жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ерте жас тобына арналған Тақырыбы: "Көңілді пішіндер"
«Сыр дидары» бөбекжайы балабақшасы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: «Көңілді пішіндер»
Тобы: Ерте жас «Балапан»
Тәрбиеші: Қайранова Ғалия Тыныштыққызы
Тәрбиеші : Қайранова Гали Тыныштыққызы
Тобы: Ерте жас «Балапан» Білім беру саласы:Таным
Бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: «Көңілді пішіндер»
Кіріктірілген білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық,
Мақсаты: Тәрбиелік: Ұқыптылыққа және достар арасындағы қамқорлыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Түсі мен пішініне қарамастан заттарды таниды көрсетеді. Біртекті заттардың ортақ белгісі бойынша топтастыра біледі. Негізгі төрт түсті ажыратады. Дамытушылық: Заттардың қасиеттерін бағдарлау дағдысы дамиды. Ресурс: кілемше, пішіндер (Шаршы, ұшбұрыш, дөңгелек) шар қызыл, жасыл, сары, ғажайып қорапша, қоян, себет, сәбіз ән «Көңілді күн»
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету. бақылау, ғажайып сәт, ойын,бағалау.
Кіріспе
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қыс мезгілі.
Қыс мезгілінде ауа-райы күн суық, қар жауады, жел болады. Желдің дыбысы у-у-у Ой Жарайсыңдар!
Балалар көңіл-күйіміз жақсы ма? олай болса, «Көңілді балақан» әнін айтайықшы.
Шаттық шеңбер: Бала,бала,балапан. Қане, қайсы алақан. Саусақтарың әйбат Былай-былай ойнат. Топ-топ-топ-топ басайқ
Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн. Жаса, жаса алтын күн. Жарайсыңдар балалар!
Ғажайып сәт: Тук-тук-тук Көңілді әуенмен топқа қоян секіріп кіреді. - Сәлеметсіздер ме балалар? -Сәлеметсің бе? Қоян. Қоян: Мен сендерге қонаққа келдім. (Қоян үлкен қорапшамен топқа келеді) Тәрбиеші: Ой жарайсың! Қоян. Келгеніңе қуанып қалдық.
Қандай әдемі қорапша? Мына үлкен қорапшада не бар? -Мен сендерге сыйлық алып келдім. -Ой рахмет Қоян! Қандай әдемі сыйлық , өзі сондай үлкен екен? Біздің балалар сыйлықты жақсы көреді. Тәрбиеші сыйлықты ортаға қойып, Балалар ішінде не бар екен? ашып көреміз бе? Қоян сенде бізбен бірге отыра ғой. Ендеше, бәріміз бірге ашып көрейік. Қане, балалар қол шалақтайық. «Көңілді шар» әні ойналады. – Балалар қол шапалақтап би билейді. Қорапшаны ашқан кезде ішінен үш түрлі шарлар жоғары қарай ұшып төбеге жапысады. Балалар қол шапалақтап, сыйлыққа қуанып қалады. Әр түрлі шарлар сары, қызыл,жасыл әр шардың жібінде үш түрлі пішіндер ілулу тұрады. төтбұыш, үшбұрыш, дөңгелек. –Ой, қандай керемет? (Таңқалу) Қызыл, сары, жасыл шаралар? мына шарларда әдемі пішіндер ілулі тұр екен. Балалар қараңдаршы, бұл пішіндер. Балалар бүгін біз пішіндермен танысамыз. Мынау сары шарда, сары ұшбұрыш ілулі тұр, Ал, қызыл шарда қызыл төртбұрыш ілулі тұр, келесі жасыл шарда жасыл дөңгелек ілулі тұр екен. Енді суретке назар аударамыз. Суреттегі пішіндермен жеке таныстыру. Мынау пішін, ұшбұрыш түсі сары, Ал мынау пішін, төртбұрыш түсі қызыл Мынау дөңгелек түсі жасыл Балаларға қайталату.
Енді, біз осы «Көңілді пішіндермен» ойын ойнаймыз
Ойын шартын: түсіндіру. Енді балалар орнымызға отырып ойын ойнаймы Ойын шартын: түсіндіру. Енді балалар орнымызға отырып ойын ойнаймыз. Екі орталыққа бөлу Балалар онымызға отырып 1.«Пішіндерді сәйкес ұяшыққа орналастыр» Мақсаты: Балалар пішінін, түсін ажырата отырып, өз ұяшығына орналастыра білді. 2. «Пішіндерді топтастыр» Мақсаты:Біртекті заттарды ортақ белгісі пішіні мен түсі бойынша топтастыра біледі. Балалар екі орталыққа бөлініп тапсырмаларды орындайды. Қоянмен бірге балалардың жұмысын мадақтау Қоян:Жарайсыңдар балалар! Мен сендерге пішіндерді алып келіп едім, сендер пішіндермен таныстыңдар тасырмаларды да, жақсы орындадыңдар. Мен қуанып тұрмын, балалар сендерге пішіндер ұнады ма? Жарайсыңдар балалар! Енді мен сендермен ойнағым келіп тұр. Қоян балалар саған сәбіз жинап бергісі келіп тұр. «Қоянға сәбіз жинау» ойыны Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаң қимылдар жасау арқылы балалардың ширақ қимыл-қозғалысын дамыту. Балалар қоянға сәбіз жинап береді. Қоянды шығарып салады. Сау болыңдар балалар! Седерге көп рахмет!
Қортынды: Балалар бізге кім қонаққа келді? Қоян Қоян бізге қандай сыйлық алып келді ? Шарлар Түстері қандай? Қызыл, жасыл, сары шарлар Біз бүгін қандай пішіндермен таныстық? Шаршы, дөңгелек, ұшбұрыш Балаларды мадақтау Би: «Көңілді күн»Келген қонақтарға сау болыңдар!!!
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Түсі мен пішініне қарамастан заттарды таниды көрсетеді.
Түсінеді: Негізгі төрт түсті ажыратады.
Қолданады: Біртекті заттардың ортақ белгісі бойынша топтастыра

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген