«Ерікті болу- ерлік» Қауіпсіздік сабағы: № 6 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ӘРЕКЕТ ЕТЕ БІЛУ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ерікті болу- ерлік» Қауіпсіздік сабағы: № 6 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ӘРЕКЕТ ЕТЕ БІЛУ»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ерікті болу- ерлік» Қауіпсіздік сабағы: № 6 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ӘРЕКЕТ ЕТЕ БІЛУ»
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты

«Ерікті болу- ерлік»

Қауіпсіздік сабағы: № 6 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ӘРЕКЕТ ЕТЕ БІЛУ»

Күні


Сынып жетекші:

11 сынып

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: (тақырып мазмұнын ашатын)

Ерікті болу- ерлік

Сабақтың мақсаты:

Өзара сыйластық пен ынтымақтастықты көрсете отырып, өз көзқарастарын білдіре алу;

Ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ете отырып,командада тиімді жұмыс істей білу; Әділдік, мейірімділік және жауапкершілік таныту арқылы басқаларға көмектесуге дайын болу; Кез-келген қызмет түріне немесе іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау.

Қауіпсіздік сабағы: табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру.

Негізгі міндеттері:

1) төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру;

2) «жеті жұт» деген ұғыммен танысу;

3) төтенше жағдайларда әрекет ете білу ережелерімен таныстыру..

Құндылықтарды дарыту

Сынып ұжымын кез-келген қызмет түріне немесе іс-әрекетке жауапкершілікке, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты көрсете отырып, өз көзқарастарын білдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Оқушылардың көңіл-күйін анықтау

3.Әнұран айту

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.Смайликтердің көмегімен оқушылардың көңіл-күйін анықтау



Сабақтың тақырыбымен және мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

Бейнеролик қарап, өз әсерлерін сұрау, тақырыпты ашу үшін талқылау сұрақтары:

Еріктілік деген не?

Еріктілер кімдер және олардың қоғамға тигізетін пайдасы қандай?

Ерікті болу — бұл ерлік пе? Неге? Қазіргі қоғамда еріктілердің атқарып жатқан жұмыстары қандай және олардың қоғамға тигізетін әсері қаншалықты зор?

-Мұғалімді мұқият тыңдайды.


- Оқушылар мысалдарды келтіріп, өз көзқарастарын білдіреді.


-Белсенділікпен пікірталасқа қатысады.

https://www.youtube.com/watch?v=Z62_W2KV-EY

Сабақ басы

(10 мин)












Ерікті – бұл адам өз еркімен, ақысыз түрде қоғамға, адамдарға немесе табиғатқа көмек көрсететін тұлға. Ерікті болу — азаматтық белсенділікті білдіреді, себебі еріктілер өз уақытын, күш-жігерін және дағдыларын игі істерге жұмсайды, бұл арқылы қоғамға пайда әкеледі.

Еріктілер түрлі бағыттарда жұмыс істейді:

  • Әлеуметтік қолдау: мұқтаж адамдарға көмектесу (мүгедектер, қарттар, балалар үйіндегі балалар).

  • Экологиялық іс-шаралар: табиғатты қорғау, ағаш отырғызу, қоқыс жинау.

  • Мәдени іс-шаралар: концерттер, фестивальдер, спорттық жарыстарды ұйымдастыру.

  • Төтенше жағдайлар кезінде көмек: апат аймақтарында адамдарға қолдау көрсету.

Еріктілік – қоғамға өз үлесіңді қосу және азаматтық жауапкершілік танытудың бір жолы.

Презентациядан ерікті деген қандай адам, еріктілердің түрлі бағытттарда жұмыс істеуі , оның қоғамға пайдасы туралы ақпарат алады.

Берілген ақпаратты тыңдайды, маңызды мәліметтерді жазып алады.














Презентация

https://www.canva.com/design/DAGWIdeTwdY/lQO60knfNG074TRMBVBbkQ/edit?utm_content=DAGWIdeTwdY&utm_campaign=designshare&utm_medium=link2&utm_source=sharebutton







Ортасы (15 мин)


Тапсырма 1

Оқушыларды топтарға бөлу.

Әр топқа еріктілік қызметінің бір түрін (экологиялық, әлеуметтик, спорттық, мәдени) таңдап, оның маңыздылығы мен пайдасы туралы постер немесе қысқаша жоба жасау.


«Ерікті болу — ерлік» деген тақырыпта 5-6 сөйлемнен тұратын қысқаша ойтоғау жаздыру.


Сабақтың түйіні: Ерікті болу – қоғамға пайдалы іс, елдің болашағына өз үлесіңді қосу.


Тапсырма 2

Wordwall платформасы арқылы оқушыларға Дұрысын тап ойыны


Ерікті болу – қоғамға пайдалы болу дегенді білдіреді. Дұрыс

Ерікті болу – тек өз жеке мәселелеріңді шешу ғана. Бұрыс

Еріктілік өз уақытын жұмсауды және көмек көрсетуді талап етеді, бірақ ол міндетті түрде ерлік емес. Бұрыс

Ерікті болу — бұл әрдайым қоғам үшін үлкен және маңызды істер атқару.Бұрыс (Ерікті болу — бұл шағын әрекеттерден бастап үлкен істерге дейін болуы мүмкін.)

Ерікті болу, қоғамға көмек көрсету — бұл адамға тек моральдық қана емес, қаржылық та пайда әкеледі. Бұрыс (Ерікті болу қаржылай емес, көп жағдайда моральдық қанағаттандыру мен тәжірибе жинау үшін жасалады.)

Ерікті болу – бұл өз мүдделеріңді ұмытып, тек басқа адамдарға көмек көрсету. Бұрыс (Еріктілік өз мүдделеріңді елемеу емес, өзгенің жағдайына назар аудару және көмек көрсету.)



Сергіту сәті

Кім жылдам ” ойыны



-Оқушылар топтарға бөлініп, әр топ еріктілік қызметінің түрлерін сипаттайды және постер құрып, өз жобасын таныстырады.



-ерікті болуға деген ынталарын ойтолғау арықылы жеткізеді










- Оқушы сұрақты тыңдайды, жауап беріп, ерікті болудың қоғамға тигізетін пайдасын түсіндіріп өтеді.


- Оқушы ерікті болудың ерлік екенін, өйткені ол көп жағдайда қиындыққа толы жағдайларда адамдарға көмек көрсету деп айтады.

- Оқушы ерікті болудың қаржылық емес, моральдық қанағаттандыру мен тәжірибе алуға көмектесетінін айтады.

- Оқушы ерікті болудың өз мүдделеріңді елемеу емес, қоғамға пайдалы болуға бағытталғанын айтады.
















Оқушыларға топқа бөлініп, шеңбер бойымен тұрады. Неше оқушы болса, бір аз маркер қойылады. Оқушыларға дене мүшелері және маркер сөзі айтылады. Маркер сөзі шыққанда маркерді ұстап қалуы керек, кімге маркер жетпей қалады, сол ойыннан шығады. Ойын ары қарай жалғаса береді.

Стикерлер

Плакаттар

Маркерлер













https://wordwall.net/bg/resource/8506228





























Маркер және


Қауіпсіздік сабағы 10 мин

Қауіпсіздік сабағы:

Сабақтың барысы

1. Кіріспе (2 мин)

Адам – табиғат перзенті. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды деген мақалдар осы төрт құдіретті

қадірлеуден тараған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп таңданар», – деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның

арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғышарт. Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады екен. Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай. Бұл – оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел

екендігінің айғағы. Біздің халқымыз жеті санын киелі сан деп біледі. Осыған байланысты айтылған «Жеті жұт» дегеніміз не? Құрғақшылық (қуаңшылық), Жұт

(мал қырылу), Өрт, Оба (ауру), Соғыс, Топан су, Зілзала (жер сілкінісі).

  1. Негізгі бөлім (6 мин)

Табиғатта болатын аппаттармен танысу және олардан қорғану жолдарын білу үшін видеоролик тамашалайды.

Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да

жергілікті экожүйелер, елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Сендер бұндай жағдаймен кездескенде сабырлық сақтап, жан сақтап қалуға мүмкіндік жасау керек. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз. (Интерактивті тақтадан «Төтенше жағдай» атты презентация көрсету)

Топтық жұмыс: «Біздің түсінігімізде» постерін қорғайды. Әр топ қауіпті жағдайлар

туралы ойларын жеткізеді.

- Төтенше жағдай дегеніміз не?

- Төтенше жағдайдың түрлері және сипаттамалары?

- Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек?

3.Қорытынды

Табиғатта болатын аппаттармен танысып және олардан қорғану жолдарын біледі





-Мұқият тыңдайды


-Оқушылар табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы бейнеролик көреді және олардан қорғану жолдары туралы өз ойларын білдіреді.


-Маңызды, қажет деп тапқан ақпараттарды жазба дәптеріне түртіп жазып алады.


- табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәліметтер алады.
























Бейнероликтер

https://youtu.be/tAhDCJC0Ttc?si=IBfvcpWxZl_t9moS


https://youtu.be/LF-svPIBQVw?si=OECgGeLiP_frsUj0


https://youtu.be/VjbLbO0uHIA?si=7viGekCfmv36Q5jV


https://youtu.be/tApoEyYn2FE?si=DHdS5Xidrv5A8rJ1


https://youtu.be/DY3DRxWokn8?si=W3rUjZA2AHnxn6Dp







Сабақтың соңы

5мин


Рефлекция

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын түстер арқылы алады.


Тиімді кері байланыс береді


Стикер, жапсырма қағаз

Үй тапсырмасы: Әр оқушы қоғамға пайдалы бір еріктілік іс-шара туралы ақпарат жинап, келесі сабақта таныстырады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2024
221
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі