жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы мен ерекшеліктері
Баймукашева Айжан Аманғалиқызы
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Шөптікөл жалпы орта білім беретін
мектеп-балабақша кешені КММ
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы мен ерекшеліктері
XXI ғасыр – білім жүйесі тәуелсіз елімізге деген, білімге деген көзқарасты түбегейлі өзгертті. Жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу – ұстаздар алдында тұрған жауапты міндет. Шетел тілін білмеген адамға жаңаша өмір сүру мүмкін емес екендігі шынайы фактіге айналып отыр. Білім берудің деңгейлері мен мазмұнында орта білім беру елдің үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны ретінде жұмыс істейді. Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алыңған терең білімнің кәсиби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, қабілетін дамытуға және өз бетінше дұрыс, адмгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Көптілділіктің негізі ана тілден бастау алу керек. Ата-бабамыз «Баланы –жастан » десе, ана тілі ананың сүтімен сіңеді, өз ана тілін әбден толық меңгермеген балаға ағылшын тілін үйрету оңайға соқпайды. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» дегендей көптілді азаматтың көп нәрсеге қол жеткізетіндігі, басқаларға қарағанда бәсекеге қабілетті, қалаған жерінде жұмыс істеп, қай елге барса да еркін сөйлеп, өзінің ойын айта алатындығын көрсетеді. Қазір қоғамның қай саласы болмасын көптілді білу өмір талабы, дамыған елдердің озық тәжірибесін алуда, коммуникацияға түсуде ең керегі басқа тілдерді білу, түсіну.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мынадай міндеттерін атауға болады:
-Оқушының бойына тілдерге деген қызығушылығын, оны үйренуге құштарлығын сіңіру;
-жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің тілін, мәдениетін, тарихын және әдет-ғұрпын танып білуіне ықпал ету;
- Оқушының сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық және тілдік қабілеттерінің дамуына жағдай жасай отырып, оның жалпы дамуына едәуір үлес қосу;
- оқушылардың алған теориялық білімін практикалық жұмыспен ұштастыра білуді меңгерту, оларды ұлттық үрдіске тәрбиелеу, баланың білім деңгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту, оқушының жұмысына бақылау жасау, баға беру, әр оқушыға жеке әдіс амал қолдану.
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту - басты мәселе. Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын, әуестігін арттыру керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Техникалық құралдарды тиімді қолдану.
«Баламен ойнай отырып үйретсе бала сол тілдердің барлығын да еркін меңгеріп кетеді» –дейді академик, профессор Ш.А.Амонашвили. Олай болса,
ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –,біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ойын – ақыл-ой мен сезім - күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады – қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет? Ал егер оқушы сонымен қатар шетел тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы – еліктіргіш сабақ. Сонысымен ол оқытушыларды, соның ішінде шет тілдер оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді.Тіпті тіл даярлығынан нашар оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін: кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну – сөзінде басқа тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді.
Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:
1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
2. Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
1.Ойынның мақсаты нақты болуы керек.
2.Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек
3.Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек
4.Оқушылар түгел қамтылуы тиіс.
Оқушылардың оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет. Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды. Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезілгенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, ағылшын тілінде сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша үйрету тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында, яғни олар мұратты, моральды, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын қабілетке ие болулары керек . Бұған қазіргі заманда дүние жүзінің ортақ тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы орасан зор. Ерте жастан ағылшын тілін үйретудің тиімділігін оқушылардың тілге деген құштарлығынан, жаңа сөздерді жаттау қабілеттерінің ересек оқушыларға қарағанда жоғары болуынан және оқулықтан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар орындағанда тиянақты, ұқыпты орындайтындарын байқауға болады. Оқушылардың ағылшын тілін үйренудегі тағы бір жақсы жағы – бастауыш сынып оқушыларында сөз қоры едәуір ұлғаяды. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.
Қорыта айтқанда шет тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге олардың сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі. Қазақтың қахарманы Б.Момышұлы: «Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілінің қорын игерумен бірге, басқа тілдердің де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал» дегендей қазіргі кезде ағылшын тілін ерте жастан меңгертудің маңызы зор.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген