400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертедегі саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы




Өткізген: Имамазам Назымгүл



Сабақ тақырыбы:

Ертедегі саяхат

Мектеп: Б.Момышұлы атындағы жоббм №22

Күні:30.01.18

Сынып:1 «А»


Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: уақытқа қатысты қарапайым терминдерді қолдануды үйрену;


  • Оқушылардың басым бөлігі:Қазақстандағы саяхаттың рөлі туралы ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге үйренy;

  • Кейбір оқушылар: картадан Астананың орналасқан жерін анықтай алy;

  • Астананың негізгі көрікті жерлерін сипаттауды үйренy.

Тірексөздер:

саяхат – путешествие – travel; астана – столица – capitalcity.

Сабақтың мақсаттары:

1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру

1.2.4.2 туристтердің негізгі мақсаттарын анықтау

1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстырады

Жетістік критерийлері

Саяхат туралы өз пікірін білдіре алады.

Термин сөздерді қолдана біледі.

Пәнаралық байланыс

Математика, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым

Сабақ жоспары


Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы




Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру






Өткенді қайталау












Сабақтың ортасы









Оқулықпен жұмыс

- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгінгі дүниетану сабағынан сендерге мен

«Сәлемдесу» ойыны

Бұл ойында қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

- Сақтар деп кімдерді айтамыз?

- Сақтар патшайымы кім?

- Әшекей бұйымдарды қандай металдан жасады?

- Ғұндар қалай өмір сүрді?

- Ғұндар неліктен қоңыс аударып жүрді?

- Ғұндар қандай шаруашылықпен айналысты?



«Миға шабуыл» әдісі.

Бейнеролик арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу мақсатында.Оқушыларға «Алдар көсе» мультфильмін көрсетемін не көргенін, не сезгенін, не естігенін баяндай отырып, сабақтың тақырыбының мазмұнын ашып аламын.

Балалар, біз бүгін Алдаркөсемен саяхатқа шығамыз. Алдаркөсені кім біледі?

Алдаркөсе қулығымен, көңілді мінезімен танымал.

1. Суретке қара.

2. Саяхат дегеніміз не?

Саяхат дегеніміз – адамның өзге елді көру немесе демалу үшін сапарға шығуы. Саяхатқа шыққан адамды турист дейді. Адамдар саяхат кезінде көптеген қызықты, жаңа мәлімет алады. Көрікті жерлермен танысады.

3. Алдар не үшін саяхаттаған?

4. Бұрынғы кезде адамдар қалай саяхаттаған?

Адамдар өте ертеден бастап саяхаттай бастады. Ертеде аңшылар аңдардың артынан, малшылар малға азық табу, ал жер өңдеушілер егін егуге құнарлы жер іздеу үшін орын ауыстырып жүріп, үлкен аумақтарды игерген.

5. Қазір қалай саяхаттайды?

Қазіргі кезеңде саяхаттың рөлі өзгерді. Қазіргі заманғы саяхатшыларды алға итермелейтін білімге деген құштарлық қана емес, сонымен қатар саяхат барысында адамдар жаңа достар табады, жақсы әсер алады. Қазіргі кезде саяхат – бұл негізінен туризм немесе жұмыс бабымен көшу.




Ендеше сендер жан-жақтарыңда ілінген суреттің қайсына саяхат жасауыңды қалайсың, соның қасына жинал. (Теңіз, орман, тау)

- Неліктен сендер бұл саяхатты таңдадыңдар?

Бейнеролик (Саяхат)

Салыстыр

• Астана қаласының суреттерін мұқият қара және салыстыр.

• Қала қалай өзгерген?

• Астананың қандай көрікті жерлерін білесің? Туристерге қайда баруды ұсынар едің?

• Қазақстан картасынан Астананы тап.

Астана - Қазақстанның бас қаласы. Бұл - еліміздегі жаңа қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астанада театрлар, мұражайлар, ескерткіштер көп. Сондықтан Астанаға туристер көп келеді.


Бейнеролик «Астана»




























































Саяхат туралы бейнеролик


Астана қаласының көрікті жерлері



Қазақстанның картасы





Бейнеролик «Астана»

Сергіту сәті

Оқушылар көңілдерін көтеріп, дем алу мақсатында бейнероликтегі биді қайталайды.

Бейнеролик «Көңілді күн»


Дәптермен жұмыс















Топтық жұмыс



Қорытынды









Сабақтың соңы

«Аудармашылар» жаттығуы.Диктофонға бір тілдегі тірек сөздерді жазып алып, оқушыларға тыңдатамын. Оқушылар қайталайды, қалған екі тілдегі нұсқаларын айтады.

Көлік түрлері

Суреттердің астына көліктердің атауын жаз, екі топқа бөл.

Түйе, көлік, ұшақ, арба

Бұрынғы: түйе, арба

Қазіргі: көлік, ұшақ

Не қажет?

Турист үшін аса қажет болатын заттарды қоршап сыз.

Туриске тағы қандай заттар қажет болуы мүмкін?

Суретін сал.


1 топ - Астананың көрікті жерінің суретін салады.

2 топ - Кез келген көлік түрлерін салады.


Бекіту сұрақтары:

Саяхат дегеніміз не?

Турист деп кімді айтамыз?

Астана деген не?

Астана қандай өзеннің жағалауында орналасқан?

Астанада қандай көрікті жерлер бар?


Рефлексия




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі