Ерлік сабағы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ерлік сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерлік сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерлік сабағы

Сабақтың тақырыбы: Қанатты қыз – Хиуаз Доспанова.

Сабақтың түрі: ерлік-танымдық

Сабақтың мақсаты:

  • Хиуаз Доспанованың өмірі мен ерлігін таныстыру

  • Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру

  • Батырлық пен қайсарлықтың мәнін түсіндіру

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бүгінгі ерлік сабағымыз қазақтың батыр қызы, қайсар мінезді, ержүрек ұшқыш Хиуаз Доспановаға арналады. Ол – соғыс жылдарында аспанда жаумен шайқасқан батыр қыздардың бірі. Біз бүгін оның ерлігі туралы айтып қана қоймай, батырлықтың мәнін түсінуге тырысамыз.

Хиуаз Доспанова туралы бейнеролик:

https://yandex.kz/video/preview/17346480866055481932?from=tabbar&parent-reqid=1772726306657263-6988693990598409111-balancer-l7leveler-kubr-yp-sas-151-BAL&text=хиуаз+доспанова


1-оқушы

Хиуаз Қайырқызы Доспанова Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел 1922 жылы 15 мамырда қазіргі Атырау облысында дүниеге келген. Хиуаздың балалық шағы нәубетті жылдармен тұспа-тұс келді. Ол Орал қаласындағы жалғыз қазақ мектебіне іліге алмай, №1 орыс мектебінде білім алады. Мектептегі оқуымен бірге Оралдағы аэроклубта қатар оқыды.

2-оқушы

Соғыс басталған кезде әйгілі ұшқыш Марина Раскованың қыз-келіншектерге арналған полкіне баруға сұранады. Отан алдындағы борышын өтеуге бел буған жауынгер қыздар Саратов қаласының әскери әуе училищесіне жіберіледі. Мұнда штурмандар даярлайтын арнайы курсты аяқтап, 1942 жылдың көктемінде сол кездегі авиация тарихында тұңғыш рет құрылған, түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанады.

3-оқушы

Хиуаз Доспанова қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Белоруссия, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Қазақ қызы қан майданда 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау шебін талқандайды. Түн қараңғысында жауға қырғидай тиген Хиуаз Доспанова соғыс кезінде ұшақтан 14 рет құлаған екен. Төрт мәрте ауыр жарақат алса да, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған.

4-оқушы

Хиуаз бен оның ұшқыш құрбыларын немістер "Түнгі мыстандар" деп атап,  олардың әуеден бағыттаған соққысын үрейлене күтіп, талай таңды көз шырымын алмастан қарсы алды. Қан майданда жаумен алысып, Отан үшін от кешкен қазақ талай мәрте өлім аузынан аман қалған. 2004 жылы Хиуаз Доспановаға еліміздегі ең жоғары марапат – "Халық Қаһарманы" атағы беріліп, "Алтын жұлдыз" белгісі тапсырылды. Бұл кезде апамыз 82 жаста еді. Ұлы Отан соғысында айрықша ерлік көрсеткен ұшқыш қызды халқы осы сәттен кейін ғана жақынырақ танып, біле бастады.

Мұғалім сөзі: Қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанованың ерлігіне арналған оқушыларымыз дайындаған өлең жолдарын ұсынамыз

1-оқушы:

Ару қыздар - алаулатып от кешкендер
Сыздап тұр – ау әлі күн оқ тескен жер
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде
Ару қыздар – алаулатып от кешкендер.

2-оқушы

Сол бір қиын тым сұрапыл шақта олар
Кеудесіне ерлік отын жақты олар
Отан үшін опат болған арулар
Есімдері мәңгі бақи сақталар

Қанат қаққан қыран қыз,
Аспан кешкен қырын қыз.
Жауға қарсы тұрдың сен,
Ерлігіңмен бүгін біз.

2-оқушы:

Түнгі аспанды тіліп ұшқан,
Жүрек жұтқан батыр қыз.
Отан үшін отқа түскен,
Мәңгі мақтан, мақтаныш!

3-оқушы:

Қазақ қызы — қайсар рух,
Жеңіс үшін күрескен.
Хиуаз апа ерлігі
Жүректерде мәңгі өшпес!

4-оқушы

Соғыс өртін жайған маңда,

Қару етіп батылдықты.

Хиуаз апа қан майданда,

Көрсетті анық батырлықты.


5-оқушы

Төбесінде самғап жаудың,

Зеңгір көктен оқ боратқан.

Арқасында сол жандардың,

Тәуелсіздік ақ таңы атқан.


6-оқушы

Батыр аты ардақталар,

Азат, бейбіт ұлы елімде.

Қаһармандар ел мақтанар,

Халқымыздың жүрегінде.


7-оқушы

Туын жықпай қолдағы,

Опат болды елі үшін.

Кеудесімен қорғады

Азаттықтың жемісін.


Тапсырма: «Мақалды жалғастыр»

  • Отан оттан да .... (ыстық)

  • Батыр туса – ел ырысы... (Жаңбыр жауса – жер ырысы)

  • Батыр ел үшін туады... (Елі үшін өледі)

  • Отансыз адам ... (ормансыз бұлбұл)

  • Отан үшін отқа түс күймейсің ... (арың үшін алыссаң өлмейсің)

  • Ерлік білекте емес ... (жүректе)

  • Батыр болсаң жауға найзаң тисін ... (бай болсаң халқыңа пайдаң тисін)

  • Еңбек ерлікке жеткізер ... (ерлік елдікке жеткізер)

  • Туған жердей жер болмас ... (туған елдей ел болмас)


Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Батыр қыздар болған ел,
Бақытты ғой, бағынды ел.
Ерлік рухы өшпейді,
Жасай берсін мәңгі ел!

Хиуаз Доспанова – тек батыр ғана емес, ол – арманына адал болған жан.Ол нәзік жанды болса да, ерлермен қатар соғысты. Біз бейбіт өмір сүріп жатқанымыз үшін осындай батырларға қарыздармыз.

Хормен: «Елім менің» әнін шырқайды









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі