400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ерлік — ел мұрасы, ұрпаққа үлгі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік , батырлық пен ерлік жайында
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ерлік — ел мұрасы, ұрпаққа үлгі

Қазақтың бағалы асыл сөзі, өшпес өнегесі – ерлік. «Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі» деген нақыл сөзде үлкен мағына жатыр. Батыр бабаларымыздың отан үшін жанын беріп, намысын қорғауы – бүгінгі тәуелсіз елдің негізі. Ұрпақ бойына отансүйгіштік пен ерлік қасиетін сіңіру – ұлттық тәрбиенің басты ұстанымы.

Баршаға мәлім, сонау Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, халқымыз сан түрлі қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Шапқыншылық, отаршылдық, қуғын-сүргін жылдары, Ауған соғысы мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы — осының бәрі ел үшін жанын қиған ерлердің есінде қалған естелігі. Сол бір кезеңдердегі ағаларымыздың ерен ерлігі, бүгінгі бейбіт өмірдің негізіне айналды.

Қазіргі таңда елімізде отаншыл, ұлттық рухы биік ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет. Білім беру жүйесіне енгізілген жаңа реформалар мен бағдарламалар жастардың жан-жақты дамуына жол ашады. Әсіресе, мектеп қабырғасындағы «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің орны ерекше. Бұл пән – оқушыларды ел қорғауға, тәртіпке, батылдық пен жауапкершілікке тәрбиелейді. Әрбір жас отанды қорғау – қасиетті борыш екенін осы пән арқылы терең түсінеді.

Сабақ барысында оқушылар әскери істің негіздерімен, төтенше жағдайлардағы іс-әрекетпен танысып, өмірде өз орнын таба білетін, білімді әрі патриот азамат болып қалыптасады. Сонымен қатар бұл пән ата-баба ерлігін үлгі етіп, жас буынның бойында адамгершілік, жігер, батылдық пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Осылайша, өскелең ұрпақ – ел болашағы. Ұлттың тірегі болатын жастардың бойына ерлік пен елдік рухын сіңіру – біздің міндетіміз. Сондықтан әрбір ұрпақ бабалар жолын жалғап, ел қорғаны болуға тиіс. Ерлік – ұмытылмас мұра. Ал сол мұраны ардақтап, жүректе сақтау – ел болашағына жол ашатын тәрбиенің бастауы.















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.01.2026
2
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі