Ерлік сабағының тақырыбы: Ер есімі – ел есінде
Мақсаты:
А) білімділік
Оқушыларды Ұлы отан соғысы дегенімізді түсіндіру, осы соғысқа Қазақтардың қосқан үлесі туралы сипаттай отырып,
Ә) Дамытушылық
Оқушылардың ой өрісі мен білім, қызығушылық, есте сақтау іскерлік, шапшаңдық жігерлік қабілеттірін ынтасын дамыту .
Б) Тәрбиелік
Оқушыларды Отаншылқыққа өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Компьютерлік сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, буклет.
Барысы: 1слайд Ер есімі – ел есінде
2слайд 1941-1945 ж
3слайд 1941 ж. 22 маусымда Мәскеу уақытымен таңғы сағат 4 шамасында фашистік Германия елімізге баса көктеп кірді. Бұл соғыс «Ұлы Отан соғысы» деп аталады.
Көрініс:
4слайд. Отан-Ана шақырады!
Отан Ана шақырады ұранымен бүкіл совет халқы, ал Қазақстаннан
1миллион 366 мың адам майданға аттанды. Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп жауға шығарып салды.
5слайд. Жеңіс қандай тамаша қол жеткізген,
1415 күн мен түн өткізген.
Майданмен тылды біріктіріп,
Жауыңды қуып тықтың келген ізбен.
6слайд. Қырғын соғыстың қасіреттері
Қаншама қала, қаншама дала қираған,
Әке-баладан,
Бала-анадан
Аға-бауырдан айырылған десеңші
Сен құрметте оны
Түсіндің бе, қарағым
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ
Қолындағы таяғын
Біткеніне соғыстың
73 жыл шамасы
Естен әлі кетпейді
Сұм соғыстың жарасы.
7слайд. Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмайды.
Тастар көкке атылды
Орман шулап , тау құлап,
28 батырды жеңе алмады жау бірақ
Жамылды жер тұманды,өрт ішінде қалды бақ
28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар,наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Қастерлейді халқымыз қаһарманын,
Жүр есінде сан жорық,сапарларың.
Қайран ерлер,қаһарман ардагерлер,
Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.
Соғыс туралы хабар қазақ даласына тез тарады. Қазақстандық ұл-қыздар соғыстың алғашқы күндерінен қолдарына қару алды. Отан алдында парыздарын өтеуге өтініш білдіріп өз еркімен майдан даласына аттанған қазақ қаншама.
Балалар сендер қазақ батырларын білесіңдер ме?
-
Мәлік Ғабдуллин
-
Төлеген Тоқтаров
-
Рамазан Елебаев
-
Мәншүк Маметова
-
Әлия Молдағұлова
-
Бауыржан Момышұлы
-
Талғат Бигелдинов
-
Рақымжан Қошқарбаев.
Бұл аталған кісілерге қандай атақ берілді?
Қазақстан Халық қаһарманы атағы берілді.
Соғыс жылдары Қазақстандықтар «Бірі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін», деген үндеумен түн демей, күн демей еңбек етті. Мәселен: Ыбырай Жақаев күріштен, Шығанақ Берсиев тары өсіруден. Жазылбек Қуанышбаев төл алудан рекорд жасады.
Қазақстанның ауыл еңбекшілері жауды жеңу үшін, Отансүйгіштік және еңбек парызын жанқиярлықпен өтеді. Соғыс жылдары 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет, басқа да азыө-түлік, шикізат берді.
Көп қой батыр ағалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар,
Жаттап алғын балалар
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар
8слайд.
1945 жылы 9 мамырда кеңестік қызыл армия жауынгерлері Германияныі астанасы Берлин төбесіне қазақ азаматы Рақымжан Қошқарбаев қызыл ту тікті. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдындағы беделі асқақтан түсті.
Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке.
Жеңіс туралы тақпақ
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Аман-есен болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Ел қорғауға әзірміз
Ерлік сабағына құрметті демалыстағы , еңбек пәнінің мұғалімі , Ардагер ұстаз Ерғали Салкенұлы шақырылды.
Оқушылар Ардагер ұстазға бірнеше сұрақтар қойды.
Өзіңіз Ұлы Отан соғысына қатысқан кімдерді білесіңіз? Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар қандай жылдар болды? т.б сұрақтарға жауапты
Ардагер ұстаз Ерғали Салкенұлы әңгімелеп берді.
Ерлік батырлық туралы мақал-мәтел
«Әрқашан күн сөнбесін» ӘНІ
Бақытты елім күле бер
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс! Болмасын!
Осы тілекпен барша халық,түрегел!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз