Тақырып бойынша 13 материал табылды

Еркін тербелістер

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныптарға физика пәнінен 45 минутқа арналған "Еркін тербелістер" тақырыбында Қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп: «А.Меңдалыұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Ерсұлтанова Данагүл


Сынып: 9


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Еркін электромагниттік тербелістер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.4.1. тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сапалық түрде сипаттау

Сабақ

мақсаттары

  • еркін электромагниттік тербелістерді сипаттайтын теңдеулер жайлы түсінік беру;

  • еркін электромагниттік тербелістерді сипаттайтын теңдеулерін есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.


Бағалау критерийлері

  • еркін электромагниттік тербелістерді сипаттайтын теңдеулер жайлы түсінеді;

  • еркін электромагниттік тербелістерді сипаттайтын теңдеулерін есеп шығаруда қолданады.


Құндылықтарды

дарыту

Оқушылар сабақ барысында топпен жұмыс істейді.

Жұмыс барысында жауапкершілік және өзара құрмет құндылықтарын дамытады. Академиялық адалдық.

Пәнаралық

байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

интернет желісі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

5мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Миға шабуыл» (4  минут)

  1. Тербелмелі контур дегеніміз не?

2.   Идеал тербелмелі контурды қалай түсінесің?

3.   Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістерді сипаттап бер?

4.   Еркін тербелістер дегенді қалай түсінесіңдер?

5.   Гормоникалық тербелістер жайлы не білеміз?

6.   Тербеліс амплитудасы, периоды, жиілігі жайлы не білеміз?

Кері байланыс: оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы

Бағалау: «Мадақтау» арқылы



Сабақтың ортасы

25 мин





















Жаңа сабақты меңгеру

Электромагниттік тербелістер –конденсатордың разрядталуы кезінде заряд, ток, кернеу, электр және магнит өрістері периодты түрде өзгеріп отыруы.

Тербелмелі контур-электромагниттік тербелістер алуға болатын, тізбектей жалғанған конденсатор конденсатор мен индуктивтік катушкадан тұратын тізбек.

Тербелмелі контур деп бір-біріне тізбектей жалғанған конденсатор мен индуктивті катушкадан тұратын тізбекті атайды.




А) Егер тебелмелі контурдың R к едергісі ескерілмесе, онда о л идеал деп аталады.

Б) Егер тебелмелі контурдың R кедергісі ескерілсе, онда ол шынайы деп аталады.

Электромагниттік тербелістер –конденсатордың разрядталуы кезінде заряд, ток, кернеу, электр және магнит өрістері периодты түрде өзгеріп отыруы.

Есептер шығару.

  1. Ұзындығы 0,5 м математикалық маятниктің периоды неге тең?

  2. Контурдағы конденсатор сыйымдылығы 200 мкФ, тербеліс периоды 1с. Контурдың индуктивтілігін анықтаңдар?

  3. Контурдағы конденсаторлың сыйымдылығы 400 пФ, ал катушканың индуктивтілігі 10 мГн. Тербеліс периодын анықтаңдар.

  4. Тербелмелі контур сыйымдылығы 1 мкФ конденсатордан және индуктивтігі 10 мГн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер периодын есептеңдер.

  5. Тербелмелі контур сыйымдылығы 500 пФ конденсатордан және индуктивтігі 1 мГн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер жиілігін есептеңдер.

  6. Сыйымдылығы 2 мкФ конденсатормен жиілігі 1кГц электромагниттік тербелістер алу үшін, тербелмелі контурда индуктивтігі қандай катушка қосу керек?

  7. Индуктивтігі 0,76 Гн катушкасы бар тербелмелі контурға дыбыс жиілігі 400 Гц электромагниттік тербелістер алу үшін, тербелмелі контурда сыйымдылығы қандай конденсатор қосу керек?


Сабақтың аяғы

15 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді.

Тақырыбы: «Менің сабақтығы көңіл күйім!»

Мақсаты: Сабақтағы оқушылардың көңіл күйін анықтау.

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға стикерлер ұсынады.

Оқушы іс-әрекеті: Тақтаға өз көңіл күйін білдіру үшін стикерлер жапсырылады.

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға үй тапсырмасын береді.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.11.2021
376
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11