Ерлікке тағзым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ерлікке тағзым

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың барысы I. Кіріспе бөлімі 1. Кеңес Ауған соғысының басталу тарихы Ауғанстан жеріндегі соғыс қимылдары II. Негізгі бөлім 2.1. Алып анадан туады 2.2. Ауған соғысының жауынгерлеріне өлең – жыр, арнау 2.3. Ауған соғысының ардагері – Адырбеков Еркебаймен сұхбат Қорытынды:
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жүзімдік жалпы орта мектебі

мемлекеттік коммуналдық мекемесі













«Ерлікке тағзым»



























2017 - 2018 оқу жылы

Сабақтың барысы

I. Кіріспе бөлімі

1. Кеңес Ауған соғысының басталу тарихы Ауғанстан жеріндегі соғыс қимылдары

II. Негізгі бөлім

2.1. Алып анадан туады

2.2. Ауған соғысының жауынгерлеріне өлең – жыр, арнау

2.3. Ауған соғысының ардагері – Адырбеков Еркебаймен сұхбат

Қорытынды:





































«Бекітемін»

Мектеп директоры:


Тақырыбы: «Ерлікке тағзым»

Кеңес әскерлерінің Ауған жерлерінен шығарылғанына 29 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу – кеші


Мақсаты:

Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен әңгімелесу, сұхбатасу;

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;

Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Кездесу кештің барысы


«Алып анадан туады» атты Ауған соғысының ардагерлерінен сұхбат алу кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!


Мұғалімнің кіріспе сөзі:


Ауған соғысы 1979 жылдың 20 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.


Статистикаға сүйенсек:

10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша 620 мың адам қатысса, қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 – ке жетті. Іс – түссіз жоғалғандар – 417, тұтқыннан босатылғандар 119 жауынгер.

Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 – і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.

Оңтүстік Қазақстан облысынан 2186 жауынгер қатысып, оның 68 қаза тапты, 1 адам хабарсыз.

Бәйдібек ауданынан 33 адам қатысса, оның ішінде Жамбыл ауыл әкімшілігі бойынша 4 адам қатысқан.

1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.

Бүгінгі таңда елімізде 10000 – ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар.

Олардың 3000 – дайы мүгедектер қатарында.


Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметтің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал – лейтенант Б.Громов «Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды» деп мәлімдеді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма? – деген ойлы сөзі бар.

«Ауған соғысы туралы көп жазылды. Кеңес Одағы кезінде жазылғаны бір бөлек – онда да біздің қаракөз балаларымыздың еңбегі мен ерлігін кемірек етіп көрсеткен жалпылама тарих. Қаһарман жігіттер туралы жалғыз ауыз сөз жоқ» Генерал – лейтенант Б. Ертаев

Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшыланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.

Осындай ауыр аманатты арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлесін көрсеткен батыр ағаларымыздың ерлігіне мың тағзым ету біздің жазылмаған борышымыз бен міндетіміз. Бүгінгі сұхбатталу үшін ауғандық ардагерлердің арнайы үйлерінде қонақтамыз

1. Адырбеков Еркебай Әсілханұлы

2. Күзенбаев Талғат Пересепұлы

Алғашқы сұрақ батыр ағамыздың анасына қойсақ.

1. Ана жүрегі қашанда сезімтал келеді. Жалғыз ұлдың әскерге аттанардағы сезімімен және Ауған жерінен келген кездегі сезімді қалай жеткізесіз?

Ананың жүректен шыққан сөздерінен кеін, батыр ағаларымызбен сұхбат алдық.

- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы. Олай болса, келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасампаз, жалындаған жас ұрпақтарының арнауын назарларыңызға ұсынамыз.

Оқушылардың арнауы

Қайсібір қасірет кезеңде,

Өмірді тастағың келеді

Сонда да үмітті жоғалтпа,

Қаралы күндерден қашпағын.

Қай жерде тіршілік өмір бар.

Сол жерде қуаныш, қайғы да.

Болса да алдың құз, артың жар,

Кеше біл, өмір сүр, айныма!

Сабыр ет, тоқтау біл, шеше біл,

Тағдырың улы оған жолдаса!

Өзің – ақ ойлашы, несі өмір

Қуаныш – қайғысы болмаса?

Құрметті батыр ағалар! Біздің яғни мектеп оқушыларының сіздердің ауыр да азапты уақыттарыңызды еске түсіру қиын, керісінше ел ішінде Отан үшін жанын отқа тастаған батырлардың бар екенін насихаттау.

Бүгінгі сұхбатымызды аяқтай отырып: Құрметті ардагерлер сіздердің отбасымызға қуаныш шаттық, береке тілей отырып, әрқашанда еліміз аман болсын, аналарымыздың дені сау саламатта болсын дегіміз келеді.


Picture 2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2018
776
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі