400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Еріген заттың массалық үлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға тәжірибе алмасу мақсатында жарияладым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы

Абай ауданы

Қасқабұлақ ауылы

«М.Әуезов орта мектебі» КММ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3С

Ерітінділер және ерігіштік



Мектеп: М.Әуезов орта мектебі


Күні:11.03.2019ж



Мұғалімнің аты-жөні: А.Кабышева


Сынып: 8


Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Еріген заттың массалық үлесі



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.5 еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу


Сабақ мақсаттары

  • Ерітіндінің массалық үлесі бойынша ерітіндіні дайындау үшін қажетті еріген зат пен судың массасын есептеу

  • Ерітіндіні сұйылту кезіндегі ерітінді құрамындағы еріген зат пен массалық үлесін есептеу

  • Ерітінділерді араластыру арқылы алынған ерітіндінің құрамындағы еріген зат пен массалық үлесін анықтау

  • Ерітіндіні суалту арқылы алынған ерітіндінің құрамындағы еріген зат пен массалық үлесін анықтау


Бағалау критерийлері

  • Ерітіндінің массалық үлесі мен ерітінді массасы бойынша ерітінді дайындауға қажетті еріген зат пен судың массасын анықтайды

  • Суалту, сұйылту кезіндегі ерітінді құрамын есептейді

  • Ерітінділерді араластыру кезіндегі ерітінді құрамын есептейді


Тілдік мақсаттар


Ерітінді, еріткіштер, еріген зат, еру, ерігіш, ерімейді сөздерді қолданып оқушылар мәтінді толықтырады


Құндылықтарды

дарыту

Оқушылар жұптық , топтық жұмыс барысында бір-бірін тыңдап, біріне-бірі қолдау көрсетеді


Пәнаралық

Байланыстар

математика


Бастапқы білім

Қоспа, біртекті, әртекті қоспа түрлері


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар



1-2минут




3-7 минут

Ұйымдастыру кезеңі

І. Өтілген тақырыпты пысықтау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін өтілген білімді қайталап, пысықтайды.

Оқушылар өткен білімін белсендендіру мақсатында «Химиялық диктант» тапсырмасын алады

1-қосымша



8-10 минут















11-14 минут














15-19 минут










20-26 минут







27-33 минут
















34-37 минут






ІІ. Жаңа тақырыпты оқып білу.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, сабақ мақсаты, күтілетін нәтижелермен таныстырады.

Қызығушылықты ояту. Мұғалім оқушылардың сабақта қарастырылатын тақырыпқа қызығушылығын ояту мақсатында пайызы көрсетілген сүт және қаймақ қорапшаларын көрсетіп, сұрақтар қояды.

Сұрақтар:1.Қораптың сыртындағы сандар қандай ақпарат береді?

Күтілетін жауап: көрсетілген пайыздар құрамындағы майдың пайызын көрсетеді.

Оқушыларға көрсетілген пайыздарды құрамындағы майдың концентрациясын меңзейтінін түсіндіреді.

Түсінікті тереңдету мақсатында келесі сұрақтарды қояды.

  1. Пайыз деген не? Пайыздың

күнделікті өмірде маңызы қандай?

Күтілетін жауап: Медицинада адам ағзасына қажетті дәрі жасау үшін құрауыштардың белгілі бір мөлшері болуы керек. Мысалы жоғары пайызы көрсетілген заттың күйдіргіш әсері болады.

Әр түрлі пайыздар көрсетілген сүт қораптарын ұсынып, сүттегі майдың массасын есептеуге болады.

Мысалы: 3.2% 1000гр ; 2.5% 1000гр;

1.5% 1000гр

Активити. Оқушыларды « 1,2,3» стратегиясы бойынша үш топқа бөлемін.

Мұғалім оқушылардың пайыз ұғымын қолданып еріген заттың массасын практикада анықтау жолын түсіндіру үшін топтық жұмысты ұйымдастырады.

Топтық жұмыс:

1топ –Массасы 200 г 15%-дық ерітінді дайындау үшін қанша тұз және су алу керектігін есептеңіз.

2-топ– Натрий гидроксидінің көлемі 2000 мл ерітіндісінде 16 г еріген зат болса, осы ерітіндінің молярлық концентрациясы қанша болатынын есептеңіз.

3 топ– Көлемі 100мл ерітіндіде 0,98 г күкірт қышқылы бар.Ерітіндідегі күкірт қышқылының молярлық концентрациясын анықтаңдар.

Топтарды өзара бағалау

Жұптық жұмыс:

1. Жараны зарарсыздандыру үшін 1% марганцовка (KMnO4) ерітіндісін қолданылады. 300 г ерітінді даярлау үшін марганцовка мен судың массасысын есептеңіз?

2 . Көлемі 0,6л ас содасының Na2CO3 0,5 молярлы ерітіндісін қалай дайындайтындарыңды есептеңдер

3 .Терінің ақ және тегіс болуы үшін бет пен қолға тұзды монша қолданады. Массалық үлесі 10% және 500 г тұз ерітіндісін даярлау үшін тұз бен су массасын есептеңіз?

Жауаптарын сынып тақтасына жазады

Бағалау: өзін-өзі және өзара бағалау

Мұғалім оқушылардың жауаптарына кері байланыс жасап, массалық үлес формуласын ерітіндідегі еріген заттың және судың массасын анықтауда қалай қолданылатынын формуласымен қорытынды жасайды

Үй тапсырмасы: Әр түрлі пайыздар көрсетілген сүт қораптарындағы сүттегі майдың массасын есептеңдер.

А) 3.2% 1000гр ә) 2.5% 1000гр

Б) 1.5% 1000гр


Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері жазылған презентация


















Сүт, қаймақ қорапшалары

















Оқушы дәптерлері







Тақта мен бор, маркерлік тақта





Сабақтың соңы

38-40 минут

Оқушылар орындаған тапсырмасы бойынша рефлексия жасайды



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Дифференциация: Мұғалім оқушылар жұмысын бақылау барысында тапсырманы орындауда қиындықтары бар оқушыларға есепті шығару алгоритмін ұсынады.

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, мұғалімнің кері байланысы сабақтың барлық кезеңдерінде орын алады

Партада дұрыс отыру ережесін сақтау,кабинет ауасын жиі желдетіп отыру




Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1481
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі