400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ертедегі саяхат" Дүниетану 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану сабағынан жазған сабақ жоспарым Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі бастауыш сынып мұғалімдеріне, яғни әріптестеріме керекті материал болады деп санаймын. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану - әрбір ұстаздың шеберлігі. Осы тақырыпты қазіргі заманмен салыстыра, байланыстыра отырып өтсек, алдымыздағы шәкірттеріміздің білім, білік деңгейінің көтерілуіне ықпалымыз тиеді деп санаймын. Осы сабақ жоспарымды өріптестерім пайдаланып жатса, аз да болса қоғамға өз үлесімді қостым деп қуанамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Мектеп: №34 А.П.Чехов атындағы ЖОМ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Елімнің табиғаты Мұғалімнің аты-жөні: Маденова Айгүл

Күні: Сынып: 1

Сабақ тақырыбы

Ертедегі саяхат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

1.2.4.1 Туризмнің мәнін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Барлық оқушылар саяхат туралы айта алады

Көптеген оқушылар: Туризм, саяхат сөздерінің мәнін түсінеді

Кейбір оқушылар: Туризмнің негізгі сипатын анықтай алады

Бағалау критерийлері

  • Туризмнің мағынасын айқындайды.

  • Туризмнің ерекшеліктерін сипаттайды.


Тілдік мақсаттар

Саяхат, көші-қон, қоныстану, Астана тірек сөздерін күнделікті өмірде қолдана алады.

-Ежелгі адамдардың өмірі қандай болған?

-Көші-қон, көшпенді, қоныстану дегенді қалай түсінесің?

-Қазақстан туралы не білесің?

-Қазақстанның бас қаласы қай қала?

-Астана қаласы сендерге несімен ұнайды?

-Саяхат жасау дегенді қалай түсінеміз?


Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» -6.Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған. Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды.


Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек, орыс тілі пәндері


АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты сын тұрғысынан және білікті түрде бағамдау


Бастапқы білім

Ежелгі адамдардың көшіп-қонуы, көшпенділік туралы айта алады.

Ертедегі адамдардың қалай саяхаттағанын түсінеді.

Қазіргі кезде саяхат жасау ұғымы туралы түсінігі бар.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында шаттық шеңберін жасап тұрады.Ортадан қалалардың суретін алып, кезекпен бір ауыз жақсы тілектер айтып, кезекпен бір-біріне береді.Қолдарындағы суреттерге қарап, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау болып 4 топқа бөлінеді.

«10 сөз» әдісі арқылы алдыңғы сабақ пысықталады.

Әдістің мақсаты - есте сақтау дағдысы жетіледі, лингвистикалық құрылымдар арқылы сөздік қорлары ұлғаяды, жаңа терминдерді жаттайды, күнделікті өмірде қолдана алады.

Қала суреттері,

Сабақтың ортасы

Белсенді оқыту әдісі

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Туризмді және белсенді демалысты бейнелейтін суреттерді анықтаңыз. Бос орындарға суреттердің нөмірлерін жазыңыз.

Туризм дегенді қалай түсінесіз? Жұпта ой бөлісіңіз.

Әдістің мақсаты: Берілген суреттерге мұқият қарап, тапсырма бойынша жұмыс істей алады. Сурет бойынша шағын мәтін құра алады.

Дескриптор:

- туризмді бейнелейтін суреттерді ажыратып жазады;

- белсенді демалысты бейнелейтін суреттерді ажыратады;

- туризм ұғымы туралы ой қорытып айтады.

2-тапсырма

«Пазл» әдісі. Төрт топқа араласқан суреттер беріледі. Әр топтан екі бала шығып, еркін аралап жүріп, өз пазлдарын жинап, құрастырады.

Қалыптастырылатын дағдылар: ойлау, шешім қабылдау, бірлескен жұмыс, сөйлеу, шешімдерін дәлелдей алу.

Бұл әдістің мақсаты командалық тапсырма, ақпарат жинақтау құралы, белгілі бір тақырыпқа кіріспе, шешім қабылдау не бір-бірімен ақылдаса отырып ортақ шешімге келуге түрткі болатын тапсырмалар ретінде қолдануға болады. Балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі.

І топқа – көлік түрлері

ІІ топқа – Қазақстан қалалары

ІІІ топқа – Шет елдер

ІV топқа – өткен тақырыпқа қатысты сөздер

3-тапсырма


Суреттегі көліктерге мұқият қараңыз және атаңыз.


Суреттегі көліктердің қайсысымен саяхатқа шығып көрдіңіз?

Қайда бардыңыз? Не көрдіңіз?

Өзіңіздің туристік сапарыңыз туралы жұпта әңгімелеңіз.

Бұл тапсырмада:

-барлық балалар көлік түрлерін ажырата алады;

- кей оқушылар суретке қарап сөйлемдер құрай алады;

-бірнеше оқушы бұл көліктердің қалай жасалатынын, тіпті алғаш қайда пайда болғаны туралы біледі.

Дескриптор:

- көлік түрлерін ажыратады;

- саяхаттау барысында қолданылған көлік түрін атайды;

- өз саяхатының бағытын және барысын сипаттайды.


Туризм, белсенді демалысты бейнелейтін суреттер





















Пазл әдісіне суреттер топтамасы













Қазіргі заман-дағы кең қол-даныстағы көлік сурет-тері

Сабақтың соңы

«Білім ағашы» әдісімен кері байланыс жасау.

Ағаштың тамырына өтілген тақырыпты қалай түсінгенін балалар алмалардың түсімен білдіреді. Қызыл алма – түсіндім, сары алма – толық түсінбедім, жасыл алма – түсінбедім.

Бұл әдістің мақсаты – оқушылардың тақырыпты қалай түсінгенін білу, ойларын ашық айтуға үйрету.

«Білім ағашы» үлкен ағаш суреті

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техника-сының сақталуы

Саралау тәсілі тапсырмалардың үшеуінде де қолданылады. Уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолдануға болады. Осы тәсіл арқылы балалардың ойлау, сөйлеу дағдыларының дәрежесін анықтау, соған байланысты тапсырмалар беремін, оқушыларды көбірек сөйлетуге, тереңірек ізденуге тырыстырамын.

1 тапсырмада оқушылар туризм мен белсенді демалысты ажыратып белгілейді; өз ойын қорытып айта алады.

2 тапсырмада өз тобымен ақылдаса отырып өздеріне берілген тапсырма бойынша пазл құрастыра алады

3 тапсырмада көлік түрлерін ажырата алады;

Суреттерге қарап сөйлем құрай алады;


Осы тапсырмаларды орындау барысында балалардың белсенділігіне және нақты шешім қабылдай алу қабілетіне қарай бағалаймын.

Шаттық шеңбері

1.Сыныпта оқушы-лардың қауіпсіздік ережелерін сақтау.

2.Көліктердің әрқайсы-сының ерекшелігіне байланысты қауіпті жағдайлар болатынын және оны болдырмау жолдарын айту.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
3000
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі