жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ертегі арқылы балалардың тілін дамыту"
Болашақтың базары да, келешектің — кемеңгері де балалар емес пе? Саналы, өскелең ұрпақ тәрбиелеу-әрбір тәрбиешінің міндеті. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор. Кеше ғана аяғын аттап басқан жас сәбидің алғашқы рет қоғаммен араласуы балабақшадан басталады. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан –жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.
Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ертегінің алатын ролі өте зор. Ертегі – қай халықтың фольклорында да ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімн, арман арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та ол баланың ой қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастырады. Ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айырықша көңіл бөлген жөн.
Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» мемуарлық кітабында «Ертегісіз өскен бала-рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға ертегіні ата-аналары айтып бермейді. Ал бесікте жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын» -деген екен. [1]
Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол. Бала тұлғасының интеллектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру кеңістігінің басты міндеттері болып табылады. Қиял-біздің өміріміздің бір қыры. Көз алдымызға елестетіп көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса, ғажайып өнер туындылыры, түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді. Балалардың дамуы үшін ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек. Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншақтық пен сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды.
_________________________________________________________________
Ертегілер құрамы жағынан әр алуан. Ертегіні әр түрлі әдіс –тәсілдерді қолдана отырып, балаға жеткізе білу керек. Ертегіні баяндай отырып, мұңаюға, шаттануға үйретеміз, оқиғаларымен қызықтырып, ой-қиялын дамытамыз, оны баяндауға жетелеп, тілін дамытамыз, адамгершілікке,
кішіпейілділіккке, қамқорлыққа тәрбиелейміз. Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер балалардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала — үздік бала, себебі жоғарыда аталғандар — жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ.
Бұл турасында атақты педагог Сухомолинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат қағып бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық»,- деп атап көрсеткен.[2]
Ертегі арқылы мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту жолдарын әрбір педагог өз тәжірибесінде түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қарастырады. десек, бұл орайда мен сіздермен осы мәселе төңірегінде ой бөліскім келіп отыр.
Мектепке дейінгі жасөспірім бала тілін дамытуда сахналық қойылым ерекше рөл атқарады. Сахналық қойылым әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.Балалар рөлге енеді, көркемдік оқу әдісі, кейіпкер бейнесін сомдауы, сөйлеу мәнері, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Сөйлеу логикасы мен дикциясын, дұрыс артикуляциясын меңгере біледі, тілі дамиды.
Мысалы,қазақ халқының «Шықбермес Шығайбай мен Алдар Көсе», «Ауру арыстан», орыс халқының «Шалқан», француз жазушысы
Шарль Перроның «Қызыл телпек» ертегілерін сахналағанда топ балалары кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін жасауға тырысты.
Осы қойылымдар арқылы ертегіге деген қызығушылықтары артып, ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық жолға бір қадам жасады. Сонымен қатар балаларға ертегі әңгімелеген кезде ертегілердегі кейіпкердің мінез-
құлқына, дауыс ырғағына, қимылдарына балалардың назарын аудартып,
бар ынтасымен тыңдауын қадағалаймын. Ертегіні сахналай отыра ең
бастысы бала диалогтық қарым-қатынастың не екенін, оны қалайша әсерлі жеткізу керектігін ұғынды, нәтижесінде мәнерлі жеткізе білді.
Театр – бұл өмір. Батыс Еуропаның көптеген елдерінде театрға қатысты газет-журналдарды әрбір жанұя жаздырып алдырып, балаларын аптасына бір рет театрға апарады екен. Себебі театр балаларды әсемдікке, мәдениеттілікке баулиды. Бұл,әрине,үлгі аларлық жағдай.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде қуыршақ театрының алатын орны ерекше. Балабақшаға театр келеді немесе балалар біз қуыршақ театрын тамашалаймыз дегенді естісе, балалар оны көргенше тағатсыздана күтеді.Сондықтан мен балаларымның театрға деген қызығушылығын балабақшадағы шағын ғана қуыршақ театры арқылы жүзеге асырамын.
Мысалы, «Үйшік», «Шалқан», «Бауырсақ» т.б ертегілерін балалар қуыршақтарды сөйлету арқылы жүзеге асырып, өздерін үлкен театр сахнасында жүргендей сезінді. Әрбір қуыршақтың сөзін нақышына келтіртіп дыбыстату арқылы мен оларды таңғажайып ертегі әлеміне сүңгіттім, көңілдерін көтердім, балалардың сөздік қоры молайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың тағы бір жолы-
бейнеролик арқылы жұмыс. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген қағидаға сүйенсек, бала бейнеролик арқылы ертегіні экраннан тамашалай отырып, жүйелі ойлауға және ойын нақты жеткізе білуге, ертегі құрылымын жалғастыра таба білуге үйренеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген