400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

"Ертедегі саяхат " ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша әдістемелік ресурс
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ тақырыбы:

Уақытқа саяхат

Ертедегі саяхат

Мектеп:

«Алтыншоқы орта мектеп-бақшасы» КММ


Күні :


Мұғалімнің есімі:

Темирбаева Гульмира Мукашевна


СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: уақытқа қатысты қарапайым терминдерді қолдануды үйрену;


  • Оқушылардың басым бөлігі: Қазақстандағы саяхаттың рөлі туралы ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге үйренy;

  • Кейбір оқушылар: картадан Астананың орналасқан жерін анықтай алy;

  • Астананың негізгі көрікті жерлерін сипаттауды үйренy.

Тірек сөздер:

саяхат –астана –– туризм – – турист –жорық


Ресурстар:

Қолбасшы Аттиланың дулығасы, Қазақстанның картасы, саяхаттауға арналған әдемі жерлердің суреттері (5-6), тірек сөздер, «Астана – болашақ қаласы» бейнефильмінің үзіндісі.


Сабақтың мақсаты:

1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру

1.2.4.2 туристтердің негізгі мақсаттарын анықтау

1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстырады


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер



Саяхат дегеніміз – адамдардың айналаны тану, білім алу немесе спортпен айналысу мақсатында белгілі бір аумақ бойынша қозғалысы. Адамдар өте ертеден бастап саяхаттай бастады. Ертеде аңшылар аңдардың артынан, малшылар малға азық табу, ал жер өңдеушілер егін егуге құнарлы жер іздеу үшін орын ауыстырып жүріп, үлкен аумақтарды игерген. Ел билеушілер әскерлерімен аумақ бойынша жылжып отырып, жаңа жерлерді жаулап алу үшін соғыстар ашқан. Кейінірек адамдар айналадағы тірлікті тану, жаңа білімдерді меңгеру үшін саяхаттай бастады.


Ертеде керуен жолдарының жүйесі Ұлы жібек жолы Шығыс пен Батыстың арасын байланыстырып тұрған. Бұл жол Қазақстан аумағы арқылы өткен. «Саяхат» ұғымы Қазақстанның ежелгі тарихында


– көшпенділік өркениетін қалыптастыру мен дамытуда, жаулап алу және қоныс аудару кезеңінде, Ұлы жібек жолы жұмысын атқарып тұрған кезеңде орталық рөл атқарды.


Қазіргі кезеңде саяхаттың рөлі өзгерді. Қазіргі заманғы саяхатшыларды алға итермелейтін білімге деген құштарлық қана емес, сонымен қатар саяхат барысында адамдар жаңа достар табады, жақсы әсер алады. Қазіргі кезде саяхат – бұл негізінен туризм немесе жұмыс бабымен көшу.


Салыстыруды үйрен


  • Астана қаласының суреттерін мұқият қара және салыстыр.


  • Қала қалай өзгерген?


  • Астананың қандай көрікті жерлерін білесің?


  • Қазақстан картасынан Астананы тап.


-Балалар, қазір дүниетану сабағы.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Ертедегі саяхат»

Бүгінгі сабақта ертедегі саяхат туралы білеміз және туристің кім екенін түсінетін боламыз.


1.Оқушыларға шаттық шеңберге тұрғызып,

психологиялық ахуал орнатып аламыз

Менің атым-Бота.

Мен сендерді қызықты саяхатқа шақырамын.

Кел, достарым, бізді қоршаған әлеммен танысайық!

«Пойыз тренингі» (Музыка ойнайды.)


-Соңғы рет қайда демалдың?

-Барған жеріңде не істедің?

-Сен саяхатқа қандай мақсатпен

бардың?

-Сол жерге қандай көлікпен бардың?

- Онда кіммен бардың?

-Өзіңмен бірге не апардың?

- Ол жер саған ұнады ма?


Топтастыру:

Оқушыларды 3 топқа бөлемін.
І топ «Кеме» ІІ топ «Машина» ІІІ топ «Ұшақ».

Сурет қиындыларынан мозайка құрастырады.



-Суреттегі көліктердің қайсысымен саяхатқа шығып көрдіңіз?


Миға шабуыл

-Саяхат дегеніміз не?

– адамдардың айналаны тануы, білім алу немесе спортпен айналысу мақсатында белгілі бір аумақ бойынша қозғалысы

-Адамдар не ұшін саяхаттаған?

-Бұрынғы кезде адамдар қалай саяхаттаған?

-Қазір қалай саяхаттайды?

-Ертедегі және қазіргі заманғы қатынас көліктерін атаңдар.



«Қазақ елі» бейнеролигін көрсету


Мұғалім:

-Бейнероликтен нені көрдіңдер?

-Ертедегі саяхат қандай мақсатта болған екен?

-Саяхат кезінде қандай көлік түрін пайдаланған екен?

-Ендеше елін, жерін жаулардан қорғаған батырларымыз кімдер?

-Өткен сабағымызда танысқан 1 мыңжылдықта өмір сүрген ғұндардың қолбасшысы кім болып еді?

-Атилла

-Иә, Атилла-Еділ батыр

«Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түрікке, одан кейін Алтын Ордаға орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіз Қазақстан болдық »

дейді Елбасымыз.


Рөлдік ойын.

«Сен Аттиласың!» рөлдік ойынын ойнаймыз. Қолбасшы атрибуттарын – Аттиланың рөлінде ойнайтын оқушыға дулыға кигіземіз. Оқушылар 5 сұрақ қояды. Егер «Аттила» жауап бере алмаса, «кеңесші» ретінде таңдап алған топ мүшесінен көмек сұрауына болады.

Ой қозғау сұрақтары:

-Алғашқы адамдар қандай болған?

-Ең алғашқы адамдар қай жерде пайда болған?

-Алғашқы адамдар қалай өмір сүрген?

-Олар қандай жерлерде паналаған?

-Ер адамдар не істеген?

-Әйелдер мен балалар не істеген?

-Біздің ежелгі ата-бабаларымыз кімдер болған?

- Ежелгі ата-бабаларымыз қандай халық болған?

-Сақ патшайымының есімі кім?

-Сақ патшайымы қандай болған?

-Томирис ханшайым кімнен өз жерін қорғап қалған?

-Сақтар қандай көлікпен жүк тасыған?

-Сақтардан кейін біздің жерімізді кімдер мекендеген?

-Ежелгі ата-бабаларымыз немен айналысқан?

-Адамдар өткен заманда қалай саяхат жасаған?

-Қазіргі кезде қандай көлік түрлері бар?


(ҚБ) «Үш шапалақ»


«Қазіргі кезде саяхат – бұл негізінен туризм немесе жұмыс бабымен көшу.

- Туристер дегеніміз кімдер?-

-Туристер саяхатқа қандай мақсатпен шығады?


Топтық жұмыс. «Пирамида» тәсілі

Суреттерге мұқият қараңыз.


-Туризмді және белсенді демалысты бейнелейтін суреттерді анықтаңыз.

-Бос орындарға суреттердің нөмірлерін жазыңыз.

Өзара бағалау «Күлегештер»


-Балалар, бізге қонаққа Алдар көсе келіпті.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Менің атым - Алдар көсе.

-Алдаркөсе деген кім?

-Алдаркөсе қулығымен, көңілді мінезімен танымал. Алдаркөсе —ұлттық кейіпкер, ақылды айлакер, зерделі қу адам. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Ол жақсы істер жасай отырып, кең далада саяхат жасаған.

-Балалар, сендер Алдар көсені қайда саяхатқа шақырар едіңдер?

-

Алдаркөсе:

-Жоқ, балалар, мен көп жерлерге саяхаттадым. Тауға да, көлге де, орманға да бардым. Мен әсем қала Астананы көргім келеді.

Мұғалім:

-Дұрыс айтасың, Астана өте көрікті қала.

-Алдаркөсе сандығыңда не бар?

- «Алтын сандықта» Астанаға билеттер бар.


Жеке жұмыс. «Айналмалы бекет» тәсілі

Жұмыс дәптерінен 38-бетіндегі «Не қажет?» дерек көзімен жұмысты

жақсы орындасаңдар билет таратып беремін.

Суреттерің арасынан туристке қажетті заттарды тауып қоршап сызыңдар. Туристке тағы не қажет болуы мүмкін заттардың суретін салыңдар.

(ҚБ) Билеттер таратады.


Алдар көсе:

-Енді сендермен «Көшпенділер» ойынын ойнайық.

Көш қозғалды.

-Алғашқы адамдар қалай жүреді?

-Қазіргі адамдар қалай жүреді?

-Ер адамдар тамақты қалай тауып жеген?

-Әйел адамдар тамақты қалай тауып жеген?

-Ежелгі адамдар қандай көлікпен жүрген?

-Қазіргі адамдар қандай көлікпен жүрген?

Көш қоныстанды.


Саяхатқа барамыз!


Салыстыруды үйрен. (Кітаппен жұмыс)


Астана – Қазақстанның астанасы. Бұл – еліміздегі әдемі қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астанада театрлар, мұражайлар, ескерткіштер көп. Астана жыл сайын жаңарып, көркеюде.


- Астана қаласы туралы бейнефрагментті көрсетемін


Мұғалім:

Орта ғасырларда қала аумағында, Есіл өзенінің сол жақ жазықтығында Бозоқ қалашығы болған. Бозоқ қалашығы керуен жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан. Бозоқ маңызды саяси және қолөнер орталығы болған. Қала, сонымен қатар, керуендер мен жолаушылардың демалатын және түнейтін орны қызметін атқарған.

Қазақстанның жаңа, замануи астанасын құру идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тән.

Жаңа астананың басты символы - «Бәйтерек» кешені. Қайталанбас архитектуралық ғимараттардың ішінен пирамида пішіндес «Бейбітшілік және келісім сарайын», Пирамиданың төбесі 130 көгершін бейнесі бар үлкен шыны күмбезбен көмкерілген. Бұл көгершіндер – Қазақстан халықтарының нышаны. Әлемдегі ең биік шатыр пішінді ғимарат «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, «Ақ Орда» Президент Сарайы, «Қазақстан» орталық концерт залын, жасыл гулзарлары, түрлі-түсті жолдары, «Ән салатын субұрқақтар аллеясын» атап көрсетуге болады.

Астананың спорт нысандары – 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионы, «Алау» мұз айдыны.


2000 ж бастап Астана әлемнің ең жақсы 30 қалалары тізіміне кірді. Бүгінгі таңда Астанада, бүкіл Қазақстандағы сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері тұрады.


Суретке мұқият қараңыз. Талқылауды үйрен.

Алдар көсе «Алтын сандықтан» 3 топқа Сиқырлы сөздер шашылды.

«бұрын, қазір, болашақта, әсем, көрікті, жаңа, туристер, Астана, пирамида, Елбасы, Ақорда, мерейтой, саяхат, бейбітшілік » сөздерін таратады.


(ҚБ) «Бағдаршам»

Астана қаласының көрікті жерлерін атаңыз.

«Кім жылдам» ойыны.

Бәйтеректің суретін құрастырамыз.

Әр топ өз жұмыстарын таныстырады.

Астана туралы жаттаған тақпақтарын айтады.


(ҚБ) «Бас бармақ» « Ооо! Ууу! Ммм! »


Сен білесің бе?

-1999 жылы ЮНЕСКО көлемінде Астана қаласы

«Әлем қаласы» сыйлығына ие болды.

-Былтыр Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізді.

-Биыл 2018 жылы – елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы.


Мұғалім:

Сен неткен Отан-анам,ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін

Жайнай бер, Ұлы Отаным, Қазақ елім!

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында

«Туған жерге туың тік» деп туған елімізді, жерімізді құрметтеуге шақырады.


Алдар көсенің «Алтын сандықтан»

(ҚБ) даналық кілттерін таратады.


Астанадан ауылымызға ұшақпен ұшып қайтамыз.

Көркем еңбек сабағында жасаған қағаз ұшақтарын ұшырады.


Не үйрендік? Не білдік? Сабақ ұнады ма?



Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру



Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар



Математика. Бейнефильмді тамашалаған кезде Астана қаласының көшелеріндегі көліктерді санайды.

Өнер. Қосымша тапсырмаға суреттер салады. АКТ. Астана туралы бейнефильмді тамашалайды.


Бота қазіргі заманғы саяхат туралы көбірек білгісі келетінін айтыңыз. Оқушылардан қазір кім саяхат жасай алатынын сұраңыз. Үйде қазіргі заманғы басқа да саяхатшылар туралы ойлануын сұраңыз. Жауаптарын сурет түрінде салуды және фотосуреттерін көрсетуді сұраңыз.


Жауабы: Xабарлама, ақпарат, жүктер, тауарлар


Бағалау




Қорытынды бағамдау











1. Музыка.

2. Слайд 1. БОТА .Шаттық шеңбері. ПОЙЫЗ. Музыка.


3. ТОПҚА БӨЛУ. Машина. Кеме. Трамвай.


4. Слайд 2. Сабақтың тақырыбы. Мақсаты.


5. Слайд 3. Көлік түрлері.


6. Видеоролик. «Қазақ елі»


7. Слайд 4. «Атилла» ойыны.

«Сұрақ-жауап» тәсілі. 3 сұрақ. (ҚБ. Үш шапалақ)


8. Слайд 5. Миға шабуыл. Кітаппен жұмыс.


9. Слайд 6. Саяхат дегеніміз не? Картамен жұмыс.


10. Алдар көсе келеді. Жұмыс дәптері. 38 бет.

«Айналмалы бекет тәсілі» (ҚБ. Билет)


11. Сергіту сәті . «Көшпенділер» ойыны. Музыка.


12. Слайд 7. Салыстыруды үйрен.

Ақмола 100 жыл. Астана.


13. Видеоролик. «Астана»


14. Слайд 8. Талқылауды үйрен. Астана суреті.

15.Сандықтан «Сиқырлы сөздер» шашылды. (ҚБ. Бағдаршам)


16. Астана суретін құрастыру.

«Кім жылдам» ойыны. Тақпақ айту. (ҚБ. Бас бармақ)


17. Слайд 9. Сен білесің бе?

18. Слайд 10. Кең байтақ туған жерім. Алтыншоқы.

19. Ұшақ ұшыру. Не білдің? Не ұнады? Не тілейсің?


20. Даналық кілтін тарату. Музыка.

.




























































. Алдаркөсе:

-Жоқ, балалар, мен көп жерлерге саяхаттадым.

Тауға да, көлге де, орманға да бардым.

Мен әсем қала Астананы көргім келеді.

Мұғалім:-Алдаркөсе сандығыңда не бар?

- Менің «Алтын сандығымда» Астанаға билеттер бар.

Жұмыс дәптерінен 38-бетіндегі «Не қажет?» дерек көзімен жұмысты

жақсы орындасаңдар билет таратып беремін.


(ҚБ) билеттер таратады.


Алдар көсе:

-Енді мен сендермен «Көшпенділер» ойынын ойнасам ба деп едім.

Көш қозғалды.

-Алғашқы адамдар қалай жүреді?

-Қазіргі адамдар қалай жүреді?

-Ер адамдар тамақты қалай тауып жеген?

-Әйел адамдар тамақты қалай тауып жеген?

-Ежелгі адамдар қандай көлікпен жүрген?

-Қазіргі адамдар қандай көлікпен жүрген?

Көш қоныстанды

Енді саяхатқа барамыз!

























бұрын қазір



болашақ



әсем көрікті



жаңа турист




Астана Елбасы



пирамида Бәйтерек



Ақорда саяхат



Хан

Шатыр

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
858
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі