Материалдар / Ерік туралы түсінік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ерік туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақыт талабы – білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі- болашақтың бейнесіндей әсер етеді.Мұғалімнің жүріс-тұрысы, ақыл-ой өрісі,іс-әрекеті, тәрбиесі мен шеберлігі оқушы психологиясына қатты әсер етеді.Жеке қасиеттері арқылы әсер етумен қатар мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейім-қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Дүниедегі ең тамаша туынды-тамаш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2020
860
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


  1. Ерік туралы жалпы ұғым.

Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардың өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.

   Әрбір жеке адамның ерікті іс-әрекеттерінін өзіндік сипаты бар. Бұл сипат қоғамдық манызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз іс-әрекеттерді соған бағындырып, өзінін жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік — адамның қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамнын мінез-құлқы мен әрқилы істерді орындауға ұмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындауға бағытталады. Адам еркінін, көрінісі оның саналы түрдегі іс-әрекетінен байқалады. Қиын қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал табады.

   Тарихта болған белгілі адамдардың өмір жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшін орасан зор күш жұмсап, рухтанып, қиыншылықты ерікті істерімен жеңіп шыққанын көреміз. Бұған мысал ретінде «Шығыстың, қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады, Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйіспеншілік осынау нәп-нәзік қазақ қыздарының бойына күш-жігер, рух берді. Олар ерлік пен батылдықтың"өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пида етті. Бұл да — адам еркінің бір көрінісі. 

 Ерік – әрекет-қылықтың саналы өзіндік реттелуі, қажеттік не мүмкіндік деп субъект пайымдаған мақсатқа жету бағытында әрекет қылық белсенділігін жұмылдыру. Еріктік әрекет болашаққа бағышталады, оның эмоциядан ерекшелігі – ағымдағы жағдайларға тәуелсіз.

   Ерік әлеуметтік қалыптасқан психологиялық реттеуші құбылыс ретінде танылған. Еріктік реттеу негізінде іс-әрекеттің объектив шарттары, адамның қандай да бір әрекет-қылық қажеттігін түсінуі жатыр. Барша ерік әрекеттері саналы орындалады. Еріктік әрекет барысында эмоциялар (көңіл шарпулары) басылып, адам өзіне өзі билік жүргізеді. Ал бұл биліктің деңгейі адам зердесіне, оның психикалық реттеу сапаларының жүйесіне тәуелді.

Қажетті нәтижеге жету жолында табандылық көрсету осы ерік мәнін құрайды.

  1. Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:

   -ынталандыру (инициирующая) – объектив не субъектив кедергілерді жеңе отырып, қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету.

   -тұрақтандыру (стабилизирующая) – әрқилы ішкі не сыртқы кедергілерге қарамастан ерік күшімен белсенділікті бір қалыпта ұстау.

   -тежестіру (ингибирующая) – қандай да уақыт сәтіндегі іс-әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет-қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру.

   Ерік әрекеттері қарапайым және күрделі келеді. Қарапайым ерік әрекеттерін адам көзделген мақсатқа жету үшін ойланбастан іске кіріскенде, нені істейтіні түсінікті және қандай жолмен табысқа жететінін білсе, пайдаланады.

  1. Ерікті әрекет кезеңдері

Күрделі ерік әрекеттерінде төменде аталған кезеңдерден өту қажет:

   - мақсатты пайымдау және оған  ұмтылыс;

   - мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін білу;

   - мүмкіндіктерді қолдаушы не оларды жоюшы сеп-түрткілердің пайда болуы;

   - сеп-түрткілер тайталасы және олардың арасынан қажеттісін таңдау;

   - мүмкіндіктердің бірін шешім ретінде қабылдау;

   - қабылданған шешімді іске асыру;

   - қабылданған шешім мен көзделген мақсат іске аспағанша, сыртқы кедергілерді, іс-әрекеттің өзіне тән қиыншылықтарды, басқа да әрқилы кесір жәйттерді табандылықпен жеңіп беру.

  1. Ерік сапалары

Іс-әрекетті саналы реттеп беру үшін еріктің психикалық қалыптар жүйесі талап етіледі. Мұндай қалыптар жүйесінің құрамы: ынталылық, мақсат бағыттылық, сенімділік, табандылық, батылдық және т.б. Аталған ерік қалыптары іс-әрекеттің ұдайы барысында өзара ажыралмас бірлікті қатынастарымен көрінеді.

   Еріктік қалыптарды (сапаларды) іс-әрекет құрылымына сәйкес бірізділікпен қарастырайық:

   - Ынталылық – бұл түсіп жатқан ақпаратты белсенділікпен қайта өңдеу, бірінші кезектегі проблемаларды анықтау, мәнді мақсаттар қойып, олардың орындалу жолдарын белгілеу қалпы.

   - Батылдық – бұл мақсатты және  оны іске асырудың жолдарын тез әрі дәлелді белгілеуге жұмылдыратын психикалық күй. Адамның шешімге келуі оның көңіл-күй көтеріңкілігі мен психикасының зерделі белсенділігіне байланысты.

   - Тартыншақтық – жылдам шешім қабылдау қабілетінің жоқтығын білдіретін психикалық қалып.

   - Мақсат бағыттылық – сананың негізгі, аса мәнді ниеттер төңіргегінде шоғырлануын қамтамасыз етуші психикалық жағдай. Мұндай қалып физиологиялық тұрғыдан адамның барша әрекетін мақсатқа жету жолына жұмылдыратын доминанта (басымдылық) құбылысының туындауымен байланысты келеді.

   - Сенімділік – бұл бастау шарттарын ескерумен жоспарланған іс-әрекет нәтижесін жоғары ықтималдылықпен күте білу мүмкіндігін беретін психикалық болмыс. Іс-әрекеттің күтілген нәтижелілігін күні ілгері анықтайтын да осы сана қалпы.

   - Табандылық – психикалық қалып ретінде қиыншылықтарды жеңіп шығуда, әрекетті қадағалау мен оны мақсат жолына бағдарлауда көрінетін сана қасиеті.

   -Ұстамдылық  – біршама ерік күшін талап ететін келеңсіз жағдайларды тежеуге қажет психикалық қалып. Бұл ерік күші мүмкін болар келеңсіз эмоцияларды басуға жұмсалады. 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!