400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еркін тақырыпқа арналған сюжеттік-тақырыптық композиция құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімгерлерге арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі








Ашық сабақ



Тақырыбы: Еркін тақырыпқа арналған сюжеттік-тақырыптық композиция құрастыру.



Мамандығы: Бейнелеу өнері және сызу


Тобы: БС-12


Мерзімі: 30 наурыз 2015жыл

Уақыты: 15-05


Пәні: Композиция


Орны: 1-4 кабинеті







Өткізген оқытушы: Тойғамбаева Р.А. ____________


ПЦК меңгерушісі: Есіркепова М.Н. ____________


Директордың ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар

жөніндегі орынбасары: Шотамбекова Б.К. ____________


Колледж әдіскері: Мырзахат З.М. ____________




Тараз 2015

Тақырыбы: Еркін тақырыпқа арналған сюжеттік-тақырыптық композиция құрастыру.



Мақсаты: композиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін

ашып, бейнелеп отырған өмір құбылыстарын өз түсінгенінше

жеткізіп көрсету;

білімділік: қоршаған ортаның өмір шындығын, белгілі бір тақырып

бойынша білімгерлердің өз қиялдарынан құрастырып

сурет салуға үйрету;

тәрбиелік: білімгерлерді өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу;

дамытушылық: қоршаған орта өмір шындығынан алған сезімдік

толғанысын, ой-пікірін жазықтық бетінде көркемдеп бейнелеу

қабілеттерін дамыту.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: ауызша, Activstudio бағдарламасының әдіс- тәсілдері,

репрадуктивті, тәжірибелік жұмыс.


Пәнаралық байланыс: сурет,тарих, эстетика, мәдениет тарихы.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ. Өткен тақырыптарды қайталау. Интерактивті тақтамен жұмыс.


1-бөлім: «Білім көп өмір аз, керегіңді тасқа жаз»

Бұл бөлімде ұлы тұлғалардың сөздері беріледі, кім айтқанын тауып,

сөйлемді аяқтау керек.


1.Әсемпаз болма әрнеге ... (А. Құнанбаев)

2. Өнерді ... бұлағынан, қойдың ..., анамның ..., ешкінің... үйрендім. (Ә.Қастеев)

3. Кел балалар оқылық ... (Ы. Алтынсарин)

4. Туған жердей жер болмас, ... (Әйтеке би)

5. Атадан жақсы ұл туса,елінің туы болады... (Қазыбек би)

6. ... – ұлы есім. (М.Әуезов)

7.Мен- мен едім, мен едім!... (М.Өтемісұлы)



2-бөлім: «Білгеніңе сенбе, біліміңе сен».

Сәйкестендіру тестін шешу.


1Shape1 . Композиция заңдылықтары қызыл, сары, көк

2Shape2 . Кескіндеме өнерінің жанрлары тұтастық, типтендіру, қарама- қарсылық, барлық заңдылықтары мен құралдарының ойға бағынуы.

3Shape3 . Графика өнерінің түрлері ақ, сұр, қара.

4Shape4 . Ахроматикалық түстер портрет, натюрморт, пейзаж

5Shape5 . Хроматикалық түстер кітапты безендіру, плакат, карикатура, газет.



3-бөлім: Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Миға шабуыл.

1. Адамның өз келбетін өзі бейнелейтін жанр – автопортрет.

2. Көз деңгейіндегі түзу сызық – көкжиек сызығы.

3. Жас Абайдың тұңғыш портретін салған суретші –Ә.Кастеев.

4. Кемпірқосақта кездесетін түстердің жиынтығы –спектр.

5. Бір тақырыпта орындалған қос шығарма –диптих.

6. Өзегі графиттен жасалған, сызу құралы – қарындаш.

7. Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші – маринист.

8.Табиғат аясында жүріп сурет салу – пленэр.

9. Аз уақытта орындалған көркем шығарма – этюд.

10. Адамды алдынан бейнелеу – анфас.

11. Нәрсенің өз түсі – локальді.

12. Дүние жүзіне әйгілі Париждегі бейнелеу мұражайы – Лувр.

13. Автордың алғашқы туындысы, түп нұсқасы – оригинал.

14. Құрылыс саласымен қатысты өнер түрі – сәулет.

15. Египеттегі зәулім құрылыс – Пирамида.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Композиция шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композиция - көркем құрал.

Суретші композиция арқылы кейіпкердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып, бейнелеп отырғаннн өмір құбылыстарын өз түсінгенінше жеткізіп көрсетеді.

Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнының неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.

Қарапайым тілмен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді.

Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу.

Тақырыптық бейнелеу сабақтарының негізгі мазмұны қоршаған ортаның өмір шындығы, әдеби шығармалар желісіне байланыста сюжеттер және белгілі бір тақырып бойынша білімгерлердің өз қиялдарын құрастырып бейнелеген суреттер негізінде.

Қазақстан суретшілерінің жұмыстарына талдау.

Тапсырмалар:

Салынған суреттегі форма, тепе-теңдік, көлем, перспектива, жарық пен көлеңке, композицияға ерекше назар аудару керек.
Кеңістік ұғымдарын, болмысты көркем-бейнелі қабылдауын көрсету, оның әсемдігі мен түс байлығының үйлесімділігін түсіндіру.


Реалистік бейнелеу өнерін өз шығармаларында ешқандай жасандылықсыз ұштастыра білген Қазақстан суретшілерінің бірі - Әбілхан Қастеев.

Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.

Оның шығармаларының қарапайымдылығы мен түсініктілігі әр уақытта көрермен назарын өзіне аударып отырады. Ә.Қастеев шығармаларындағы салт-дәстүрді ұқыптылықпен бейнелеген. Ол сурет өнерін дамыту арқылы дінді бұзған жоқ, қайта тарихымызды тірілтті.


Амангелді сарбаздары.


Ә. Кастеевтің кенептерінде табиғат пен адам өзара байланысты және бір-біріне тәуелді. Туған табиғат, көбіне қазақ даласы олардың туындыларында өмірдің тек нақты, таныс кеңістігі ретінде ғана емес, сонымен қатар символикалық үндестікке дейін жинақталған. Дала образы қайталанбас даланың бояуы, ауасы, иісін бере алғандығы анық көрінеді.

Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындылары дүниеге келген.


 

Колхоздың сүт фермасы.

Ә.Кастеевтің тұрмыстық жанрдағы ауыл бейнесі қазақ тұрмысын нақ білуі және оған деген шексіз махаббаты оның түп негізіне айналғандай.



Телжанов Қанапия Темірболатұлы - кескіндемеші, қазақ монументті кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі, педагог, қоғам қайраткері.

Суретші ел аралап, жер көріп, болашақ туындыларының дүниеге келуіне қорғау салатын сюжет іздейді, халық өміріне араласады. Бірде осындай көп сапарларының біреуінде думанды тойдың үстінен шығады. Сондағы тойдағы көкпар ойыны суретшіге ерекше әсер қалдырады. Алматыға қайтып оралысымен тартысты ойынды қылқалам тіліне көшіруге кіріседі. Екі жылдай уақыттан кейін дүниеге шығарма келген.

Ат тұяғының дүрсілі, көкпаршылардың айқайы құлаққа келгендей.

Туындыдағы қозғалыстық (динамика), ауыздықпен алысқан аттардың қозғалысын сезінесің.

«Көкпар» кең қарқынды композициялық құрылымымен, әрлі ұлттық коллоритпен ерекшеленеді.





Көкпар.






Атамекен.


Бұл – қазақ бейнелеу өнеріндегі тың жерді көтерудің тарихи мәнін кең көрсете алған туындылардың бірі.

Көкжиекке дейін шексіз созылып жатқан дала мен сол далада жүрген салт атты адамның табиғатпен қосылуы үйлесімділік береді.

«Атамекен» - ұлағатты адамның өмірі тәрізді, талантты жазылған шығарма. Кең тынысты, романтикалық, психологиялық пейзаж жазып,

ата-баба аманатына адалдық танытқан суретші.


Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев – алғашқы қазақ кәсіби суретшілерінің бірі, кескіндемеші, педагог, Қазақстанның халық суретшісі.



Асауды ұстау. 


Суретшінің ерекше туындыларының бірі – «Асауды ұстау» картинасы. Картина қазақ жігіттерінің батылдығы мен шеберлік өнерінің шексіздігін көрсететін көркем туынды. Көлденеңінен алынған картина форматы, қазақ даласының кеңдігін, адамдардың болашаққа қарай ұмтылысын символды түрде көрсетеді. Суретшінің бұл картинасы Москвадағы Мемлекеттік Третьяков галереясындағы кеңес өнері көрмесіне қойылған.


Суретші М.Кенбаевтың ерекше туындыларының бірі – «Киіз басу». Бұл картина түстердің әуенділігімен және ұлттық ерекшеліктерімен сипатталады. Шығарма мазмұны халық шеберлерінің еңбегін көрсету.


М. Кенбаев шығармашылығы – қазақ халқының өмірін бейнелік-поэзиялық тілде көрсету, сонымен қатар қазақ баласының өзіндік ерекшеліктерін ашуға баса көңіл бөледі.

Киіз басу.



Қазіргі бейнелеу өнері еркін ойлауға жол ашты, тарих бетінің талай жасырын ақтаңдақтары көркем шығарма ретінде дүниге келді.

Тақырыптық бейнелеу тапсырмалары бірінші қарындашпен орындалып, содан соң бояумен боялады.

Тақырыптық сюжеттің композициялық шешімінің шағын эскизін орындаған маңызды.

Тақырыптық бейнелеуде білімгер жұмысындағы бейнеленген заттардың, көріністердің бір-бірімен тақырыптық байланысы болуы, кеңістікте орналасуы, құбылыстардың пропорциялық қатынасы, түстік реңнің тақырыппен байланыстыра отырып, көңіл-күйді көрсете білуі міндеттелінеді.


Білімгерді шығармашылық жұмысқа әкелу үшін дайынықты қажет етеді. Бұл жағдайда композиция шешімін анықтау үшін:

  • Тақырып таңдау, оның қазіргі уақыттағы өзектілігі, өмірмен байланысы.

  • Оқушының өзі салатын жұмысы арқылы өзін-өзі анықтау және рухани күш алуы.

  • Көлемі (размер).

  • Пропорциясы.

  • Жазықтық бетіне дұрыс орналастыру (компоновка).

  • Түстерді таңдауы.

  • Жалпыдан жалпыға қарай қағидасын қалыптастыру.

ІV. Сарамандық жұмыс.

Тапсырма: еркін тақырыпта сюжеттік композиция құрастыру.

Эскиз дайындау.


V. Жұмыстарды талдау, бағалау.

Көрме ұйымдастыру.

Бағалау деңгейіндегі сұрақтар талдау жасап қана қоймай, оған деген өз ойларын айтуларын талап етемін. Бағалау процессі субьективті бола тұрса да, оқушылар өлшемді өзі таңдап алады.


VI. Сабақты қорытындылау.

Рефлексия.

Сұрақтар:

  1. Бүгінгі сабақтың басты мақсаты не болды?

  2. Тақырып бойынша қандай әсер алдыңдар? Не түсіндіңдер?

  3. Не білдім? Не білгім келеді?


VII. Үй тапсырмасын беру.

Дайын эскиздің түстік-тондық , реңдік қатынастарын табу.



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қазан
2414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі