400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Еркіннің еңбегі сабақ жоспары 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Еркіннің еңбегі туралы әдебиеттік оқудан ашық сабақ өттім. Бұл сабағымды оқушылар түсінді деп ойлаймын. Бұл сабағымда жаңа -әдістерді пайдаландым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу пәні бойынша қысқа мерзімді жоспары


Мерзімі

– сабақ

Тексерілді

Сабақта 7 модульдің қамтылуы


Сынып

2 «Д»




Пәні

Әдебиеттік оқу




Тақырыбы

М. Төрежанов Еркіннің еңбегі




Мақсаты

Оқушыларды «Еркіннің еңбегі» Мәдіхат Төрежановтың әңнімесімен таныстыру.Әңгімені мәнерлеп түсініп оқуға дағдыландыру. Әңгіменің мазмұнын ашу, негізгі ойды анықтау қабілеттерін қалыптастыру.




Күтілетін нәтиже

1.Мәдіхат Төрежанов туралы біледі.

2.«Еркіннің еңбегі» мәтіннің мазмұнын, өздігінен түсіне алады.

3.Өз ойларын еркін жеткізе алады.

4.Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

5.Тапсырмаларды талдап, қортындылайды.

6.Топ басшысы бағалайды.




Әдістері

«Біз сендерге, сендер бізге» әдісі, «Селт еткізер» әдісі, топпен жұмыс, «Ыстық доп» әдісі




Ресурстар

А3 формат,маркер, стикер,плакат, суреттер




Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

Білу

Жарық болсын күніміз,

Жарқын шығар үніміз.

Елін сүйіп ер жетер,

Біз болашақ гүліміз..

Гүл өсірсен терлеп,

Мұның аты –еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты- еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірленсең еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

4-топқа бөлемін.





Үй тапсырмасы

(7 минут)

Білу

«Біз сендерге, сендер бізге» әдісі

М.Әлімбаев «Көктем келді» өлеңін жатқа айту.

«Біз сендерге, сендер бізге» әдісімен «Көктем келді» өлеңін жатқа айтады.


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау


Үй тапсырмасын бекіту

(2 минут)

Қызығушылықты ояту

«Селт еткізер» әдісі

Биыл қандай жыл? (тауық). Бүгін бізге тауық қонаққа келді. Ол сендерге шарлар алып келді. Бұл шарлардың артында тапсырмалар жасырылған. Осы тапсырмаларды жақсы орындаған балаларға тауық шарларды сыйлайды.

1) М.Әлімбаев кім? жазушы,ақын

2)Мұзафар қай жылы туылды?

 1923 жылы 29 қазанда

3) Мұзафар қай жерде дүниеге келді?

Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген

4)М.Әлімбаевтың қандай өлеңдерін білесіңдер?

«Қарағанды жырлары», «Алатау баурайында», «Ақмаңдайлым»

5) Көктемде гүлдейтін қандай гүлдерді білесіңдер?

«Жауқазын», «Бәйшешек», «Қызғалдақ»

6)Өлеңге сүйеніп көктем белгілерін ата?

Күн жылуынан көлдің мұзы, жердегі аппақ қар ериді.

Аспанда күн күркіреп, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.

Ағаштар бүршік жарады, құстар келеді. Жердің беті кілем төсегендей құлпырады.

7)Көктем айларын ата? наурыз,сәуір,мамыр

8)Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Қар ериді, жер батпақ болады, құстар ұшып келеді

6) Көктемде нелер төлдейді?

Қой қоздайды, түйе боталайды, сиыр бұзаулайды, жылқы құлындайды.

7)Көктемде қандай мейрамдар бар?

8 наурыз «Аналар» мерекесі, 22 наурыз «Наурыз той»,

1 май «Ынтымақ» күні, 9 май «Жеңіс күні»

«Селт еткізер» әдісімен сұрақтарға жауап береді.


Оқушылардың жас

ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу



Жаңа сабаққа дайындық

Мағынаны тану

(7 минут)

Түсіну

Жыл мезгілдерін ата.

-Қыс

-Көктем

-Жаз

-Күз

Әр жыл мезгіліне байланысты еңбек түрлерін сұрау.

-Қыс

-Көктем

-Жаз

-Күз

Ребус шешу.

Шалғы — ауыл шаруашылық құралы. Орақ (шөп шабатын машина), лобогрейка (егін шабатын машина) шыққанға дейін шөпті шалғымен шабатын. Қазір шалғы машина жүре алмайтын жерлердің шөбін шабуға пайдаланылады. Көк балаусаны шапқанда шалғының жүзі тез мұқалады, сондықтан оны үнемі қайрап өткірлейді. Шөпті орақпен орғаннан гөрі шалғымен шабу өнімді.

1.Шалғы неге керек?

2.Қай уақытта шалғымен шөп шабамыз.

3. Шалғымен шөп шабатын адамды кім дейміз? Шалғыншы

Қазіргі уақытта қол еңбегі комбайн еңбегіне айналды.

Жыл мезгілдерін атайды.











Ребусты шешеді






Шалғы туралы мағлұмат алады.

Оқытуды басқару және көшбасшылық,


Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

(15 минут)

Пайдалану






































































Талдау

«Еңбек» туралы мақал-мәтелдер айтқызу.

1.Еңбек қылсаң ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.
2.Еңбек деген байлық бар,

Ерінбеген жететін.
3.Еңбек түбі қуаныш.
Осы мақал - мәтелдерді қалай түсінесіңдер?
Еңбек еткен адамның қарны тоқ болады. Себебі ол өз нанын өзі тауып жейді. Еңбек еткен адам түбі қуанышқа, бақытқа жетеді. Еңбек еткенде ғана нағыз бай боласың. Себебі өз еңбегіңмен тапқан байлығын – өз байлығын, тек адал еңбек еткен адамның досы да, заты да көп болады.

Бүгінгі сабақта Мәдіхат Төрежановтың «Еркіннің еңбегі» әңгімесімен танысамыз.

Автордың өмірімен танысу.

Төрежанов Мәдіхат (1921 - 1996) 30 - сәуірде Ақмола облысы Алексеевский ауданы, «Трудовой» ұжымшарында дүниеге келген. 1941 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы мектепте мұғалім, Ақмола қаласында мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі болып жұмыс істеген. «Бітпеген ойын», « Тең ойын», «Шегіртке мен ара», «Қанатбек пен Жанатбек» атты прозалық кітаптардың авторы. «Құрмет белгісі» орденімен бірнеше рет марапатталған.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы мәтінді тұтастай оқыту, топтарға тапсырмалар беру. 
I – топ. Еркіннің атасының шөп шапқаны туралы айтылған тұсты тауып оқы. 
II – топ. Еркіннің шөп шапқаны әңгімеленген тұсты тауып оқы. 
III – топ. Атасының өмірден түйген сөздерін тауып оқы.

IV-топ Сұрақтар дайындау.

- Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш - қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншек адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.

 Сергіту сәті «Аралар» атты ойын.
Балалардың денесін сергіту мен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында «Аралар» атты ойын жүргізіледі. Бір топ бала қол ұстасып, шеңбер жасап тұрады да, үш – төрт бала ортаға шығады.
- Баудағы кім?
- Олар – аралар.
- Ара болсаң, ызыңда
- З - з - з, ж - ж - ж, з - з - з, ж - ж - ж!
- Жұмыс істе, тығылма!
Аралар бір – бірімен сөйлесе бастайды, қандай жұмыс түрлерін көрсеткілерін келеді. «Жұмыс істе, тығылма!» - деген сөзді естіген кезде де тоқыма тоқығандай, ағаш жарғандай, оны аралағандай, еден сыпырғандай қимыл – қозғалыстар жасайды:
Топ – топ ара ұшады,
Үстімен де бұтаның,
Астымен де бұтаның.
Үстімен де бұтаның
Аралардың қимылын қайталайды да: «Тап болсаң бір жалқауға, алып кел оны ортаға!» - деп хормен әндетеді.
Аралар осы сөздерді айта жүріп, өздерінің қимылын қайталай алмаған «жалқауларды» ортаға шығарады да, өздері солардың орнына барып тұрады. Шеңбер жасап тұрғандардың бәрі хормен дауыстап айтады.
Әй - әй, жалқау бұл қулар,
Жалқауды тез қуыңдар!
Сөйтіп, олар жалқауларды қуып шығады.

Дәптермен жұмыс

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 
Адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келеді.

Топпен жұмыс.

I - топ. 5 жол өлең құрастыру.

II - топ. Жазда қандай еңбек түрлері болады.

III - топ. «Еңбек» туралы мақал-мәтелдер жазу.

IV-топ. «Еркіннің еңбегі» әңгімесі бойынша сурет салу.








Еңбек туралы мақал-мәтелдерді айтып, мағынасын түсіндіремін.







Автордың өмірімен танысады.











Оқулықпен жұмыс

Топпен оқиды











Сергіту сәті «Аралар» атты ойын арқылы қимылмен жасайды.

























Дәптермен жұмыс

Еңбек туралы нақыл сөздер жазу





Топпен жұмыс

жасалады


Талантты және дарынды балаларды оқыту


Жаңа сабақты жинақтау

7 минут

Жинақтау

«Ыстық доп» әдісі

Еркіннің еңбегі әңгімесінің авторы кім?

-Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

-Еркін қонаққа қайда келді?

-Жаз болса атасы немен айналысатын еді?

-Еркін атасына не деп өтініш білдірді?

-Атасы шөп шабуға Еркінді апарды ма?

-Олар қайда келді және немен жетті?

-Шалғынға нені тұсап қоя берді?

-Әңгімеде атжалданып қалып жатыр деп нені айтып отыр?

-Атасының шөп шапқанына қызыққан Еркін атасына не деді?

-Атасы немересіне шөп шабуды қалай үйретті?

-Еркіннің шөп шапқанына қандай баға бересіңдер?

-Атасы оған қандай қолдау көрсетті?

-Жайшылықта ішпейтін қымызын қалай ішіп қойды?

-Атасы қандай ақыл айтты?

- Адал еңбек адамды қуанышқа сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбекті бағалап, қадірлейік.

«Ыстық доп» әдісімен сұрақтарға жауап береді


Сыни тұрғыдан ойлау.


Кері байланыс

2 минут

Блоб ағашы




Бағалау

4 минут





Үй тапсырмасы

(1 мин)

Мәдіхат Төрежанов «Еркіннің еңбегі» мәтінін мазмұнына сай сұрақ дайындайды.




Қосымша білім

 «Менің алғашқы көмегім» шығарма жазу тапсырады.







Рефлексия


Сабақта не сәтті болды?



Не сәтсіз болды? (кездескен қиындықтар)




Нені дамыта алар едіңіз? (мүмкіндіктер)








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
884
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі