жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ермексаздан жасалған күлдіргі шарлар Мектеп алды даярлық тобы
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пәні: |
Мүсіндеу |
|
||
|
Мектеп: |
№123 «Самал» жалпы орта мектебі |
|
||
|
Сабақ тақырыбы: |
Құлдыр-құлдыр, құлыншақ |
|
||
|
Күні: 20.11.2018ж |
Мұғалімнің аты –жөні: |
|
||
|
Сынып: МАД « А» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
||
|
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.2.2. Бұйымды тұғырға орнату техникасын пайдалану, бір тұғырға бір-неше бұйымды орналастыру. 0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру. |
|
||
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер: • жылқының пішінін жасай алады; • көлемі мен өлшемі әртүрлі цилиндрлер жасай алады. Көпшілік тәрбиеленушілер: • бөліктердің тиісті пішінін қатесіз жасайды, оларды бір-бірімен бірікті-реді; Кейбір тәрбиеленушілер: • мүсіннің ашық, өзіне тән белгілерін ашып көрсете алады. |
|
||
|
Тілдік мақсат: |
Дағдыларын дамыту: • ауызекі сөйлеу қабілеті, сұрақтарға жауап беру; • үш тілдегі сөздерге тілін жаттықтыру. Көптілділік: ат – конь – horse. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: ермексаз, пышақ, майлық, тегістеу, созу, қауіпсіздік техникасыҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқыланатын сұрақтар: – Жылқы қандай жануар? – Жылқының денесі қандай бөліктерден құралған? – Мүсіндеудің қандай тәсілдерін білесің? |
|
||
|
Өткен ҰОҚ алған білім |
Ермексазбен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері, бұйымды құрастыру тәсілімен жасау. |
|
||
|
|
фигуралар мен денелердің атауы. |
|||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
|
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут |
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасайды. (Ұ, Ө) Ермек: фонограммаға құлақ түруге шақырады. (Ұ) Жұмбақ жасыру. Педагогтің қалауы бойынша. (Ұ, Ө) Проблема: Ата мен әженің жылқысы жоғалып кет-ті. Оларға көмектесу қажет. – Ата мен әженің жылқысын қалай қайтаруға болады? (Т) Ой қорыту. Балаларға ермексаздан жылқының мүсінін жасауды ұсынады. (Т, Ө) Миға шабуыл. – Жылқы малы қандай болады? – Мінезі қандай? – Жылқы немен қоректенеді? – Олардың адамға көмегі қандай? – Сен қандай үй жануарларын білесің? – Олар туралы әңгімелеп бер? |
Түлкі туралы слайдтарды көрсету. |
|
|
|
ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут |
(Т) Талқылау. Мүсінші Ермек: Жылқы – таңғаларлық жануар. Олар туралы көбірек білу үшін жылқы өсіретін шаруашылыққа барайық. (Т, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. Мүсінші Ермек: Үлгілермен танысып шығыңдар. Жұмысты қандай тәсілдермен орындауға болатынын анықтаңдар. Біз қандай материал мен құралдарды пайдаланамыз? (Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін түсіндіру және көрсету» Мүсінші Ермек: Ермексазды бөліктерге бөлеміз. Денесін цилиндр пішіндес етіп жасаймыз. Сирақтары – конус тәріздес, денеге жапсыруға ыңғайлы болуы үшін әр конустың бір шетін кесіп тастаймыз. Басы, құлақтары иілген конус пішіндес. Құлақ, құйрығы мен жалы, айдары сынды ұсақ бөлшектерін әзірлейміз. Барлық фигураларды бір-бірімен біріктіріп, біріккен жер-лерін мұқият тегістеп шығамыз. (Ұ) Ойын-жаттығу: «Сен білесің бе?» Ермексазбен және кескішпен жұмыс істеу тәртібі: 1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді, киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу, ермексазды ауызға салмау. 2. Пластмасса кескішпен (стек) жұмыс істегенде абай болу; құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері сермеуге болмайды – бұл біреуді жарақаттауы мүмкін. |
Құрастыруға арналған суретті пазлдар (түлкі, ешкі). Әліппе-альбом. |
|
|
|
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут |
– Бөлшектерді қандай тәсілмен бекітеміз? (Жағу арқылы). (Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу: «Саусақтарға қонаққа барғанда». (Ө) Өзіндік жұмыс. Балаларға жеке-жеке көмек көрсетіп отыру. |
|
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пәні: |
Мүсіндеу |
|
||
|
Мектеп: |
№123 «Самал» жалпы орта мектебі |
|
||
|
Сабақ тақырыбы: |
Ермексаздан жасалған күлдіргі шарлар (қамырпластика) |
|
||
|
Күні: 13.11.2018ж |
Мұғалімнің аты –жөні: |
|
||
|
Сынып: МАД «А» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
||
|
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.1.4. Қарапайым көркем образдарды жасау, образды түрлі ұсақ бөліктермен, сәндік элементтермен толықтыра отырып, көңіл күйін бере білу, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау. 0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану. |
|
||
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер: • қарапайым пропорцияларды ескере отырып, ермексаздан қарапайым ойыншық жасайды; түрлі түсті тұзды қамырды материал ретінде пайдалана біледі. Көпшілік тәрбиеленушілер:• фигуралардың бөлшектерін бір-біріне біріктіре алады; • фигураға тиісті көңіл күй «сыйлай» алады; Кейбір тәрбиеленушілер:• мүсіннің біріктірілген жерлерін пышақтың көмегімен тегістей алады; • өзі жасаған фигураны ерекшелендіре алады; |
|
||
|
Тілдік мақсат: |
Дағдыларын дамыту: • өзі жасаған бұйым туралы әңгімелеп беру; • алған әсерлерімен бөлісу. Көптілділік: шар – шар – ball. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: • жас мультипликаторлар студиясы. ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқыланатын сұрақтар: – «Күлдіргі шарлар» мультфильмі кейіпкерлерінің ерекшелігі қандай? – «Тұзды қамыр» дегеніміз не? – Бұл жұмыс түрінде қандай тәсілдерді пайдаланамыз? |
|
||
|
Өткен ҰОҚ алған білім |
Тұзды қамырмен мүсіндеу. |
|
||
|
|
фигуралар мен денелердің атауы. |
|||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
|
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут |
(Ұ) Педагог ҰОҚ-де жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасайды. (Ұ) Талқылау: «Күлдіргі шарлар» дегеніміз қандай кейіпкерлер? Оларды қайдан көрдіңдер? Балалар олардың мультфильм кейіпкерлері екенін және қызықты оқиғалар құрастыратынын айтып береді (Ұ) Ситуациялық жағдай тудыру: Ермек топқа «Күлдіргі шарлар» мультфильміндегі кейіпкерлердің бірінің киімін киген адамды алып келеді. Ол өзінің достарынан көз жазып қалғанын айтып шағымданады. (Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс. Балалар «Күлдіргі шарлар»» мультфильмінің кейіпкер-лерінің суреттерін қарап шығады және аттарын атап береді. – Саған қайсы кейіпкер көбірек ұнайды? Неге? Бұл туралы достарыңа айтып бер.
887(Ұ) Балалар ҰОҚ не туралы сөз болатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын айқындайды |
Түлкі туралы слайдтарды көрсету. |
|
|
|
ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут |
(Ұ) Проблемалық жағдайдың шешуі. Қызықтыру мен ынталандыру әдісі: «Күлдіргі шарлар» мультфильмінен үзінді. Ой қорыту: кейіпкерлердің бәрі шар тәріздес пішінде, ашық түсті. Ермек нағыз мультипликаторға айналып, балаларды мультфильм кейіпкерлерін жасауға шақырады. (Ұ) Жұмысқа даярлық. Тәрбиеленушілер тұзды қамырмен жұмыс істейтіндіктен оны әзірлеу жолдарымен танысады. Сондай-ақ тұзды қамырмен жұмыс істегенде нені білу қажеттігінен хабардар болады. (Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс. Үлгілерді көрсету. Тәрбиеленушілер мүсіндеу үлгілерімен танысады, мүсіндеу түрлері мен тәсілдерін атап береді. Қамырмен жұмыс істегенде қандай құралдар пайдаланылатынын айтады. Саусақтарға арналған жаттығу: «Кірпі, кірпі, кірпім-ай …» (Т) «Еске түсіру минуты» – ермексазбен жұмыс істеу тәртібі: 1. Жұмысқа қажетті ермексаздың түсін таңдап ал. 2. Ермексаздан өзіңе қажеттісін кескішпен кесіп ал. 3. Кесіп алған ермексазды қолыңмен жылытып, жұмсарт. 4. Жұмысты аяқтағаннан кейін құрғақ әрі жұмсақ майлықпен қолыңды сүртіп, содан соң сабындап жу. (Ө) Таңдауға берілетін тапсырма: Мүсінші Ермек өзі мүсіндейтін кейіпкер таңдауды ұсынады. (Ө) «Ермексазбен достас» ойын-жаттығуы. Ермексазды жұмыс істеуге дайындау. (Ө) Балалардың өзіндік жұмысы, жеке көмек көрсету. (Ұ) Шығармашылық минуты: «Жас мультипликаторлар» студиясы. |
Құрастыруға арналған суретті пазлдар (түлкі, ешкі).
Әліппе-альбом. |
|
|
|
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут |
– Бөлшектерді қандай тәсілмен бекітеміз? (Жағу арқылы). (Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу: «Саусақтарға қонаққа барғанда». (Ө) Өзіндік жұмыс. Балаларға жеке-жеке көмек көрсетіп отыру. |
|
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пәні: |
Мүсіндеу |
|
||
|
Мектеп: |
№123 «Самал» жалпы орта мектебі |
|
||
|
Сабақ тақырыбы: |
Ақ дастарқан үстіне, әдемі табақ сән берген (ою өнері) |
|
||
|
Күні: 06.11.2018ж |
Мұғалімнің аты –жөні: |
|
||
|
Сынып: МАД «А» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
||
|
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.3.1. Пластикалық, конструктивтік және мүсіндеу техникаларын қолданып, түрлі пішіндегі кескіштерді пайдалана отырып, Қазақстанның және әлемнің халық кәсіпшілігі негізінде ойыншықтар, ыдыс-аяқ жасау. 0.1.2.2. Бұйымды тұғырға орнату техникасын пайдалану, бір тұғырға бірнеше бұйымды орналастыру. |
|
||
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер:• өз бетімен ұлттық бұйымдар негізінде түрлі ойыншықтар, ыдыс-аяқтар жасап, оларды ою-өрнектермен, қолтаңбалармен безендіре алады; • табақты безендіру ерекшеліктерін табады. Көпшілік тәрбиеленушілер: • образды қалай жасау қажеттігін өз бетінше айқындай алады; • ою-өрнектерді орналастырғанда симметрияны сақтай алады; • өткір және кескіш құралдармен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі талаптарын сақтайды. • Кейбір тәрбиеленушілер: • ыдыс-аяқты безендіру техникасын пайдалана алады; • түстерді бір-бірімен үйлестіріп пайдалана алады.
|
|
||
|
Тілдік мақсат: |
Дағдыларын дамыту: • өзгелермен сөйлескенде құрылымы әртүрлі сөйлемдерді пайдалану қабілеті. Көптілділік: табақ – блюдо – dish. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: • ою-өрнек өнері, ою-өрнек. ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқыланатын сұрақтар: – Ою-өрнек дегеніміз не? – Шеңбердегі ою-өрнек элементтері қалай орналасады? |
|
||
|
Өткен ҰОҚ алған білім |
Ою-өрнектің түрлерімен танысу. |
|
||
|
|
фигуралар мен денелердің атауы. |
|||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
|
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут |
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасайды.
(Ұ) Күрделі жағдай тудыру: Ермек топқа жуғаннан (тазартқаннан) кейін ою-өрнегі кетіп қалған табақ алып келеді.
(Ұ) Пікір. Табақ – қазақтың ұлттық ыдыстарының бірі. Ет салатын жайпақ ыдыс. Бас табақты ақсақалдар мен сыйлы кісілерге тартады. Ермек: Анам үйге қонақ шақырғанда етті осындай табаққа салып береді.(Ұ) Балалардың өмірден көрген-түйгенін анықтау: – Күн сайын дастарқанның басында сенімен бірге кімдер жиналады? – Отбасы мүшелерін атап көрсет. – Табақтағы өрнектер қалай аталады? (Ою-өрнек) – Табақтағы ені әртүрлі жолақтардан, басқа да үйлесімді элементтерден көмкеріп жасалған ою-өрнектер қалай аталады? (Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс. Иллюстрацияларды қарап шығады, ою-өрнек элементтерін және олардың орналасу реті туралы айтып береді.
(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ-інде не туралы айтылатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын айқындайды. |
Түлкі туралы слайдтарды көрсету. |
|
|
|
ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут |
Ситуациялық жағдайдың шешуі. (Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс істеу: Мүсінші Ермек қазақ ою-өрнегінің түрлерін мұқият қарап шығып, олардың атауын атап беруге және сипаттап беруге шақырады. (Ұ) Сызбамен танысу: «Ою-өрнекті шеңберге орналастыру». Тәрбиеленушілер ою-өрнек элементтерінің орналасу ретін есте сақтайды. (Ө) Ермектің сұрағы: Ермексаздан жасалған дайын бұйым үстіне ермексаздан жасалған ұсақ бөлшектерін (оюды) жапсырып әшекейлеу дегенді қалай түсінесің? (Ұ) Табақтың бетіне ұсақ бөлшекті жапсыру арқылы әшекейлеу тәсілін түсіндіру: 1. Алдымен ермексаздан жайпақ ыдыс жасап аламыз. Бұл – табақ. 2. Бір үзік ермексазды ширатамыз. 3. Оны кескішпен ұсақ дөңгелектерге бөліп, сопақша, ромб, үшбұрыш немесе шаршы пішіндер жасаймыз. Содан ою құрастырамыз. 4. Кертпелер жасап, бөлшектерді қылқаламның көмегімен сулаймыз. Оларды тиісті орнына орналастырамыз. Саусақтарға арналған жаттығу: «Жабысқақ саусақтар…» (Т) Ойын: «Болады – болмайды». Ойын барысында балалар ермексазбен жұмыс істеу ережелерін пысықтайды: 1. Жұмысқа қажетті ермексаздың түсін таңдап ал. 2. Ермексаздан өзіңе қажеттісін пышақпен кесіп ал. 3. Кесіп алған ермексазды қолыңмен жылытып, жұмсарт.
|
Құрастыруға арналған суретті пазлдар (түлкі, ешкі).
Әліппе-альбом. |
|
|
|
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут |
– Бөлшектерді қандай тәсілмен бекітеміз? (Жағу арқылы). (Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу: «Саусақтарға қонаққа барғанда». (Ө) Өзіндік жұмыс. Балаларға жеке-жеке көмек көрсетіп отыру. |
|
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пәні: |
Мүсіндеу |
|
||
|
Мектеп: |
№123 «Самал» жалпы орта мектебі |
|
||
|
Сабақ тақырыбы: |
Түлкі мен ешкі (қазақтың «Түлкі мен ешкі» ертегісінің желісімен |
|
||
|
Күні:02.10.2018ж |
Мұғалімнің аты –жөні: |
|
||
|
Сынып: МАД «А» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
||
|
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.2.2. Бұйымды тұғырға орнату техникасын пайдалану, бір тұғырға бірнеше бұйымды орналастыру. 0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану. |
|
||
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер:қарапайым пропорцияларды сақтай отырып, жануарлардың қарапайым фигураларын мүсіндейді; мүсіндеудің негізгі тәсілдерін, орындау технологияларын пайдалана біледі. Көпшілік тәрбиеленушілер: • бөліктердің пішінін қатесіз жасап, бір-біріне мықтап бекіте алады; • мүсінделетін бейнені аша біледі. Кейбір тәрбиеленушілер: • мүсіннің ашық, өзіне тән белгілерін ашып көрсете алады. |
|
||
|
Тілдік мақсат: |
Дағдыларын дамыту: • ауызша сөйлеу қабілеті, сұрақтарға жауап беру; • талдау, талқылау, қорытынды жасау; • өзінің жасаған бұйымы туралы әңгімелеп беру. Көптілділік: лиса – түлкі – a fox; коза – ешкі – goat. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: • ермексаз, пышақ, майлық, ұқыптылық, тегістеу, созу, қауіпсіздік техникасы. Талқыланатын сұрақтар: – Мүсіндеудің қандай тәсілдерін пайдаланамыз? – Бұйымды жасау үшін қандай пішін керек? – Ермексаздан конусты қалай жасаймыз? – Құралдармен жұмыс істеудің қандай тәсілдерін білесіңдер? |
|
||
|
Өткен ҰОҚ алған білім |
Ермексазбен жұмыс жасаудың қарапайым тәсілдері, бұйымды құрастыру тәсілімен жасау. |
|
||
|
|
фигуралар мен денелердің атауы. |
|||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
|
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут |
(Ұ) Педагог ҰОҚ-де жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасайды.
(Ұ, Ө) Мүсінші-Ермек: Балаларға ертегі желісі бойынша саяхатқа аттану туралы ұсыныс жасайды. Оның қандай ертегі екенін өздерің табуларың керек.
(Ұ) Пікір: Ертегіні балалардың бәрі жақсы көреді. Сендер мектепте әлем халықтарының көптеген ертегілерімен танысасыңдар.
(Ұ) Жұмбақ жасыру. Балалар жұмбақ жасырады.
(Ұ, Ө) Ой қорыту: Тәрбиеленушілер ҰОҚ-де не туралы әңгіме болатынын болжайды. |
Түлкі туралы слайдтарды көрсету. |
|
|
|
ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут
ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут |
(Т) «Суретті құрастыр» ойыны. Балалар пазлдан «Түлкі», «Ешкі» картиналарын құрастырады. (Т, Ө) Ойын түріндегі жаттығу: «Миға шабуыл». 1. Мына сурет қай ертегіден алынған? («Түлкі мен ешкі»). 2. Ертегіні кім жазған? Авторы кім? (Қазақтың халық ертегісі). 3. Ертегінің негізгі кейіпкерлері кімдер? Ертегі не жайлы? 4. Ертегіде түлкі қандай кейіпте бейнеленген? 6. Түлкі неге ешкіні алдап соқты деп ойлайсыңдар? 7. Қалай ойлайсыңдар, ешкі шұңқырдан өз күшімен шыға ала ма? 8. Оған кім көмектеседі? Сендер ешкіге көмектесер ме едіңдер? 9. Бір-біріңді алдауға немесе ренжітуге бола ма? (Т, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс. Әліппе-альбомдағы үлгіні қарап шығу. (Ұ, Т, Ө) Жануарлардың өзіне тән ерекшеліктерімен танысу (денесі, басы, сирағы, құйрығы). Мүсінші Ермек: Өздерің сомдайтын ертегі кейіпкерін таңдап алыңдар. Есіңе түсіріп көрші, ертегідегі кейіпкердің қандай қасиеттері бар? Ұ) Үлгілерді көрсету. (Ұ) «Болады – болмайды» ойыны. Ермексазбен және кескішпен жұмыс істеу тәртібін ортаға салу, балалар ережелерді талқылайды және түсіндіреді. 1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді, киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу, ермексазды ауызға салмау. 2. Пластмасса кескішпен жұмыс істегенде абай болу; құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері сермеуге болмайды – бұл басқа біреуді жарақаттауы мүмкін. 3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен кейін жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны ермексаздан (сазбалшықтан) тазартып, үстелді дымқыл шүберекпен сүрту. 4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз майлықпен мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен сабындап жуу қажет. Артынша сүлгімен немесе майлықпен құрғатып сүртеміз. |
Құрастыруға арналған суретті пазлдар (түлкі, ешкі).
Әліппе-альбом. |
|
|
|
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут |
(Ұ, Ө) Ой қорыту. Жануардың дене мүшелері көлемі жағынан бір-бірімен үйлесімді болғаны жөн. – Бөлшектерді қандай тәсілмен бекітеміз? (Жағу арқылы). (Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу: «Саусақтарға қонаққа барғанда». (Ө) Өзіндік жұмыс. Балаларға жеке-жеке көмек көрсетіп отыру. |
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген