Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Еріген заттың массалық үлесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
қосыша мәлімет жинауға
Материалдың қысқаша нұсқасы

қысқа мерзімді жоспар бөлімі:

8.3С Ерітінді мен ерігіштік

Мектеп: Свободный орта мектебі

Күні: 04.02

Мұғалімнің аты-жөні: Дузелбай Д


Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы: Еріген заттың массалық үлесі (2 сағ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.5 – еріген заттың берілген массалық үдесі бойынша белгілі ерітінді массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу


Сабақ мақсаттары

  • Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін анықтауды түсініп, оны күнделікті өмірде қолдана алады

  • Әр түрлі тапсырмаларды ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептей алады;

Бағалау критерийлері

  • Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептеуді түсінеді;

  • Әр түрлі тапсырмаларды ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептей алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Анықтаманы талқылап, есептеулер жүргізеді


Пәнге тән лексика мен терминология:

Су, сусыз, таза, алу, жинау, тексеру, есептеу, буландыру,

Еріген зат, массалық көлем, омега, пайыздық құрам, ерітінді


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Затты ерітеді, бұл ...

Еритін зат бұл ...

Затты балқыту үшін ...

Ерітінді құрамына … және … кіреді

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы сыйластық, серіктестік, жауапкершілік сияқты құндылықтар дамиды

Бастапқы білім

7.1В. зат күйінің өзгерісі
7.2В. Қарапайым химиялық реакциялар 
7.3C. ерітінді және ерігіштік
7.3А. Химиялық элемент пен қосылыстар







Жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Басы

0-3минут



4-8мин









9-25 мин













26-40

минут





















41-61 мин

























66-77мин

























78-80 мин

Жағымды орта қалыптастыру

Алдыңғы білімді тексеру мақсатында оқушылармен «Жұбыңды тап» ойыны өткізіледі. Ары қарай мұғалім жұптар ұйымдастырады


Ой шақыру сатысы .

Оқушыларға бейнеүзінді қарау ұсынылады.

Баспа ауруы кезінде тамақты шаю үшін ерітіндіні қалай дайындайды? Су мен тұзды қандай қатынаста алу керек?

Оқушылармен әңгімелесу барысында мұғалім ОМ мен сабақ мақсаттарын болжайды. Осы жерде KWL әдісі қолданылады


Оқытушы: Бүгін біз еріген заттың массалық үлесі турал танысамыз.

Ерітінді деп екі не одан да көп (компонент) құрамдас бөліктен тұратын біртекті (гомогенді) жүйені айтады.Ол еріткіштен (артық мөлшерде алынған компонент) және еріген заттан тұрады. Осы құрамдас бөліктерінің агрегаттық күйлеріне байланысты ерітінділерді үшке бөледі: сұйық (газды су), газ (ауа) және қатты ерітінділер (құйма).

Химия үшін маңыздысы сұйық күйдегі ерітінділер, бұларда көбінде еріткіш ретінде су алынады. Олардың адам тіршілігенде және өндіріс орындарының жұмыс істеуінде маңызы зор.


Ой шақыру сатысы

Оқытушы: Ерітіндінің маңызды сипаттамасы – ертіндідегі еріген заттың массалық үлесі немесе концентрация. Ол еріткіштегі еріген заттың салыстырмалы құрамын көрсетеді.

Еріген заттың массалық үлесі - ерітінді массасына еріген зат массасының қатынасы. Массалық үлесі % өлшенеді :

W = [m (еріген зат)/m(ерітінді)] x100%, мұндағы

W – еріген заттың массалық үлесі

m (еріген зат) – еріген зат массасы (г, кг)

m (ерітінді) – ерітінді массасы (г, кг)

Ерітінді массасын төмендегі формуламен есептейді:

m(ерітінді)=Vp

m(ерітінді)=m(еріген зат) +m(су)

V – ерітінді көлемі (мл, л, м3)

p – ерітінді тығыздығы(г/мл, г/л, кг/м)

Түсіну сатысы

Оқытушы: Сіздің үстеліңізде сірке суы мен дәрілік заттары бар құтылар орналасқан. Затбелгісінде ерітінді аты мен пайыздық құрасмы келтірілген. Сіздерге еріген заттың массасын есептеу керек. Учащиеся составляют условие задачи, пишут данные и решают задачи.


Жұпта жеке жұмыс

Әр жұп тапсырмаларды анықтап, бір-біріне көмектеседі

1. Жараны зарарсыздандыру үшін 5% марганцовка (KMnO4) ерітіндісін қолданылады. 200 г ерітінді даярлау үшін марганцовка мен судың массасысын есептеңіз?

2. Үй дәрі қобдишасында 3 %«жасыл дәрі» ерітіндісін табуға болады. 10,25 г ерітінді даярлау үшін спиртте ерітетін бояғыш зат массасын есептеңіз?

3. Терінің ақ және тегіс болуы үшін бет пен қолға тұзды монша қолданады. Массалық үлесі 1% және 500 г тұз ерітіндісін даярлау үшін тұз бен су массасын есептеңіз?

Оқытушы әр жұптардың жұмысын бағалайды.

Топтық жұмыс

Қазір сіздер лаборант қызметін атқарады. Сынып стикер бойынша бөлінеді.

1топ -лаборант – агроном – егуге арналған тұқымды өңдеу үшін ерітіндіге есептеу жүргізеді

2-топ– лаборант– фармацевт тұмау кезінде мұрынды жуу үшін ерітіндіге есептеу жүргізеді .

3 топ– аспаз – қиярды тұздау үшін ерітіндіге есептеу жүргізеді

Фармацевттер тобына нұсқаулық

  1. Тұмау кезінде мұрынды шаю кезінде натрий хлоридінің 9% ерітіндісін қолданады. 100 мл суда еритін тұз массасын есептеңіз

Жауап: 10 г

Аспазшылар тобына нұсқаулық

  1. Қиярды тұздау кезінде 7% ас тұзын қолданды. 50г суда ерітетін тұз массасын есептеңіз

Жауап: 4 г

Агрономдар тобына нұсқаулық

  1. Көшет өсіру үшін салмақты тұқымдар қолданады. Ол үшін оларды 4,76% ас тұзы ерітіндісіне салады. 50 г ерітінді даярлауға қажетті тұз мөлшерін есептеңіз.

Жауап: 2,5 г

Оқушылар арасында өзара бағалау жүргізіледі. Оқушылар орындап болған соң, өз жауаптарды түсіндіріп, бағалау критерийлері бойынша бағалау жүргізіледі.

Рефлексия «Нені үйрендім» KWL әдісі

Үйге тапсырма

  • Презентациялық материалды қарау

  • Барлығыңызда үйде дәрі қобдишасы болады. Осы дәрі қобдишасынан ерітінді күйінде кездесетін дәрілік препараттарды табыңыз. Соған есеп құрастырып оны шығарыңыз



Қосымша №1





https://www.youtube.com/watch?v=SkiRy1TViPk



Қосымша №2

презентация







































презентация

























дәрілік заттары бар құтылар



















































Қосымша №3

Үш түсті маркерлер, стикер,





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2021
375
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12