұмыс орны

рабочий стол

work table

Қауіпсіздік

безопасность

security


Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

  • Бүгінгі таңда адамдардың денсаулыққа және өміріне қауіпсіз еңбек етуіне қандай жағдай жасалған?

Жазу:

Компьютерлік эргономика кеңесін жазыңдар

Алдын-ала білімі

Компьютерде қауіпсіз қалай жұмыс істеуге болады? 5 сынып

Жоспар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгендеу;

Сыныпта көңілді ахуал орнату.


Жаңа топ құру:

«Қол, бас, жүрек» әдісі

-Балалар, біз кез келген мәселе туралы қолмен ұстап, баспен ойлап, жүрекпен сезінсек нәтижеге әрқашан қол жеткіземіз. Кәзір шеңбер болып тұрып кезекпен қол, бас, жүрек деп айтамыз. Және үш топқа бірігеміз.

Өткен жылы алған білімдерін еске түсіру үшін «Ыстық орындық» ойынын қолдану

Орындыққа отырған оқушыға оқушылар сұрақтар қояды. Оқушы тез жауап беруі керек әйтпесе күйіп қалады.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың ортасы

35 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Өмір суруге қолайлылық, еңбек етуге қолайлылық деген ұғымдар сен үшін таныс па?

  • Адамның денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қорғау дегенді қалай түсінесің?

  • Өзің оқитын мектепте оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қорғауға жасалған қандай мысалдар келтіре аласың?

  • Түрлі салаларда адамдардың денсаулығын сақтау мен өмір қауіпсіздігін қорғауға арналған қандай жағдайларды мысалға келтіре аласың

Оқулықпен жұмыс: Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды. (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады)

Топтық жұмыс:

Өздерің отырған компьютер бөлмесінің эргономикалық талаптарына талдау жасаңдар:

  1. Сынып бөлмесінің эргономикасы;

  2. Оқушының жұмыс орнының эргономикасы;

  3. Компьютер құрылғылырының эргономикасы.


Жеке тапсырмалар орындау


1-тапсырма. 4-суреттегі компьютер пайдаланушыға арналған жаттығуларды солдан оңға қарай нөмірле. Бұл жаттығуларға атау бер. Қай дене мүшесінің қызметін реттеуге бағытталған? Компьютермен жұмыс кезінде бұл жаттығуларды неше реттен жасауды ұсынасың? 1-кестені толтыр.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.


2-тапсырма. 5-суретте қолдың пернеттақтада орналасуының екі жағдайы берілген. Қай суреттерде қол дұрыс орналасқан? Себебін түсіндір.


Берілген тапсырманы орындайды

Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.


Жұптық жұмыс:

Өз сыныбың үшін компьютер кабинетінде:

1.Техника қауіпсіздік ережелерін құрастырыңдар (төменгі сы-ныптағы білімдеріңді пайдаланыңдар);

2. Омыртқа, мойынға, көзге, бұлшық еттерге арналған жаттығулар тізбесін ұсыныңдар.

Берілген тапсырманы орындайды

Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылардың алған білімдерін жинақтау үшін пікір-сайыс өткізу

«Компьютерлік эргономика талаптарын сақтау міндетті емес»


Электронды тест жұмысын орындату


Рефлексия

- сабақтағы көңіл күйім қандай болды?

- бүгін қандай ақпарат алдым?

- алған ақпаратты кімдермен бөлісемін?


Оқушылар өз оймен бөліседі.




Үй тапсырмасы:

Компьютерді пайдалануда эргономикалық талаптардың бұзылуының зардаптары тақырыбында газетке шағын мақала дайында

Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ