|
3минут
|
Басы
|
Амандасу
Ой
қозғау:
Халқымызда
Жүз адам
жүрген жер – соқпақ,
Мың адам
жүрген жерде жол қалады.
Бөлінсек
жоқ боламыз.
Мақалдың
мағынасы қалай түсіндіңіздер?
|
Амандасу
Оқушылар мақалдарды талқылап,
өз ойларын білдіреді.
|
|
35
минут
|
Ортасы
|
Жақсылық жасау, жығылғанға
сүйеу, жылағанға тіреу болу – кез келген адамның қолынан келетін
іс. Тіпті бұл қазақ халқының өмір заңдылығы мен күнделікті
тұрмыс-тіршілігіне сіңіп кеткен. Мұны біз алыстан сұлбасы көрінген
қарияның жүгін көтеруге асығатын баладан немесе жасы кішіге ізет
білдіріп, үлкенге құрмет көрсетіп жүрген жастардан аңғара аламыз.
Қазіргі таңда жақсылық жасаудың осынау үлгісі мемлекеттік маңызға
ие болып, оған үлкен мән берілуде. Сәйкесінше қоғамда еріктілердің
беделі де биіктей бастады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылы жасаған
ұсынысымен жыл сайын 5 желтоқсанда бүкіл әлемде
Дүниежүзілік Еріктілер күні атап өтіледі. Бұл мерекені қоғамға күш
пен уақытты аямай, ақысыз көмектесетіндердің бәрі атап
өтеді. Еріктілердің дүниежүзілік
декларациясында олар өздерінің таланттары мен
уақыттарын, энергияларын ешқандай ақы күтпестен жеке және ұжымдық
шараларға жұмсауға құқылы екені айтылған.
Қазақстанда еріктілер
қозғалысы дамудың жаңа кезеңіне түсті. 2020 жыл елде «Еріктілер
жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз
Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше
екенін атап өтті.
«Ерікті- болу еңбек пе,
ермек пе?» видеоролик
Еріктілер дегеніміз
кім? Ерікті сөзінің түп төркіні
латынның «волонтер» сөзінен шыққан. Ол аты айтып тұрғандай
қоғамдағы жұмысты өз еркімен, жүрек қалауымен істеуді білдіреді.
Яғни еріктілер көпшілікке көмектесіп, қол ұшын созғаны үшін
ешқандай ақы талап етпейді. Айналаны көгалдандыру, абаттандыру,
үгіт-насихат жүргізу сынды жұмыстарды да өз еркімен атқарады. Сол
себепті еріктілердің қоғамдағы орны ерекше. Көпшілік еріктілерді
қайырымды жандар ретінде таниды. Ең бастысы әр жанның жүрек
түкпірінде жақсылық жасауға деген ынта мен құлшынысы болса
болғаны.
Бүгінде Қазақстанда 200-ден
аса еріктілер ұйымы жұмыс істейді.
Әлемдегі волонтерлік
қызмет Әлемдегі барлық еріктілердің
саны 970 миллионға жетіп жығылады екен. Бұл ақпараттың өзі өзгеге
жәрдемдесудің шеті мен шегі жоқ екенінен хабардар етіп тұрғандай.
Сондай-ақ осыған қарап еріктілердің барлық елде бар екенін
байқаймыз. Әсіресе, осы қызмет азуын айға білеген АҚШ-та кең
тараған. Бұл елде «жақсылық жасау» идеясы балаға мектеп жасынан
бастап айтылады екен. Соның нәтижесінде волонтерлікпен айналысу
әрбір АҚШ азаматы үшін басты қасиеттердің бірі болып саналады. Ал
жұмысқа орналасқысы келген жастардың түйіндемесінде волонтерлікпен
айналысқандығы туралы мәлімет тұрса, ол – үлкен мүмкіндік.
Сондықтан шет елде студенттер мен оқушылар ерікті болуға қуана
келіседі.
Тағы бір айта кететін жайт,
әлем елдерінің жастары әркез «бір жылдық үзіліс» үрдісін өткізетін
көрінеді. Бұл үрдіс өткен ғасырдың 70 жылдарынан бері үзілмей келе
жатыр. Яғни жас түлектер жоғары оқу орнына бармас бұрын, бір жыл
уақытын тәжірибе жинауға, өмірден өзін іздеуге арнайды. Сондай-ақ
өз елінде немесе шет елде еріктілікпен айналысса болады. Бұл
дамыған елдердің қай-қайсысы болсын, жақсылық жасауды басты орынға
қойғанынан хабар береді.
Еріктілік сізге не
береді? Қазақ халқының қай баласы болса да өзгенің
қолтығынан демегеніне ақы сұраған емес. Олардың ақ батасын алғанның
өзін абырой санаған. Еріктілік те солай. Ерікті болғысы келген жан
жасаған жақсылығына өтемақы талап етпеуі керек. Керісінше ерікті
болу арқылы сіз ортаңызды кеңейтуге, жаңа достар табуға, өзгенің
алғысына бөленуге мүмкіндік аласыз. Яғни еріктілік сіздің рухани
қазынаңызды байыта түседі. Өн бойыңыздағы адамгершілік қасиетіңізді
арттырып, мейірім шуағыңызды
молайтады.
Тапсырма:
«Ерікті болу – ерлік»
Эссе
жазу
Ерікті болу – ерлікпен тең. Әрбір
Қазақстандықтың бойында белсенді өмір сүруге дағды қалыптасса
алынбайтын асу жоқ.
|
Экранда
«Ерікті- болу еңбек пе, ермек пе?»
видеоролигі көрсетіліп, оқушылар пікірлері ортаға
салынды.
https://www.youtube.com/watch?v=r27y_uN3KQ0
|
|
7минут
|
Кері
байланыс
|
ПОПС формуласы кері
байланыс
Ерікті
болу
Бірінші сөйлем. «Менің
ойымша,... »
Екінші сөйлем.
«Себебі, мен оны былай түсіндіремін …
»
Үшінші сөйлем. «Оны
мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей
аламын … »
Соңғы сөйлем.
«Осыған байланысты мен
мынадай қорытынды шешімге келдім ...
».
|
|