Ерте жастан жүктіліктің алдын алу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ерте жастан жүктіліктің алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз балалармен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ерте жастан жүктіліктің алдын алу

Өтетін орны: Ф. Досымова атындағы №12 орта мектеп

Өту түрі: кездесу

Мақсаты:

Жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау.

Міндеттері:

  • ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата-бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру;

  • жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсету.

Көрнекіліктер мен құрал жабдықтар: Интербелсенді тақта, презентацтя,

бейнематериал, тақырыптық безендірулер.

Жүру барысы:

Кіріспе.

Жасөспірімдік шақ – бұл бала өміріндегі физиологиялық және психологиялық өзгерістердің өте жылдам өтетін, әрі оның өмірдегі өз орнын анықтайтын, бағыт-бағдар алатын ең күрделі кезең екені анық. Демек, осы кезде бала дамудың бірнеше жолдарының біріне аяқ басады. Бұл кезде өмір көз алдында өзгеріп салады. Алғашқы махаббат, бірінші кездесу, алғашқы сүйіспеншілік – мұның барлығы жасөспірімдердің аңдамай аяқ басуына, күрделі қиындықтарға әкеп соғуы мүмкін. Солардың бірі – ерте жүктілік. Бүгін де осы тақырып аясында әңгіме өрбітетін боламыз.

Қонақтармен таныстыру.

Бүгін, бізде қонақта Атырау облыстық «Жарқын болашақ» жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Сыралиева Алуа Адилбековна, мектеп психологы Бискенова Перизат, директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары Тукенова Эльмира Рахымжановна, медбике Шагирова Зоя және де 8-10 сыныптың қыз балалары.

Алдымен Ерте жүктілік деген не? соған тоқталып өтсек.

Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.

Әңгімемізді бастамас бұрын бейнематералға зер салайық!

Бейнематериал «Жеткіншектер жүктілігі»

Ресми статистикаға жүгіне кетсек, Денсаулық сақтау министрлігінің 2015 жылғы ақпараты бойынша елімізде жылына шамамен он мыңға жуық кәмелеттік жасқа толмаған қыз балалар жүкті болады, соның ішінде қырық пайызы ана атанса, қалғаны жасанды түсік тастату әрекетіне баратыны мәлім екен.

Білгеніңнен білмейтінің көп әлі... маманмен сұхбат.

Жасөспірімдердің жыныстық мәдениетінің өзгеруі көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ), әсіресе, ғаламтор мен теледидардың әсерінен бе? деген ой келеді. Жыныстық тәрбие арнайы оқу бағдарламасына енбеген алайда дәл осы БАҚ ақпарат алудың негізгі қайнар көзі болып табылатыны дәлелденген.

Сұрақ бізден, жауап сізден сұрақ-жауап бөлімі.


   Қорытынды

Жалпы, қазақта «қызды қырық үйден тыю» деген сөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесінен бастаған. Осындай дәстүрдің бәрін жоққа шығарып, демократияны желеу етіп, өркениеттілік осы екен деп, бетімен кету – ол біздің ата дәстүрімізге, жалпы ұрпағымызды тәрбиелеп-өсіруге кері әсерін тигізеді. «Қызға өсиет» көркемсөз.

Оқитындар 9 «А» сынып оқушысы Нұрланова Жазира Ардаққызы Жансая 9 «Б» сынып.

Марапаттау

«Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы» кездесу қонағына «Алғыс хат» тапсыру.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
1100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі