Материалдар / Ертегі әлемі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегі әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Маңғыстау облысының білім басқармасының

Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің

N18 “Мереке” бөбекжайы ЖБҚ МКҚК-ның

директоры:________Н. Р. Жакыпбекова

«___» «_____» 2024 ж




Кіріктірілген іс-әрекет.

Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат»

Мақсаты:

Білімділігі: Ерегідегі кейіпкерлерді атай білу, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйретуді жалғастыру.

Дамытушылығы: Балалардың қойылған сұрақтарғадұрыс жауап беріп сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын артыру. Достық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, ғажайып сәт,әңгімелесу,ойын, сергіту сәті, түсіндіру, сұрақ- жауап, қорытынды.

Көрнекіліктер: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері, себет, сәбіздер,мулляж, ермексаз, ақ қағаз,желім, баялмаған аюдың суреттері, қиылған қасқыр мен түлкінің дене бөліктері.

Сөздік жұмыс: Бауырсақ

Жеке жұмыс: Ақтөреге қасқырдың бейнесін дұрыс жапсыруды үйрету.



Шаттық шеңбер.

Балалар  бүгін бізде өзгеше сабақ, бізге көптеген қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтарымызбен амандасып алайық. Сәлеметсіздер ме!

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге



-Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгінде неше ай бар?

-Қане балалар сол көктем мезгілінің айларын атап беріңдерші?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Күн жылынады,ағаштар бүршік жарады,күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, жауын-шашын мол жауады, Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді.

-Балалар аналарың сендерге үйде қандай нан түрлерін пісіріп береді?

-Тоқаш, тәтті нан, бәліш, бауырсақ.

-Аналарың бауырсақты неден жасайды?

-Ұннан.


Тосын сәт: Есіктен бауырсақ келеді:

Сәлеметсіздерме, балалар! Мені таныдыңдар ма? Менің атым-бауырсақ.

Мен атамнан қаштым,

Мен әжемнен қаштым,

Тыңдамадым атамды,

Тыңдамадым әжемді,

Үйімді де сағындым.


-Балалар мен орманда келе жатып көптеген аңдарға кезіктім.

Аңдардан қашып кетуім үшін әр түрлі тапсырмаларын орындауым керек екен. Сендерден көмек сұрауға келдім. Маған көмектесесіңдер ме?

-Иә,көмектесеміз.


-Балалар, бауырсақ ең алдымен қандай аңға жолығады?

-Қоянға.

-Қоян қандай жануар,ол немен қоректенеді?

-Қоян қорқақ, ұзын құлақты, сәбізбен қоректенеді.

-Олай болса бауырсақты қояннан құтқару үшін қоянның тапсырмаларын орындап берейік.


1-тапсырма. Олай болса бірінші тапсырмамызды ойыннан бастайық. Ойынға екі бала қатысады. Мен жерге сәбіздерді шашамын. Үлкен себетке үлкен сәбіздерді, кішкентай себетке кішкентай сәбіздерді жинаймыз.

Қоянның екінші тапсырмасын орындау үшін орындарымызға жайғасамыз.

2-тапсырма.

- Балалар енді тақтадағы берілген сәбіздерді санайықшы?

- 1,2,3,4,5

-Неше сәбіз екен?

-Ендікері санайық

5,4,3,2,1



-Жарайсыңдар, қоян сендерге рахмет айтып , бауырсақты босатты.



-Келесі бауырсақ қандай аңмен кездеседі?

-Аюмен

-Аю қандай жануар?

-Жабайы жануар.

-Аю қалай жүреді?

-Қорбаңдап жүреді.

-Аю қоянды босату үшін сендерден қонжықтарының суретін толықтырап салып беруін сұрайды .

-Қонжықтың түсі қандай?

-Қоңыр

Дұрыс айтасыңдар. Осы суреттегі қонжықтың суретін саусақ арқылы қоңыр түсті гуашьпен бояу, сендерге суреттерді үлестіріп берейін. Түсінікті ме,балалар?

-Иә.

-Олай болса жұмысымызды бастаймыз.

-Жарайсыңдар, аю сендерге рахмет айтып , бауырсақты босатты.



- Аюдың ашуы басылу үшін әю әніне билеп берейік.

Сергіту сәті. «Аю биі»



-Балалар келесі бауырсақ қандай аңдармен жолығады?

-Қасқырмен және түлкімен.

-Балалар қасқыр мына жолақшаның қай бөлігінде орналасқан?

-Жолақшаның жоғары бөлігінде.

-Қайда қарап тұр?

-Оңға қарап тұр

-Түлкі мына жолақшаның қай бөлігінде орналасқан?

-Жолақшаның төменгі бөлігінде.

-Қайда қарап тұр?

-Солға қарап тұр

-Иә дұрыс айтасыңдар.



- Қасқыр мен түлкінің келесі тапсырмасын орындау үшін екі топқа бөлініп тапсырманы орындаймыз.

- Бірінші топ қасқырдың дене бөліктерін жапсыру керек.

Ақ қағаз бетіндегі қасқырдың сұлбасына қиылған қасқырдың дене бөліктерін үлгі бойынша жапсыру .



-Екінші топ әр балаға түлкінің қиылған бөліктері берілген. Балалар сол бөліктерге бөлінген түлкінің бейнесін сәйкестендіріп құрастыру керек.

Біздің алдын ала үлгіден қиып алып дайындаған түлкінің дене бөліктерін біріктіре отырып, тігінен солдан оңға қарай үлгідегідей етіп құрастырамыз.

-Жарайсыңдар, қасқыр мен түлкі сендерге рахмет айтып , бауырсақты босатты.



-Балалар, мен сендерге ризамын. Жұмысты ұқыпты және мұқият орындайды екенсіңдер. Мені қояннан, аюдан, қасқырдан,түлкіден құтқарып қалдаңдар. Көмектерің үшін сендерге көп рахмет.

Сендерге алғысымды білдіріп әжемнің пісірген тәтті бауырсақтарын сыйға тартамын.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!