400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертедегі саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Дүниетану

Сынып:1

Мектеп:

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні :Имантаева Лаззат Есенқызы

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Ертедегі саяхат


Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру.

1.2.4.2 туристтердің негізгі мақсаттарын анықтау.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар орындайды: туризмнің мәнін түсінеді.

Көптеген оқушылар орындай алады: туристік саяхаттың мән мақсатын біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады: өз бетінше туристік маршруттарды анықтай алады.

Бағалау критерилері

-ерте замандаға саяхат туралы біледі.

-туристің кім екенін түсінеді.

-саяхат туралы өз пікірін білдіре алады.

Тілдік мақсат


Оқушылар істей алады:саяхат не үшін қажет екенін біледі, саяхат кезінде көптеген қызықты, жаңа мәлімет алынатынын түсінеді, өз бетінше жұмыс жасауды үйренеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:

Саяхат, Астана,

Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері:

-саяхат дегенді қалай түсінесің?

-адамдар не үшін саяхат жасайды?

-сенің қай қалаға саяхат жасағың келеді?

Құндылықтарды дарыту


Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият. Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді. Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз. Сыйластық, қарым –қатынас, туыстық құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу:оқушылар сурет бойынша әңгіме жүргізеді, сұрақтарға толық, нақты жауап береді, өлең шумақтарын айтады.

Көркем еңбек: Астана қаласын батманға бейнелеу арқылы түрлі түсті қаламды қолданады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Көшеде жүру ережесін сақтай отырып, бағдаршамның ережесіне бағынуын ескертемін. Белсенді іс-әрекет түрлері кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Тапсырмаларды орындау кезінде интерактивті тақтадан ертедегі адам өмірінің суреттерін көрсетемін.

Алдыңғы меңгерілген білім


Ғұндар және олардың тіршілігі туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын.

Оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында шаттық шеңберін орындатамын.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат. Бала, бала, балапан қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, былай-былай ойнат. –балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан тамаша, қандай қуаныш!

Топқа бөлу «сандықтағы сиқырлы сөздер» әдісі бойынша оқушыларды үш топқа бөлемін.


Шатық шеңбері

Сабақ ортасы

5 мин









8 мин
















10 мин





































Сергіту сәті 1 мин








10 мин

Тақырыпты ашу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында

«Миға шабуыл» статериясын бойынша

«Ертедегі адамдар» бейнеролигін көрсетіп, талдату арқылы тақырыпты ашамын.


№1 тапсырма. (ЖЖ) Оқушылардың ой – өрісін арттыру мақсатында «Ауылға хат келді» әдісі бойынша тапсырманы орындатамын.

-Саяхат дегеніміз не?

-Адамдар не үшін саяхаттаған?

-Бұрынғы кезде адамдар қалай саяхаттаған?

-Қазір қалай саяхаттайды?

сұрақтарына жауап беруін тапсырамын.

Дескрипторлар:

-Оқушылар сұрақ бойынша жұмыс жасай алады.

-Сұрақтарға нақты, толық жауап береді.

-Саяхат сөзінің мағынасын түсінеді.

Бағалау.

Оқушылардың білім деңгейін тапсырманы орындау барысында бақылай отырып, гүл арқылы бағалаймын.


№2 тапсырма.(ТЖ) Оқушылардың белсенділік қабілетерін артыру мақсатында «Ойлан- жұптас -бөліс» ойыны арқылы орындатамын.

Үш топқа ертедегі саяхатқа байланысты үш түрлі сурет таратамын. Оқушылар осы суреттер бойынша бұрынғы кезде адамдардың қалай саяхаттағаны жөнінде өз ойларын әңгімелетемін.

Дескрипторлар:

-Саяхат тың негізгі мақсатын анықтай алады

-Туристің кім екенін түсіне алады

-Табиғаттың құпияларын тани алады

Бағалау: Әрбір тапсырманы орындау барысында «Бағдаршам» арқылы бағалаймын.

Оқушылардың қажеттілігін ескере отырып сергіту сәтін орындатамын.

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

№3тапсырма.(ЖЖ). Оқушылардың білім, білік дағдысын байқау мақсатында «Кластер» әдісі бойынша тапсырманы орындатамын.

Астана-Қазақстанның бас қаласы. Бұл-еліміздегі жаңа қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астанада театрлар, мұражайлар, ескерткіштер көп. Сондықтан Астанаға туристер көп келеді.

Үш топқа ватман таратып беремін. Оқушылар өз қиялдарымен Астана қаласының суретін бейнелейді. Тапсырма соңында оқушылар салған суреттерін қорғайды.


Дескрипторлар:

-Астана еліміздің бас қаласы екенін айта алады

-Астанадағы көрікті жерлерді айта алады.

-Оқушылар Астана қаласын сипаттай алады

Бағалау: Әрбір тапсырманы орындау барысында «Басбармақ» әдісі арқылы бағалаймын.




бейнеролик




























Суреттер


Маркерлер










































Карта


Ватман



Маркерлер


Түрлі түсті қағаздар




Сабақтың соңы

3 мин

Оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында «Өрмекші» әдісі арқылы пысықтаймын

1.Күн тәртібі дегеніміз не?

2.Қаламен ауылдың айырмашылығы неде?

3.Отбасында қандай мерекелер бар?

4. Өсімдіктердің түрлерін айт?


Кері байланыс. Алдағы сабақты тиімді жоспарлау мақсатында оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп «Желкен қайық» кестесі арқылы кері байланыс жасаймын.








Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

А-денгей

Суреттердегі болған оқйғаларды өз тілімен айта алады


В-денгей Суреттегі ертедегі көлік түрлерін ажыратады


С-денгей

Туристің кім екенін ажыратып, оған сипатама береді.


Бағалау критерилері


Тапсырма

Дескриптор

Ұпай

ерте замандаға саяхат туралы біледі.


№1 тапсырма. (ЖЖ).

«Ауылға хат келді» әдісі

-оқушылар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі