400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Еріктілерді дамытудың жаңа кезеңі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден-бір сала. Сондықтан, уақытты еріктілікке жұмсау – тұлғалық дамуға құйылған инвестициялар болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШҚО ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ






Тақырыбы: «Еріктілерді дамытудың жаңа кезеңі»























Семей 2019жыл





Еріктілерді дамытудың жаңа кезеңі

Мақсаты:

Еріктілер деп кімдерді айтамыз? Еріктілер қатарына кімдерді жатқызамыз? Жалпы еріктілер жайлы сабағымызды өткіземіз.

Ерікті (волонтер) болу сізге не береді?

Ерікті (волонтер) – латынның «voluntarius» сөзінен шыққан, адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы деген сөз. Тағы бір мағынасы өзінің қалауымен әскерге барушы адам.
Ал қоғамда олардың орны ерекше. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды. «Еріктілер деген кім, олар немен айналысады, олар не үшін мұндай жақсылықтарға барады?» деген сұрақтарға бүгін жауап іздейміз. Еріктілердің өздеріне дәл осы сұрақтарды қойсаңыз, бірден жауап бере алмауы мүмкін. Себебі олар  өздерінің қалауымен, жан қалауларымен жасап отырғаннан кейін бірден «ерікті деген мынау» деп жауап қайтара алмайды. Бір сөзбен айтқан кезде «еріктілер» адамгершіліктің ақ туын көтерген қоғамдағы белсенді топ.

Еріктілік дегеніміз – адамның өз еркімен ақысыз көмек көрсетуі. Көп елдерде еріктілік жұмыс қатарына қосылады, өйткені волонтер өзінің уақытын бөліп, білімін іске асыра отырып тегін жұмыс істейді. Еріктілікпен ұйымдар арқылы, ынталы топтар немесе жеке де айналысуға болады. Волонтерлік қызметтің аясы өте кең: әлеуметтік, спорттық, шаралық, экологиялық, медициналық және т.б. түрлері бар.

Еріктілер немен айналысады?

Еріктілер жалғыз өзі және топ болып жұмыс істейді. Ол өз еріктерінде. Олардың негізгі айналысатын жұмыстары жетімдерге, мүгедектерге немесе қарттар үйіне барып оларға қолдарынан келгенше көмек көрсету. Ал олардың белгілі бір мереке кезінде қоғамға мемлекет мүддесі үшін өз еріктерімен көмекке келуі де «ерікті» әрекеті саналады. Қазақ тілінің сөздігіне бір үңілсеңіз, «ерікті» деген сөзге синоним болатын, балама ретінде «асар» сөзін алуға болады. Асар – ауыл-аймақ, көрші-қолаң болып белгілі бір мұқтаж жанға қолдарынан келгенше тегін көмек көрсету. «Асар» сөзі тіпті белгілі бір дәстүрге де айналып кетті. Сондықтан «ерікті» сөзін кейін пайда болған немесе жаңа заманның термині деп қабылдаудың қажеті жоқ. Өйткені қазақ халқында бұл сөздің түбірі баяғыдан бар. Естеріңізге сала кетейік, елімізде биыл 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Қысқы Универсиада ойындары өтеді. Ал бұл халықаралық мерекеге алыс-жақын шетелден келетін және еліміздегі еріктілерді қосқанда жалпы үш мыңға жуық адам көмек қолын созуға дайын.

Ерікті болу сізге не береді?

Ерікті болу басында айтып өткеніміздей сізге ешқандай материалдық қажеттілік бермейді. Бірақ сіз оның орнына алғыс аласыз, жақсылыққа кенелесіз. Бұл сіздің адамгершілігіңіздің белгісі. Дегенмен ерікті болу арқылы сіз үлкен тәжірибе жинақтайсыз. Әсіресе еріктілердің аудармашы ретінде қатысулары үлкен пайда. Ол еріктінің тілді еркін меңгеріп кетуіне, жұмысты үйренуіне септігін тигізеді. Ортамен тез тіл табысуды меңгеріп, адамгершілігі мол таныстар, достар табасыз. Кей еріктілердің жұмысына қарай, олардың белсендігі үшін белгілі бір көлемде ақша төленбесе де оларға сыйлық ретінде киімдер, кітаптар, түрлі заттар берілуі мүмкін.

Қазақстанда еріктіліктің қарқынды дамып жатқанына қарамастан, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының 2018 жылғы зерттеулеріне сәйкес, жас азаматтардың 82,6 % еріктілікпен айналыспағандығы анықталған. Әр бесінші жас волонтерлік туралы ешқашан естімеген екен. Әйтсе де, жастар еріктіліктің тұлғалық қалыптасудағы рөлін түсіне бастағаны айқын.

Бұған дәлел – 2017 жылы өткізілген Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі мен Қысқы Универсиада ойындарында қызмет көрсеткен 8000-нан астам жастардың қамтылуы. Сонымен қатар, еліміздің әр қаласында қарттар, жетімдер, әлеуметтік осал топ отбасылары, апат құрбандары және өзге де жәрдем қажет ететін қоғам мүшелеріне көмек көрсететін жастар ұйымдарының саны жыл сайын артып келеді.

Әлеуметтік еріктілік – волонтерліктің Қазақстан жастары арасындағы волонтерліктің өзекті бағытының бірі. Жақында қайғылы Арыс оқиғасынан зардап шеккендерге жас азаматтардың белсенді көмек көрсетуі олардың әлеуметтік жауапкершілігінің көрсеткіші болды. Алайда, көптеген жастардың ерікті болуына ұйымдар мен жобалар туралы ақпараттың аздығы кедергі келтіреді. Әлеуметтік волонтер болу үшін «Ұлттық еріктілер желісі», «Мейірімділер клубы», «Мейірімді жүректер қаласы», «28 петель» және т.б. ұйымдармен байланысуға болады. Бұл бағытта адамның жасы, жынысы, білімі немесе қаржылық жағдайы маңызды емес. Ең бастысы – ниет пен қолдан келетін іспен көмектесу.

Қазақстан жастарының арасында кең таралған бағыттың тағы бірі – спорттық еріктілік. Соңғы жылдары елімізде әр түрлі марафондар, триатлондар мен әлемдік чемпионаттар жиі өткізіліп, бұл бағыттың дамуына септігін тигізді. Халықаралық спорттық шараларда ерікті болу үшін шет тілдерін біліп, ашық, сыпайы болу қажет. Сонымен қатар, спорт түрлерінің ерекшеліктерін де білген дұрыс.

Қазақстандықтардың көбісінде еріктілік туралы қате пікір қалыптасқан. «Жалаулар желпіп отыру» бейнесінің пайда болуына шаралық еріктілік әсер етті. Бұл бағыт та елімізде өте кең таралған. Алайда азаматтардың жалау туралы пікірі, әрине, бұрмаланған. Шындығына келгенде, іс-шараларды ұйымдастыруда, үлкен жобаларды жүзеге асыруда еріктілердің маңызы зор. Мысалы, «ЭКСПО-2017» көрмесінің жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етуге де еріктілер көп жұмыс атқарды.

Аталмыш бағыттың жастарға қызықты болуы тәжірибе алу мүмкіндіктерімен байланысты. Шараларды өткізуге көмек көрсету үшін әлеуметтік желілердегі «Qvolunteers», «Жас Ұлан», «Қазақстан жастарының конгресі», «Қазақстан студенттерінің альянсы» және т.б. жастар ұйымдарының хабарландыруларын бақылап отырған абзал.

Аталған бағыттардан басқа елімізде экологиялық, медициналық, төтенше жағдайлар, корпоративті, мәдени, халықаралық, онлайн, IT және т.б. түрлері дамуда. Әр бағыт бойынша Қазақстан еріктілерінің барлығының басын қосатын «Ұлттық еріктілер желісінен» ақпарат алуға болады.



































Қорытынды

Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден-бір сала. Сондықтан, уақытты еріктілікке жұмсау – тұлғалық дамуға құйылған инвестициялар болып табылады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі