Ермұрат Үсенов «Кербез сұлу»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ермұрат Үсенов «Кербез сұлу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әуеннің өмірмен байланысы арқылы адамгершілікке, табиғатты сүюге, қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыруға, әсемділікті сезінуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау аудандық «Балалар өнер мектебі»






Ашық сабақ.


Сабақ тақырыбы: Ермұрат Үсенов «Кербез сұлу»


Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы

Аудандық балалар мектебінің мұғалімі Көпбаева Гүлжайна Наурызбекқызы






Шетпе кенті – 2023жыл.


«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі:

-----------------Жұмашбаева М.

«---»----------2022жыл.


Мектебі:

Маңғыстау аудандық Балалар өнер мектебі


Күні:

17.02.2023жыл.


Пәні:

Домбыра сыныбы:


Оқушы аты-жөні:


Шаңытбаева Аружан 5-сынып

Сабақтың тақырыбы:


Ермұрат Үсенов «Кербез сұлу»














Сабақтың мақсаты:


Біліктілігі

Тәрбиелігі

Дамытушылығы

Көрнекілігі

Оқушыға шығарманың мағынасын ұғындыру, шығарманың орындау ерекшелігі мен автордың негізгі идеясын оқушы санасына жеткізу.

Әуеннің өмірмен байланысы арқылы адамгершілікке, табиғатты сүюге, қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыруға, әсемділікті сезінуге тәрбиелеу.

Орындаушылық, тыңдаушылық және есте сақтау қабілетін дамыту.

Музыкалық аспап –домбыра, кітаптар, компазитор суреті, интерактивтік тақта.

Сабақтың кезеңдері


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру

Оқушымен амандасу, құрал-жабдықтарын тексеру, аспап құлақ күйін келтіру.


Оқушы амандасады, сабақ құралдарын дайындайды.


Сабаққа назар аудару.



Үй тапсырмасы

1.Гамма си b-мин/ре b-маж.

Ортақ альтерациялық белгі(си,ми,ля,ре,соль-b)

(натуралдық,гармониялық,мелодиялық және де арпеджио) ойналады. Сол қол саусақ қойылымын пернеде дұрыс орналастыру.

Ю.Шишаков –Этюд.


2.Үйге берілген тапсырма - Қ.Сағырбайұлы «Сарыарқа» күйін толықтай ырғақпен ойнау және нюанспен ойнау.



3. Е. Үсенов – «Жігер» шығармасын күйсандықта жатқа, қостап ойнату.

Дыбыс тазалығы, апликатура, оң және сол қол қойылдарымен жұмыс. Шығармада кездесетін динамикалық белгілер мен бір ішектегі тремломен жұмыс.

1.Гамма си b-мин/ре b-маж. 1-октава ойнау







2.Автордың қысқаша өмірбаянын оқушы қысқаша түсіндіріп баяндау. Реферат дайындап әкелу. «Сарыарқа» күйін толықтай нюанспен орындау.

3. Оқушы жатқа күйсандықпен қосылып ойнайды.

Оң қолдағы пиццикатоны толық меңгеру, сол қол саусақтарын пернеде таза, анық басып домбырада ойнату шеберлігін тыңдау. Екпінді ажыратып ойнау, меңгеру.

Күйшінің өмірбаянымен танысады.

Жаңа сабақ

Ермұрат Үсенов «Кербез сұлу» күйі.

а) Автордың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы оқушыға мәлімет беріп, таныстыру және күйді видеороликтен тыңдату.

Ермұрат Үсенов 1952 жылы Райымбек ауданы, Талды ауылында дүниеге келген. Ол компазитор, Қазақсан Республикалық компазиторлар одағының мүшесі және де республикалық компазиторлар конкурсының 3дүркін лауреаты. 1977 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Еңбек жолын Жезқазған музыка училищесінде оқытушы болып бастады. Мұнда өзінің алғаш музыкалық шығармаларын жаза бастады. 1981 жылы Н.Тілендиев жетекшілік еткен «Отырыр сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің құрамына қабылданды. 1990-1994 жж аралығында Алматы музыка училищесінде, қазір Астанадағы Қазақ ұлттық академиясында кафедрасының меңгерушісі.


ә) Ермұрат Үсенов ағамыздың «Кербез сұлу» күйі кербез сұлу Көкшетаудың табиғатына арналған. 2000 жылдары оркестрге арнап Алмас Теміртаймен бірге бірнеше әндер жазып жүріп, осы «Кербез сұлу» күйін де шығарған. Кейбір деректерде Айгүл Үлкенбаеваның сұрауымен туған күй деген ақпарат бар.


Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын.


Сексен көл Көкшетаудың саясында ,

Әрқайсы алтын кесе аясында.

Ауасы –дертке дауа, жұпар иісі,

Көкірек қанша жұтса тоясыңба?!

Автордың өмірбаянымен танысады. Күйдің шығу тарихын біледі.

«Кербез сұлу» күйінде кездесетін өлшемді ажыратып білу және күйді екі дауыста ойнап үйренеді.

Ермұрат Үсеновтің өмірімен танысып, күй тарихын біліп, күйді меңгеру.

Үйге тапсырма

Өткен сабақтарды қайталау. «Кербез сұлу» күйін интернет желісінен тыңдап, нюанстармен жұмыс жасау.

Берілген тапсырманы орындайды.


Қорытынды

Сабақты қорытындылап сұрақ қою.

  1. Ермұрат Үсенов кім?

  2. Қандай күй, шығармаларын білесің?

  3. «Кербез сұлу» күйінің тарихы?


Оқушы берілген сұрақтарға нақты жауап береді.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2023
1469
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі