жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ерлік - елге мұра,ұрпаққа - ұран!!!
|
Қызылорда обылысы,Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы. Исатай Әбдікәрімов атындағы №168 жалпы орта мектебінің Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Нысанов Нұрлан |
Сабақтың тақырыбы: «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа- ұран»!!!
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды патриоттыққа , отанды сүюге,адамгершілікке,
үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттермен безендіру, слайд шау,
1 Жүргізуші Бейсенбек Сайдахмет
Ұлы кешке сенген күн
Фашистерді жеңген күн
Ағаларға ерген күн
Бақыт гүлін терген күн
Қайырлы күн,құрметті ұстаздар,қонақтар мен оқушылар!Ұлы отан соғысындагы ұлы жеңістің болғанына 70 жыл уақыт өтседе «жеңіс»деген сөз жүрекке соншалықты ыстық,көңілге соншалықты жақын сезіледі- деп «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа- ұран»!!! атты тәрбие сағатымызды бастаймыз
2 жүргізуші Атихан Аида
Күткен жеңіс жарқ етті сәуле шашып
Жеңіс келді қуандық көңіл тойып
Жауды жойып батырлар елге оралды
Ата-анамен қауышты құшақ жайып
Мамыр келді ағаштар бүрін жарып
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
Төрт жыл бойы қанды қырғыннан кейін,қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды.Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті.Ерлік пен еңбек жеңіп шықты.Ешкім де ұмытылмайды,ештеңеде ұмыт қалған жоқ -дей келе осы мерекелік шарамызды ашып беру салтанаты Қожакент ауылының әкімі ӘСІЛБЕК АЙТЖАНОВҚА беріледі.
Қазақстан РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ
1 жүрізуші. Бейсенбек Сайдахмет
Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл көмей
Абзал досым мүгедекті жүр демей
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей. Бір сәт үнсіздік
2 жүргізуші Атихан Аида .Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың арасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе!Солардың жанымен,қанымен,терімен,көз
жасымен,күшімен,ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай еңіреп жүріп жауды жеңіп,туын шағып жеңістің таңбасын басқан күн-ЖЕҢІС КҮНІ.Бұл күннің толғағы ащшы болса да,туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн.Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңе теңеспейтін ғажап күшпен жеттік.Ол күш-әрине «бірлік».Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Баяндама.
Ажар.Соғыс деген қайдан шықты
Авторы кім алғашқы
Есіл адам есі кетіп
Оған несін жармасты
Бүкіл адам тариқының бетін неге қан басты
Соғыс деген-аққан соры ақсүйектің, құлдың да
Соғыс деген-төккен ары қыздың және ұлдың да
Соғысдеген-сотқарлардың қолындағы найзасы
Соғыс деген-соғысдеген-зұлымдықтың айнасы
Жансая.70 жыл көктем таңы атқалы
70жыл шуақты күн таратты әні
Есімде содан бері қаншама рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері кайта оралды
Талай бақ әлеміне қайта оралды
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді
Хор.Соғыстан қайтқан солдаттар
Нұрила.Солдаттың көкірегі толы арманы
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады
Отан мен анасы үшін «АЛҒА»деді
Амал не
Көпшілігі оралмады
Жабады дала төсін нала қайғы
Шын қайғы жас- кәріге қарамайды
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайд
Сымбат. Ағайлардан,апайлардан ,інімнен
Жеңіс сөзін көп естідімбүгін мен
Сәл күбірлеп жеңіс жеңіс деп едім
Жазылғандай әжем белі бүгілген
Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған
Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған
Мен жеңістің көріп тұрмын алауын
Жанарлардан алтын шуақ шашылған.
Жеңіс келді ән болып
Ана туралы баллада орындайтын М.Рахымжан,Тоқташ С
1 жүргізуші. Бейсенбек Сайдахмет Жасасын жеңіс
Бақытты елім күле бер
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын
2 жүргізуші. Атихан Аида Соғыс жалмап аға-іні бауырды
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды
Жалғызынан айырыпиты ананы
Әкесінен айырыпты баланы
Мухамеджан.Жалын шашып жанған оқ
Сонау байтақ батыста
Жаңбырдай боп жауған оқ
Қанды майдан атыста
Сол атыста жүр бір қыз
Еркектермен аралас
Қатулы қабақ кекті жүз
Өткір жүзді қара шаш
Бұл жүрген қыз Жанна ма
Жау жарағын сайлаған
Қан ақса да қапталдан
Жаудан беті таймаған
Әлде Василиса батыр ма
Жауды көрсе жайнаған
Қайысқан қалың қолымен
Қойдайғып жауды айдаған
Көрініс.
1 жүргізуші. Бейсенбек Сайдахмет Отан ана жылағанда шер сеніп
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт
Қара бұлтты қақ жарайық деді де
Қолдарына қару алды ерленіп
2 жүргізуші. Атихан Аида Бұлт торлады аспанды
Қара жер қанға ластанды
Зеңбірек атып жан жақтан
Осылай соғыс басталды
Нұрзада.Қан майданның жүректе жарасы бар
Қайғысы мен зілі бар наласы бар
Арамызда жүретін алшаң басып
Ардагерлер азайып барасыңдар
Қастерлейді халқымыз қаһарманын
Жүр есінде сан жарық сапарларың
Қайран ерлер қаһарман ардагерлер
Қалдау сиреп бұл күнде қатарларың
Би Катюша
Ақжан Нурай.Майданға хат
Таңат. Қалықтап көкке абырой мен бақ құсым
Тыныштыққпен аты менің ақ таңым.
Ғасырдан ғасырға өтіп,тарих шежіресіне ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар.Бірақ солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлерші Германия әскерлерін талқандап жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалғанҰлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді
Жансая. Міне ата бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді алып,егемендіел болып,әлемге танылып отырмыз.Өз әнұранымыз өз елтаңбамыз әрқашан биіктен көрінер туымыз бар.Бұл біз үшін үлкен қуаныш,үлкен бақыт.Қуанышымыз жеңісіміз ұзағынан болсын дейміз
Наргиза.Қайтпаған жауынан
Қаһарман Бауыржан
Қан ішер фашистті
Қырды ол мыңдаған
Ерлігі әрқашан
Есімде сақталады
Ұрпағы ұмытпай
Өмірінен үлгі алады
-Иә сұрапыл соғыс ешкімді аямады.Ана жарынан айырылды,бала әкесінен айырылды.Бірақ үміт оты еш сөнген жоқ.Бала әкесін күте берді,күте берді.
Би...Синий платочек
Жомарт.Жеңіс келді далама
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп
Елдегі көп балаға
Дүние жүзі халқы бостандық алды.Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті.Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты.Зұлымдық,басқыншылық тізе бүкті.Бірлік,ерлік халықтар достығынығая түсті.
Ән. Подмосковнные вечера . Орындайтын Усейнова Айнур
1жүргізуші. Бейсенбек Сайдахмет Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» депте атапты) (Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып .кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, ауданы НДА, 46 шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды.Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкіл одақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Тимур Фрунзе сияқты батырлар мен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген.
2жүргізуші. Атихан Аида Бейбіт болашақты орнату үшін тәуекелге бел буып, майданды кешіп, қаны мен жанын сарп еткен "Шығыстың қосжұлдызының"бірі Әлия Молдағұлова 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында сол жұлдыздың келесі сыңары, елі үшін егескен қаһарман апамыз Мәншүк Мәметова туралы әңгімелеп берсек дейміз.
1922 жылы Орал облысы, Орда ауданында Мәметовтер отбасында Жиенғалидың Мәнсия атты қызы дүниеге келеді. Анасының еркелетуінше, ол - «Моншағым» екен. Кейіннен Мәншүк аталып кеткен ерке арудың жиырмадан астам жылдан соң, ержүрек қыз атанып, тарихта қаларын кім білген?!. Ата-анасынан ерте айрылған ару қыз жастық шағын да тәркетті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып,жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.
Ән Әлия Т.Салтанат
Рүстембек.Әлия ,Мәншүк гүлдей нәзік бірақта
Гүл боп атың өсіп жатыр қыратта
О,тәңірім соғыс өртін жандыртпа
О,тәңірім балаларды жылатпа
Мектебіне бақшасына бүлдіршін
Барсын күлсін анасымен бір жүрсін
Бейбітшілік күні жанса төбеде
Әлия, Мәншүк біреу емес,мың гүлсің.
Ұлдана.Отан үшін от кешкен
батырлардың,
Ерліктері өшпейтін дастан
бүгін.
Даңқтарын олардың тілеймін
мен,
Ғасырлардан ғасырға
асқандығын.
Байқап тұрсаң сол жылдар келісті
кім?
Қазанынан қайғының ел ішті
мұң.
Жарылған бомбалардың
әсерінен,
Сорпасы қайнап жатты жер
үстінің.
Батыс жақтан бір қауіп төніп
келді,
Тарылтам деп Кеңестің кеңіс
КҮНІН.
Сұм соғыстан аман-сау қалған
ерлер,
Жауыздар жасаған
қастандығын,
Бейбіт елге бір зұлмат басталды
күн.
Сұм фашистің тарихтан білеміз
ғой,
Қырық бір де соғысты
ашқандығын.
Және біздер білеміз қырық
бесте
Бас сауғалап олардың
қашқандығын.
Жаулап алам деп
келіп,
Бабамыздың
Жеңе алмаған рухының
асқарлығын.
Ақырында бабалар Берлинді
алып,
Бір жолата құлатты неміс
туын.
Есепсіз ерліктердің
арқасында,
Тойлап жүрміз біз бүгін ЖЕҢІС
күнін
Отан үшін отқа да жанған
ерлер,
Бәріңіз де біздерге
қымбатсыздар,
Құрметті де қадірлі
ардагерлер!!!
Хор.Бейбіт күн тілегі.
Ақнұр.Тәуелсіздік қазақтың сан ғасырлық арманы
Қанша батыр қанша ақын жүрек отын жалғады
Қолжетпес бұл дүниенің ащысы мен тәттісін
Қанша қазақ тұлғасы дәмін татып қалғанды
Мұндай қиын сәттерде болған қазақ баласы
Қанша соғыс сәттерін көрген көздің қарасы
Қазақ үшін елі үшін жанын қиған батырдың
Болды осындай тәуелсіз сан ғасырлық арманы
Қанша уақыт соғысты тәуелсіздік күні үшін
Шаршамады талмады төкседе қанша тер күшін
Ұрпағы үшін қазақтың келешектің қамы үшін
Төкті қазақ баласы шаршамастан бар күшін
Қанша уақыт өткізді сұм соғысты
Берілмейқанша уақыт шайқасты
Дәл осындай берілмейтін жігерліде қазақтың
Орындалды сан ғасырлық арманы
Би... Соғыс болмасын
Әсем. Қазақ халқы еркіндікті аңсаған
Халқымның мен ерлігіне тамсанам
Намыс туын тік ұстаған жастарым
Ұрандары жақсылыққа бастаған
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Аққан қанмен төккен термен келгенді
Арман қылған тәуелсіздік жолында
Боздақтардың жігері де өлмеді
Тәуелсіздік мәңгі биікке өрледі.
Би... Смуглянка
1 жүргізуші. Бейсенбек Сайдахмет Қуанышымыз жеңісіміз ұзағынан болсын.Елімізде бейбітшілік болсын аналарымыздың зарлаған сәбилеріміздің жылыған даусы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Қожакент ауылының тыл ардагерлеріне сөз беріледі.
Ән Қазақстан. Тоқташ Салтанат
2.жүргізүші. Атихан Аида Осымен біздің дайындаған тәрбие сағатымыз аяқталды.Аман сау болыңыздар....

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген