Материалдар / Ерлер аяқ киімнің өкшесін желімдеп тігу

Ерлер аяқ киімнің өкшесін желімдеп тігу

Материал туралы қысқаша түсінік
еңбек пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
509
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Ерлер аяқ киімнің өкшесін желімдеп тігу.Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың аяқ киім ақаулары және жөндеу жолдары туралы білімдерін анықтау.Ерлер аяқ киімінің өкшесін желімдеп тігуді көрсету, үйрету. Бігізбен жұмыс жасау тәсілін бекіту.Сабақтың дамытушылық мақсаты:Оқушылардың ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттеріндегі кемшіліктерді түзетіп дамыту.Сөздік қорын молайту. Дене бітімнің дұрыс қалыптасып өсуіне көңіл бөлу,саусақтың майда қимылын дамыту.Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке,бастаған ісін ұқыпты,тиянақты аяғына дейін бітіруді үйрету.Жұмыс барысында гигеналық талаптарын сақтауға, бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Сабақтың әдісі:Жаңа сабақты түсіндіру,сарамандық жұмыс.Сұрақ-жауап.Пән аралық байланыс: Математика, әдеп, тігін ісі, айналамен танысу.Сабақтың көрнекілігі: Аяқ киім,технологиялық карта, плакат.Қажетті заттар,құрал-саймандар: Бігіз,аяқ киім тігетін жіп,етікші пышағы, щетка, крем, арнайы киім, қайшы, қыл қалам. Сабақтың барысы.1.Ұйымдастыру кезеңі.А) Сәлемдесу.Ә) Оқушылардың талапқа сай отырғызып, зейіндерін сабаққа аудару.-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?-Қыстың қай айы?-Қаңтардың нешесі?-Сендер қандай сабаққа келдіңдер?-Дұрыс ,еңбек сабағына ағаштан бұйымдар жасап, жиһаз жөндеп, аяқ киімді жөндеуді, аяқ киімді желімдеп тігуді үйренеміз.



2.Өткен сабақты қайталау.- өткен сабақта не үйрендік?- желімденген табанға айналдыра шеге қағу жолдарын кім айтады?- қандай құрал-саймандар пайдаланамыз?3.Жаңа сабақ.А) Бүгін аяқ киімді желімдеп тігуді үйренеміз.Ә) Балалар мына аяқ киімдерге қараңдар, қайсысын желімдеп жөндеуге болады?Б) Мұғалімнің түсіндіруі:Технологиялық картамен жұмыс.
Жұмыс реттілігіҚажетті құралдар
1Аяқ киімнің ақауын анықтау Аяқ киім
2Құрал сайманмен желім дайындауБігіз,жіп,желім,қыл қалам
3Аяқ киім өкшесіне желім жағуЖелім,қыл қалам
4Аяқ киім өкшесін тігуБігіз, жіп
5Жұмыс сапасын тексеруАяқ киім.
-Балалар бірінші аяқ киімнің ақауын анықтаймыз.Аяқ киімнің өкше жағына желімді жағып жапсырамыз.Оң қолмен бігізді аяқ киімнің ішіне салып бігіздің ілмегіне ілеміз.Оң қолмен жіпті тартып біраз бөлігін шығарып аламыз.0,5сантиметрдей жерді тастап,бігізді қайталап кіргізіп,іштегі жіпті бігіздің ұшына ілеміз,бігізді жеппен қоса шығарып,ілмектің ортасына сыртқы жіпті өткіземіз,бігізді қайталап кіргізіп іштегі жіпті бігіздің ұшына ілеміз,бігізді жеппен қоса шығарып, ілмектің ортасына сыртқы жіпті өткіземіз, іштен және сыртқа тартамыз.Тігісті әрі қарай осылай жалғастырамыз. Аяқ киімді желімдеп тігеміз.4.Жұмыс сапасын тексеру,кремдеу.- Өкшені желімдеп тігу тәсілі.- Желімдеп тігу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.5.Сергіту сәті:Дене-қимыл жаттығулары.6.Дәптермен жұмыс:- Ай, күнін жаздыру.-Сабақ тақырыбын, жоспарын дәптерге жаздыру.7.Бекіту:а) Сұрақ-жауап:- Желімді не үшін жағамыз?- Жіпті не үшін таңдайды?- Бігіздің түрін ата?- Не үшін жіпті сабынмен сүртеміз?- Желімді немен жағамыз?ә) Мұғалімнің аяқ киімді желімдеп тігіп көрсетуі.б) Мақал-мәтелмен жұмыс. «Еңбек»8. Қортынды:9. Бағалау 2.Сабақ1.Ұйымдастыру кезеңі.- Оқушыларды түгелдеу.- Құрал-сайман тарату.- Арнайы киім кигізу.2.Өткен сабақты қайталау.- Өткен сабақта не істедік?- Аяқ киім ақауларын не үшін тексереміз?- Аяқ киімге желімді не үшін жағамыз?- Қандай құрал-саймандар пайдаланамыз?- Жіп таусылса қалай жалғаймыз?3.Сарамандық жұмыс.а) Техникалық қауіпсіздігін қайталау. Ілмек бігізді бір-біріне қаратып серпіме.- Бігізді саусағына кіргізіп алма, аузыңа салма, бір-біріңе бергенде абайла, әр жерге тастама, орнына қой.- Етікші пышағын тұтқасынан ұста, бір-біріңе абайлап ұсын.- Желім жағу барысында ұқыптылық сақта.ә) 2-топ. Өзіндік жұмыс.- Бігіз таңдау.- Жіпті таңдау, сабынмен сүрту.- Желімді дұрыс жағу.- Өкшені айналдыра тігу.- Техника қауіпсіздігін сақтау.- Жұмыс сапасын тексеру.б) 3-топ.Мұғалімнің көмегімен жеке жұмыс жасау.4.Сергіту сәті:Дене-қимыл жаттығулары.5.Сарамандық жұмысты жалғастыру.6.Бекіту:- Сұрақ-жауап арқылы.- Балалар, бүгін не істедік?- Аяқ киімді немен желімдеп тіктік?- Қандай жіп қолдандық?- Қандай бігізбен тіктік?-Желімді немен жақтық?- Қандай қауіпсіздік ережесін сақтадық?7. Оқушыларды бағалау:8. Қортынды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ