жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ермексаздан мүсін жасау
Аудандық Оқушылар үйі
Ашық сабақ
«Бейнелеу өнері» үйірмесі
Үйірме жетекшісі: Кәрібаева Л.Ә
Мерзімі: 10.01. 2019 ж
Сабақтың тақырыбы: Ермексаздан мүсін жасау
Сабақ мақсаты:
1. Бейнелеу өнері пәнімен байланыстыра отырып, ермексазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Ермексазбен домалату, шымшу, жалпайту тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуді үйрету 2. Оқушылардың іске деген икемділігін, шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту. 3. Шеберлік өнерін дамыту. Күтілетін нәтиже: Балалар ермексаз, ермексаздан мүсін жасау туралы толық мағлұмат алады және бейнелей алады
Ермексазбен домалату, шымшу, жалпайту әдістерін қолдана отырып
мүсіндеуді игереді.Домалату, есу, шымшу әдістерін біледі. Міндеттер:
- Ұқыпты, тиянақты жұмыс жасауға үйрету; - Мүсіндеу дағдыларын, қиялдарын дамыту оқушылардың жеке, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту; - Cабақ мақсатына жетуге мүмкіндік беру, қолайлы жағдай орнату; - Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір-бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге тәрбиелеу болады.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Құралдар: ермексаз, тақтайша, кескіш, қосымша материалдар, суреттер, плакаттар.
Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, мүсіндеу
Сабақ кезеңдері І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Шаттық шеңбері. «Жүректен - жүрекке» тренингін ұйымдастыру. Шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздер айтады. Топқа бөлу. Суреттер арқылы гүлдер және жан-жануарлар тобына бөлу. Ой шақыру Бұл зат - затқа пішін беру үшін қолданылатын материал. Бұрын ол тазартылған және ұсақталған балауыз қосылған саз ұнтақтан жасалған.Жануарлар мен басқа да заттар жасалды.. Әр түрлі түске боялған. Мүсіндік жұмыстарға арналған, эскиздерді, шағын модельдерді, шағын нысандарды, жұмыстарды орындау үшін пайдаланылады. Балалар бұл қандай
зат болуы мүмкін.Қалай ойлайсыңдар? ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау. Алдын - ала орындалатын жұмыс: Ермексаз, мүсін туралы әңгіме жүргізу. ІІІ. Жаңа сабақ: а) Құрал жабдықтармен таныстыру. Ермексаз -жұмсақ, илеуге,созуға ыңғайлы материал. Сондықтан ермексаздан әр түрлі көлемдегі мүсіндерді жасауға болады. Ермексазбен жұмыс істеу үшін төмендегідей құрал-жабдықтар қажет.Тақтайша, кескіштер, сүрткіш пен ыдыс, бояулар мен қылқалам, қолсүрткіш.құрал-жабдықтар салатын жәшік.
Ермексазды бөліктерге бөлу.
Жұмыс істегенде үнемі ермексазды пайдалана бермейміз. Кейде ұсақ бөліктермен жұмыс істеу қажет болады.Ол үшін ермексазды ұсақ бөліктерге бөлу керек. Оны бөлудің екі тәсілі болады.1.Жіппен бөлу. 2.Пышақпен немесе арнаулы кескішпен бөлу.
Ермексаздан пішін сомдау.
Алдымен ермексазды жұмсарту керек. Ол үшін екі алақанның ортасына салып домалақтаймыз.Жұмсарған ермексазды белгігі бір пішінге келтіреміз.Осы тәсілмен әр түрлі пішіндерді сомдап, оларды бояуға болады
Топтық тапсырма
І топ - қоян мүсінін жасау
ІІ топ – гүлдер пішінін бейнелеу
Мүсіндеу тәсілін түсіндіру:
1. Ермексазды жұмсартқызу;
2. Бөлшектерге бөлгізу;
3. Бөлшектерді домалатып қоянның басын жасатып, шымшып екі құлағын жасату
4. Ермексазды есіп, сопақша денесін жасату.
5. Төрт кіші бөлшектерді естіріп, аяқ, қолын жасату.
6. Бөлшектерін біріктірту
Оқушылардың
сарамандық жұмысы
Оқушылар
түсіндіру негізінде жұмыс жасайды.
Мұғалім жұмыс жасауда қиналған балаларға
барып көмек көрсетіп, нұсқау беріп
отырады. Ермексазбен жұмыс істеу кезінде
қолды сулап отыру ескертіледі
(Оқушылардың пішінді ермексаздан сомдауы.)
Топтардың бір- бірін бағалауы. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау
Жұмыс
аяқталған соң, балалар кімнің жұмысы
әдемі болды, кімде кемшілік бар, оны
қалай түзетуге болатынын айтады. Басқа
жұмыстармен
салыстырады. Қиялымыздағы
мүсін
шықты
- ау деймін.
Мен
де қуаныштымын. Жарайсыңдар.
Жақсы шыққан жұмыстардан көрме ұйымдастыру.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту:
-Мүсін дегеніміз не?
-Мүсінді қандай материалдардан жасауға болады?
Сыныптағы оқушылардың жұмыстарын бір-бірімен салыстыру.мадақтау
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз сендермен не жасауды үйрендік?
ҮІ.Сабақты бекіту: -Ермексаздың өзіне тән қандай қасиеттері бар? -Ермексаз қандай материал?
-Қандай құрал-саймандар кажет?
-Ермексазбен жұмыстан кейін не істеу керек?
-Ермексазды бөлудің неше тәсілі бар? Ата.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:
Біз бүгін не жасауды үйрендік?
Рефлексия «Желкенді кеме»
Үйге тапсырма: Ермексаздан мүсін жасау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген