400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ерлик ешкашанда умытылмайды

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтарга
Материалдың қысқаша нұсқасы

Компазиция «Қазақ биі»

Би: Орындайтын «Ақкөгершін» тобы қыздары

Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан

Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.

Қазақтың қос жұлдызы қыздары,
Қыз болса да намыс бермей қорғады.
1941 - 1945 ші жылдары
Адамдар өз елдерін қорғады.

Ал қазір бейбіт өмір басталды.
Ел қорғау адамзат үшін басты парыз
Жер қорғау адамзат үшін талмас міндет.
Біз балалар бейбіт өмір қалаймыз
Сондықтанда бейбіт бола аламыз.

Құрметті де қадірлі бүгінгі мереке иелері сіздерді отан қорғаушылар күнімен және 9 амыр жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт өмірде тіршілік жасасын деп өз жандарын қүрбан еткен ата-бабабаларымызға мың алғыс айтамыз. Олардың алдында әрқашан бас иеміз.

Қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Тәрбиеші: Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, 
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. 
Енді ағайын, көгінде қалықтасын, 
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!


ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.

«Ақкөгершін » тобы ұйымдастырған «Біз бақытты елдің ұланымыз» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөз кещегін

меңгерушіміз Жолболды Базаркул апайға береміз.

Отан үшін мерт болғанды танып біл,
Оларды әсте ұытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқашанда өлмейдіді,
Батырлардың жүрегі отбоп жанып тұр!

Ән: Туған ел

Ор: Ағаділ А

Айару Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің – тірегім,

Құшағында гүл атам.

Жания Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сандуғаш Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

Нуршат Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.





Нураят Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан - өлең, Отан - жыр,

Көтерген көкке ел даңқын...

Зейнеп Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап, сүйе біл.

Бізге осынау тыныш та бақытты өмір сыйлаған абзал аналарымыздың да еңбегін елемеу үлкен қателік болар. Балалары ел қорғауға кеткенде аналарымыз түздің де үйдің де жұмысын қатар алып, жарық та ғажайып өмір сыйлаған Аналарымызға да мың алғыс!

Аналарымыздың құрметіне «Батыр » биі

Раяна Жауынгер біздің саңылақтар
Жауды жеңген солдаттар
Ардақта Отан- ел үшін
Бақытты туған жер үшін    

Жанасыл Тебіренді тауың, желпінді далаң,
           Көтерді көкке туларды ғалам.
            Жеңістің ұлы күнімен сені,
            Құттықтау үшін келіп тұр балаң.

Мадина Жеңіс келді далама,
          Жеңіс келді ән болып.
          Жеңіс келді қалама,
          Келді ауылға сән көрік.

Інжу Бейбітшілік ұраны,

Жарқыраған алтын күн.

Ән қанатты қыраны

Еркіндігі халқымның.

Айман
: Көлеңкесі жоқ көңілге күшті
            Алтын мамырдың сәулесі түсті.
            Дүниеге ұлы жеңіс келді деп,
            Көгіне тағы ұшырды құсты.


Каусар Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын Аталар!
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.



Рахмет қыздар

Отан үшін мерт болғанды танып біл,
Оларды әсте ұытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқашанда өлмейдіді,
Батырлардың жүрегі отбоп жанып тұр!

«Үнді» биі

Рахмет

Бейбіт күнді, жарқын болашақты, сыйлаған ата-бабаларымыз салған жолы, жүрген ізі бізге мұра.

Олардың ерен еңбегін ұмытпаймыз.

Сондай тамаша өмірде балған бақытты балалық шақта өмір сүріп жатырмыз шүкір.

Ән: Балалық шақ

Орындайтын: Айман.

Фариза Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын Аталар!
Ұмытпайды ешқашанда

Жауынгерді балалар.



Жаннур Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын Аталар!
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.

Гаухар Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Коркем Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

Аянат Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап, сүйе біл.


Тәрбиеші   Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
9 мамыр күнін халқым бірге тойлайық!


Ән: Көк тудың желбірегені

Орындайтын: Жұмабай Дінмұхаммед


Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған 
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын


Жігіттер ортада қарсы алыңыздар!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Домбыра ұстаған қазақ қыздарын қарсы алыңыздар!


Тәрбиеші: Бақытым - Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
 
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Құрметті Ақкөгершін тобының жігіттері сендерді мерекелеріңмен шын жүректен Аққкогершін тобының қыздары құттықтайды.

Біздің топтың қыздары апайларымен ойласа отырып, Астанаға сыйлыққа тапсырыс жасады. Мінекей Астанадан жігіттерге арналған сыйымызда келіп жетті.



Қыздар: Мерекелерің қүтты болсын!
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

Тәуелсіз еліміздің әр таңы тек шаттық пен қуанышқа толы болсын.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе - тең деп тереземді. 


Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсындеп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін.

Аққөгершін тобының мерекелік ертеңгілігі аяқталды.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі