15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ерлікке тағзым!
Тақырыбы:
«Ерлікке
тағзым»
Сыныбы:
5ж
Тәрбие
сағатының мақсаты:
1986 жылы желтоқсан оқиғасын
оқушыларға
таныстыру.
Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,
оның не себепті қанды
оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз
отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа,
еліміздің рәміздерін қастерлеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
интерактивті тақта, компьютер, Кітап
көрнекілігі. Желтоқсан құрбандарының
суреттері.
Әдісі:
Көрініс, Сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу,
әңгімелеу
Түрі:
Ашық тәрбие сағаты
Өту
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
1-жүргізуші
Құрметті Ұстаздар мен Оқушылар! 16
желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай
өткелі отырған ашық тәрбие сағатына
қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды
бастамас бұрын сіздерді Тәуелсіздік
күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін осы тәуелсіздік жолында құрбан
болған қазяыақ жастарының өшпес ерлігіне
арналады. Алматыда 1986 жылғы желтоқсан
трагедиясы Қазақ халқын ғана емес, сол
кездегі бүкіл Кеңес елінің санасын
тоталитарлық ұйқыдан оятқан еді.
2-жүргізуші 1986 жылдың 16 желтоқсанында қазақ азаматтары неге алаңға шықты, қандай талаппен шықты, не мақсат көздеді? Бұларды біз жақсы білеміз. Міне, осы қанды оқиға 16 мен 20 жас аралығындағы жас студенттер еді. Біз желтоқсан құрбандарының даңқы арта берсін деп бас иіп тағзым етеміз. Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, еске алу парызымыз.
1-жүргізуші:
Әнұраным – жан ұраным
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі-бақи шырқалады.
Республикам әнұраным
Хор:
«Әнұран»
Көрініс:
«Егемендік деген не?» (Атасы мен немересі
Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа
келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп
немересі келеді.)
Немересі:
- Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы:
- Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің
болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы
жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі:
- Ата, өткен өмір деген не?
Атасы:
- Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата
- бабаларымыздың ерте кезден белгілі
өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі:
- Ал, ол қандай болған?
Атасы:
- Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.
Болмаса да оқыған тарихшы атам, Жинады
ескілерден тарих хатын. Мақсатым, кейінгі
ұрпақ ұмытпаса, Айтылған аталардың
аманатын. Сондықтан балам, сен де өз
тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте
кезде біздің ата - бабаларымыз Қазақ
руларының басын қасып, халық болып
қалыптасуынан басталады бұл тарих. Ал,
балам, тарихтан мен сыр шертсем.
Ән:
Елім
менің
Орындайтын:
Молдабек
Ғазиза мен Нұрман Малика
1. жүргізуші Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді.
1-оқушы
(Бибіанапия)
Желтоқсанның
желі, аязы, ызғары
Қанды
мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт
қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап
шекті қайсар қазақ қыздары.
2-оқушы
(Нұрсұлтан)
Талай
қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай
қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел
билеуге алып келді Колбинді
Қазақ
ұлы Қонаевтың орнына.
3-оқушы
(Сағи)
Егемендік
– бұл елімнің елдігі,
Егемендік
– барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік
– елін, жерін қорғаған,
Ербол
менен Қайраттардың ерлігі.
4-оқушы
(Әйгерім)
Желтоқсаным
– тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды
қадір тұтып тұр елі.
Есте
сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге
сақтау керек үнемі.
2.
жүргізуші
Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне
күн орнатқан қайсар аға-апаларымыз –
Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира емес пе?
Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар
сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң
жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында
қалды.
1
- оқушы:
(Гүлазиз)
19
- желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен
миынан жарақаттанған энергетика
институтының екінші курс студенті Ербол
Сыпатаев әкелінді. 23 - желтоқсанда есін
жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің
жалғыз баласы еді. «Құйын - 86» операциясының
құрбаны болды.
2
- оқушы:
(Диана)
Сол
бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының
табанында аяусыз, армансыз тапталған
ар - намыстың ышқынған дауысы құлағымызда
әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың
ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де
ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі
болсаң, қазағыңның мәдениетін дамытуда
үлкен үлес қосар едің - ау. Еліңнің сен
намысы үшін Құрбан еттің жаныңды Мазақ
етіп қорлай алмас Ешкім сенің арыңды.
3
- оқушы:
(Ғазиза)
Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді. 26 - желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар - намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің 1 - курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5 - ші қабатынан құлап өлді.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
2- жүргізуші. Көрініс:
Ортаға
дабырлай басып бір топ жастар
шығады.
Барлығы
дабырласа: Естідіңдер ме? Бұл не масқара?
Неге халықпен санаспайды? Қашанғы
шыдаймыз? Ең болмаса ішімізден неге
сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда
кім ойлайды? Жан - жаққа жатақханаларға,
институттарға, қыздарға хабар бардыма
екен?
Демократияны
бұғаудан босатыңдар, әр халыққа өзінің
көсемі керек. бұл дегенің ҚКП - да беделдің
қалмағаны, құрып барады емес пе? Колбин
деген кім екен, қайдан келген, Ту,
сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Осы
кезде жан - жақтан милиция, солдаттар
қоршай бір дөкей шығады. - Тараңдар
әйтпесе күш қолданамыз. (Ешкім қозғалмайды,
осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп
қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан
сүйреу, тепкілеу, айқай шу, қызыл қанға
боялады)
Сол
кезде жігіт:
(Асылбек)
Бар
болғаны осы еді «қылмысмыз»
Савитскийді
көрген жоқ бір кісіміз
Кейін
соның қазасы таңылғанда
Аң
- таң болып, қан жылап тұрды ішіміз
Қыз:
(Нурия)
Темір
құрсау біздерді бүргені шын
Мұң
шағады қапаста кімге құсың
Ақ
- қараңды тексерер түрме деген
Концлагерь
болды ғой біздер үшін
1-
жүргізуші.
Ия, тарихта «Құйын - 86» деген атпен мәңгі
қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны
болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің
арамыздан кете барды.
1
- оқушы:
(Махаммет)
Алтыныңды
айырбастап қолаға,
Отаныңды
айналдырса молаға.
Өз
тіліңді босағаға лақтырып,
Өз
еліңде күн кешуге бола ма?!
2
- оқушы:(Әмина)
Сол
кешегі желтоқсанның аспанын,
Дүр
сілкінтті жалын жұтқан жастарым.
Үнсіз
қалса намыс өлер еді ғой,
Намыс
өлсе керегі не басқаның.
3
- оқушы: (Ақарыс)
Сен
қазағым шыныменен ұлысың,
Ертең
жайнап шығатұғын күн үшін.
Ұл
- қызыңның қаны судай шашылды,
Бас
алаңда басын тігіп тіл үшін.
4
- оқушы:
(Аяна)
Ереуілде
ит пен құсқа таланған,
Шырқыраған
шындық іздеп ғаламнан.
Қазағымның
қызыл қанын мәңгілік,
Жуғанымен
кетіре алмас алаңнан.
5
- оқушы:
(Ақеркем)
Соның
бәрін еске алатын шақ бүгін,
Құрбан
қылды қарындастар пәктігін.
Құрбан
қылды ғұмырларын боздақтар,
Табамыз
деп ақиқатын ақ туын.
2-
жүргізуші.
Көрініс:
«Қайраттың тұтқындалуы»
(
Үй іші қалаша жиналған. Дастархан басында
Қайрат, ата - анасы және бауырларымен
отырды.)
Әкесі:
Қайрат, балам - ау тамақ алсаңшы. Студент
болам деп жүдеп қалыпсың - ау өзің..
Қайрат:
Алып отымын - ғой, әке.
Анасы:
Астан алыңқыра, балам.
Қарындасы:
Қайрат аға, өзіңіздің ептеп өлең жазушы
едіңіз ғой. Жаңа жылға арналған өлеңіңіз
бар шығар, ағатай.
Қарындасы(2):
Иә, аға айтып беріңізші.
Қайрат:
Иә, қарындасым, бар ғой бар.
(Осы
кезде есік қағылып, үш - төрт милиция
үйге кіріп келеді.)
Милиция:
Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков
деген азаматты осында тұра ма? Сол кісіні
тұтқындаймыз. Прокурордың санкциясы
бар, Міне,
Екі
жігіт Қайратқа: Тез жинал, бізбен бірге
кетесің.
Анасы;
Ойбай - ау, бұларың не? Жұдырықтай баланың
не жазығы бар еді?
Милиция:
Жеңеше сабыр етіңіз. Бұл жігіт бір
төбелеске қатысыпты. Анық - қанығын
тексерген соң, қайтарып жібереміз.
(Екі
жігіт Қайратты күштеп алып кетеді)
Анасы
(жылап артында қала барады)
1
- оқушы:
(Малика)
Мың
- мың жылдан кейін дағы ақынды
Тебірентетін.
Ұлт
дауысын ақырғы.
Жас
ұрпақтар ту ғып ұстап ұрандап,
Ән
ғып шырқап, зұлымдыққа атылды.
2
– оқушы (Назгүл)
Желтоқсанның
алаңында жекпе - жек.
Жауыздықпен
белдескенде бетпе - бет.
Бүкіл
әлем батыр қазақ ұл - қызын,
Күрескерлік
символы етіп кеткен ед.
3
– оқушы (Ғазиза)
Ұрандаған
ұрпақтардың ізгі үні,
Ойландырды
Мәскеудегі ізгіні.
Он
алты ұлт ел боп енді тұра алмас,
Өздерінде
болмайынша тізгіні.
4
– оқушы (Диана)
Қанды
бодау беріп жеткен жеңіске,
Батыр
ұрпақ рухы тұр ең үсте.
Егеменді
ел етті де қазағын.
Өздері
елдің жүрегінде - бейіште.
2- жүргізуші. Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр.
Орындайтын. Әлішер Әйгерім
Би. Қазақ биі.
Ән. Көк тудың желбірегені
Орындайтын Алтынбек Диана мен Нұрмаханбет Бибіанапия
1-жүргізуші. Желтоқсандық өрендер ұмытылмайды, ерліктері мәңгілік сақталады. Желтоқсан оқиғасы біздің еліміздегі дүние жүзін мойындатқан күн. Тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн. Алдағы келе жатқан тәуелсіз елдігіміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Осымен 5ж сыныбының «Ерлікке тағзым» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұрлыбаева Айгүл апайға беріледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген