Ертінділер концентрациясын
көрсету жолдары
Ертінділердің маңызды
сипаттамаларының біріне концентрация
жатады.
Концентрация – ертіндінің
немесе еріткіштің белгілі мөлшеріндегі еріген
заттың мөлшері. Ертіндінің концентрациясын шамамен анықтау
үшін концентрациялы және сұйылтылған деген түсініктер қолданылады.
Концен-трациялы ерітіндіде еріген заттың мөлшері көп болады, ал
сұйытылған ертіндіде еріген заттың мөлшері аз
болады.
Ертіндінің массасы тұрақты
болғанда оның концентрациясы үлеспен немесе процентпен
көрсетіледі.
Массалық
үлес –еріген зат массасы
ертінді массасының неше үлесі екенін көрсететін
сан.
Массалық
процент – ертіндінің 100
массалық бірлігінде еріген заттың неше массалық бірлігі бар екенін
көрсететін сан.
Массалық процент массалық
үлестен 100 есе көп болады, яғни массалық үлестен массалық
процентке көшу үшін массалық үлесті 100-ге көбейту
керек.
Көлемі тұрақты ертіндінің
концентрациясы еріген заттардың молі, эквивалент санымен
көрсетіледі.
Молярлық концентрация
– бір
литр ертіндіде еріген заттың моль
саны.
Нормальдық
концентрация – бір литр ертіндіде еріген заттың эквивалент санымен
өлшенеді.
Мольдік концентрация
– 1 кг
еріткіште еріген заттың моль саны.
1-мысал. 250г суда 50г
FeSO4 ·
7H2O кристалогидраты
ерітілді.Ерітіндідегі кристалогидраттың және сусыз темір (II)
сульфатының массалық үлесін есепте.
Шешуі. Алынған
ерітінді массасы – 300 г, яғни
mерт=
mН2О+
mзат
mерт= 250г + 50г =
300г
Кристалогидраттың массасы пропорция арқылы
есептейеді:
300г
ерітінді - 100%
50г
кристалогидрат - х%
х=50г ·
100% / 300г=16,7%
М(FeSO4)=152г/моль
М(FeSO4·7H2O)=278г/моль
Темір (II)
сульфаты массасын келесі пропорция арқылы
есептеледі:
278г /
152=5/х
х=152 · 50
/ 278=27,4г
Сусыз
тұздың 300г ерітіндідегі массалық үлесі келесі жолмен
анықталады:
300г ерт –
100%
27,4г – х%
х=27,4г·100% / 300г=9,
1%
2-мысал. Құрамында 8%
(массасы бойынша) сусыз тұзы бар ерітінді дайындау үшін қанша грамм
су және мыс купоросы CuSO4·5H2O қажет. 8%
мыс сульфатының тығыздығы 1,084
г/моль.
Шешуі. 1 литр
ертіндінің массасы келесі формуламен
анықталады:
mерт=1.084г/мл
·1000мл=1084г
Сусыз тұздың массасы келесі пропорция арқылы
есептеледі:
1084г ерт
– 100%
х –
8%
х = 1084г
· 8% / 100%=86,7г
М(CuSO4·5H2O) =
250г/моль
М(CuSO4) =
160г/моль
250г –
х
160г –
86,7г
х = 250г ·
86,7г / 160г = 135,6г
Ерітінді дайындауға қажет су массасы
:
mH2O =mерт –
mCuSO4=1084г-
135,6г=948,4 г
3-мысал. Көлемі 100мл
15%-тік (массасы бойынша) күкірт
қышқылының
(тығыздығы 1,10 г/мл) ертіндісін дайындау үшін
96%-тік (массасы бойын
ша) күкірт қышқылының (тығыздығы 1,84г/мл) қандай
көлемі және
судың
қанша массасы
қажет.
Шешуі. 15%- тік 100
мл күкірт қышқылының ерітіндісінің
массасы
mерт=ρ·v=1,10г/мл ·
100мл=110г
110г ерітіндідегі күкірт қышқылының
массасы:
110г –
100%
х -
15%
х=110г·15%/100%=16,5г(H2SO4)
Енді құрамында 16,5г күкірт қышқылы бар 96 %-тік
ерітіндінің көлемін
анықтаймыз.Көлемі 1мл , массасы 1,84г ерітінді
құрамындағы күкірт
қышқылының массасын
табамыз.
1,84г
ерт - 100%
х –
96%
х=1,84г·100%/96%=
1,77г(H2SO4)
1 мл ерт –
1,77г
хг ерт –
16,5г
х=9,32
мл
Ерітінді дайындауға қажетті су массасы
:
MН2О=mерт-
mН2SО4=110г – 16,5г
=93,5г( су)