жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертегі әлеміне саяхат
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:08.02.2018 ж
Білім беру саласы:Коммуникация, шығармашылық.
Бөлімдері: Көркем әдебиет, сурет.
Өтпелі тақырып:Ертегілер елінде
Тақырыбы: Бауырсақпен саяхат.
Мақсаты: Ертегілерді еске түсіріу.Тілдерін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
Білімділік:Ертегі құрылымын ойын арқылы бекіту.
Дамытушылық:Балалардың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін,шығармашылығын дамыту
Тәрбиелік:Балаларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: саяхаттау,әңгімелеу,көрнекілік,ойын,мнемокесте, дәстүрден тыс сурет салу әдісі, денсаулық технологиясы.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері,жыл мезгіліне арналған мнемокесте, қағазға сызылған дөңгелек бауырсақтың үлгісі,түрлі-түсті бояулар, сулы сулық,ойыншықтар.
Блингвальды компонент: ертегі-сказка, бауырсақ-колобок
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
І.Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер Қол ұстасып қане біз, Достасайық бәріміз. Қайырлы күн жан досым! Жылуыма жылу қос Міне менің қолым. |
Балалар өлеңді қайталап, қимылмен келтіреді. |
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
ІІ.Негізгі бөлім. -Балалар бүгін бізде ерекше сабақ. Біз «Бауырсақ» ертегісінің желісімен саяхатқа шығамыз.(Музыка ойналады.) Осы кезде Бауырсақ шығады. Бауырсақ сендерден көмек сұрай келіпті. Бауырсақ ата-әжесінен қашып келе жатып адасып қалыпты. Ендеше Бауырсаққа көмектесейік. Бауырсақпен бірге саяхатқа барайық. Келе жатқанда алдынан қоян шығып: Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін –дейді. Егер сен менің тапсырмамды мына балаларға орындатсаң, мен сені жіберемін -дейді. Тәрбиешіші: Балалар Бауырсаққа көмектесейік. Қоян:Мына тақтадағы жыл мезгілдерін сипатта деген тірек сызба арқылы маған қыс мезгілін сипаттап берсін. Ал ендеше тақтаға бір бала шыға қойсын.
Тәрбиеші: Бауырсақпен саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Бір кезде алдарынан қасқыр шығады. Қасқыр: Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін! Сен қайда бара жатырсың? Мына сенімен жүрген кімдер? Менің сендерге беретін тапсырмам бар, сол тапсырмамды толық орындап берсеңдер, мен сені жіберемін. Бауырсақ: Жарайды, қасқыр, біз сенің тапсырмаңды орындаймыз. Тәрбиеші: Балалар дайынбыз ба? Қасқырдың тапсырмасы: 1.Ойыншықтарды сипаттап бер. 1.Доп . 2.Аю. 3. Машина. Қасқыр: Жақсы, Бауырсақ, мен сені балалармен бірге жіберемін. Тәрбиеші: Балалар саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. ( Осы кезде алдарынан аю шығады.) Аю: Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін! Сен қайда бара жатырсың? Мына сенімен жүрген кімдер? Менің сендерге беретін тапсырмам бар, сол тапсырмамды толық орындап берсеңдер, мен сені жіберемін. Бауырсақ: Жарайды, аю, біз сенің тапсырмаңды орындаймыз. Тәрбиеші: Балалар дайынбыз ба? Аюдың тапсырмасы: Балалар сендер менімен бірге аңдар акробатикасын орындап бересіңдер ме? Тәрбиеші:Кәне балалар орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті Аңдар акробатикасы 2. Дидактикалық ойын: "Жақсы – жаман" Мақсаты: Балаларға қоршаған ортадағы заттар мен нысандардың жақсы және жаман жақтарын ажыратуға үйрету. Ойын ережесі: Заттың жағымды және жағымсыз қасиеттерін айтады. Кәмпит жеген - жақсы. Неге? Себебі, ол тәтті. Кәмпит жеген- жаман. Неге? Себебі, тісің ауырады. Ережесіне қарай сұрақтар беріледі: "Бір нәрсе жақсы - неге?", "бір нәрсе жаман - неге?". Блингвальды компонент: ертегі-сказка, бауырсақ-колобок Аю: Жақсы, балалар менің барлық тапсырмамды жақсы орындап берді. Ендеше Бауырсақ мен сендерді жіберемін. Тәрбиеші:Балалар енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.(Осы кезде алдарынан түлкі кездеседі.) Түлкі: Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін! Сен қайда бара жатырсың? Мына сенімен жүрген кімдер? Менің сендерге беретін тапсырмам бар, сол тапсырмамды толық орындап берсеңдер, мен сені жіберемін. Бауырсақ: Жарайды, түлкі , біз сенің тапсырмаңды орындаймыз. Тәрбиеші: Балалар дайынбыз ба? Түлкінің тапсырмасы: Маған сурет салып берсеңдер мен бауырсақты босатамын. Тәрбиеші: Балалар, біз бауырсақтың суретін дәстүрден тыс әдіспен саламыз.Балаларға сурет салу әдісін көрсетіп,түсіндіру. «Алақанмен сурет салу» Балалардың ең сүйіп салатын суреттерінің бір түрі- өз қалаулары бойынша шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін алақанның көмегімен сурет салу. (Кейбір балаларға көмектесу.) Түлкі: Рақмет, Бауырсақ,сен балалармен менің тапсырмамды жақсы орындап бердіңдер, сол үшін мен сені үйіңе жіберемін. Келесі жолы үйіңнен қашатын болсаң, мен сені жеп қоямын. Бауырсақ: Рақмет Түлкі батыр, мен енді ешқашан үйден қашып кетпеймін. |
Балалар орындықта отырып тәрбиешіні тыңдап отырады.
Бауырсаққа көмектесуге саяхатқа барады.
Балалар мнемокесте арқылы 1-сурет: (Бала көрсетіп айтады.) Қыста күннің көзі болады, бірақ жер бетін жылытпайды. 2-сурет: Аспан бұлтты болады. 3-сурет:Қыста өсімдіктер өспейді, тіршілік тоқтайды. 4-сурет: Қар жауады, қардың түсі ақ және ол суық, үлпілдек. 5-сурет: Адамдар қалың киім киеді. 6-сурет:Жануарлар қорек іздейді. 7-сурет:Қыста құстар ұша бермейді. 8-сурет:Қыста қардан аққала жасаймыз.
Иә, дайынбыз. Балалар қасқырдың тапсырмасын орындайды. Балалар ӨТШМ әдісі бойынша сипаттап береді. 1.Доптың түсі қызыл, ол рәзеңкеден жасалған, пішіні дөңгелек және үлкен, ол домалайды, секіреді. 1. Доптың түсі қызыл, ол рәзеңкеден жасалған, пішіні дөңгелек және үлкен, ол домалайды, секіреді. 2.Аю кішкентай, түсі қоңыр, құлағы қысқа, ол дала жануары,ол жұмсақ матадан жасалған. 3. Машинаның түсі жасыл, ол қатты, пластмассадан жасалған, ол кішкентай.
Иә, дайынбыз. Иә, білеміз.
Балалар аю туралы тақпақты айтып, қимылмен келтіріп бойларын сергітеді.
Балалар ойынға белсене қатысады.
Балалар саяхатты жалғастырады.
Сөздерді қайталайды.
Иә, дайынбыз.
Балалар тәрбиешіні тыңдап, сосын жұмысқа кіріседі.
Қардың түсі ақ.
Балалардың өзіндік жұмысы. |
|
Рефлексивті-түзетушілік |
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар,балалар. Міне балалар Бауырсаққа көп көмек көрсеттіңдер.Өздеріңнің ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Осымен Бауырсақпен саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық. Қорытындылау: Сендер саяхатқа қайда бардыңдар? Біздер кімге көмектестік? Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір-біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтайық. Қоштасу шеңбері: Қол ұстасып
тұрайық, |
Өткен сабақтарды естерімізге түсірдік. Бауырсаққа көмектесу үшін саяхатқа бардық. Тапсырмаларды орындадық.
Қоштасу шеңберіне тұрады,іс-қимыл арқылы өлең жолдпрын қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Білу:тапсырмаларды орындау кезінде ұйымшылдықты танытты.
Игеру: кейіпкердің мінез-құлықтарын ажырата отырып,
жақсы мен жаманды ажырата
алады.
Меңгеру: дидактикалық ойындар арқылы есте сақтау
қабілетін дамытып, ойлау қабілетін
арттыруды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген